Ұлы Дала аумағындағы мемлекеттіліктің қалыптасуы мен көшпелі және отырықшы мәдени аймақтардың өзара қатынастарының алғашқы кезеңдері
Автор: sherizatovat • Февраль 3, 2023 • Контрольная работа • 1,700 Слов (7 Страниц) • 2,832 Просмотры
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ
ҒЫЛЫМ МИНИСТІРЛІГІ
ӘЛ-ФАРАБИ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ
«Экономика және бизнес жоғары мектебі»факультеті
«Менеджмент және басқару» кафедрасы
[pic 1]
СӨЖ
Тақырыбы: Ұлы Дала аумағындағы мемлекеттіліктің қалыптасуы мен көшпелі және отырықшы мәдени аймақтардың өзара қатынастарының алғашқы кезеңдері (б.з.д. ІІІ ғасыр – б.з. ІІ ғасыры)
Оқытушы: Ноянов Е.Н
Студент:Шеризатова Т.А
Мамандығы: менеджмент к1
Алматы, 2023 ж.
Жоспар:
- Ұлы Дала аумағындағы көшпелі өмір салтының қалыптасуы
- Көшпелі және отырықшы шаруашылық арасындағы байланыс
- Қазақстан аумағындағы ежелгі мемлекеттердің қалыптасуы
- Қорытынды
Алғашқы қауымдастық кезінде аңшылық, терімшілік негізгі шаруашылық көздері болды. Кейін еңбек құралдары дами келе егіншілік, малды қолға үйрету қалыптасты. Қазақстан аумағының табиғи және климаттық ерекшеліктері жергілікті тұрғындардың шаруашылық түрінің қалыптасуына ежелден-ақ тікелей әсер еткен. Ежелгі тұрғындар тіршілік ортасының өзгеруіне қарай біртіндеп егіншіліктен малшаруашылығына көше бастады. Шамамен б.з.б. ІІ мыңжылдықтың соңындағы қуаңшылық жағдайында егіншілікпен айналысу тиімсіз болды. Қазақстан аумағының басым бөлігін шөлейт жерлер алып жатыр. Күн радиациясы өте жоғары, қуаңшылық жиі орын алып отырады.
Су көзі мен жайылымдық жерлердің тапшылығы, аумақтағы өсімдіктердің жеткіліксіздігі табиғи мал азығы қорының тарылуына әкелді. Жер құнарлығы төмендеп, эрозияға ұшырау қаупі артты. Біртіндеп мал басының саны көбейді. Мұның бәрі адамның өмір сүру ортасына икемделді. Ол көшпелі малшаруашылығының орнығуына алып келді. Ұлы Далада егіншілікке аса тиімді балама ретінде көшпелі малшаруашылығы дамыды.
Алайда, көшпелі мал шаруашылығы Қазақстан аумағында толықтай жүргізілмеді. Кейбір өңірлерде көшпелі шаруашылықпен қоса егіншілік те қоса қалыптасты. Көбінесе Оңтүстік Қазақстан жерінде қалыптасты. Дала өркениетінде Қазақстанның кең байтақ жерінде отырықшылық және қала мәдениетінің дамуы ежелден ерекшеленген. Көшпенділер қоғамында қалалар мен қамалдар Сырдария, Талас, Шу, Іле, Ертіс, Есіл, Жайық өзендерінің аңғарында, көлдердің жағасында, таулардың бөктерінде, сауда жолдардың бойында жайғасқан.
Отырықшы және көшпелі өмір салтының арасындағы байланыс екі жақты тиімді болды. Көшпелілер отырықшы халықтардың бір-бірімен мәдениет алмасуына, олардың бірінен екіншісіне мәдени үдерістердің ауысуына себепші болды. Мал өнімдеріне мамандандырылған көшпелілер егіншілік өнімдерін, қолөнер бұйымдарын отырықшылардан алса, отырықшылар мал өнімдерін, кейбір қолөнер заттарын, қолөнерге қажетті шикізаттарды көшпелілерден алып отырды. Атап айтса, жылқыны қолға үйрету, ат әбзелдері, көшпелілердің қару-жарақтары отырықшы мемлекеттердің назарын өзіне аударды. Осылайша, екі түрлі өмір салтын ұстанатын халықтар арасында байланыс оранды. Сауда-саттық, кейбір кездерде қарулы қақтығыстар да орын алды. Дегенмен, отырықшы өмір салтының көшпелілер өміріне, көшпенділердің отырықшы халықтың тұрмысына деген әсері зор болды.
Қазақстан аумағындағы ежелгі мемлекеттердің қалыптасуы сақ, сармат, ғұн тайпаларымен тікелей байланысты болып табылады.
Археологиялық мәліметтер бойынша сақ тайпалары Қазақстан аумағын б.з.б. VII-IV ғғ. мекендеген. Сақ тайпалары әр түрлі аталған. Сақтарды ежелгі грек авторлары «Азиялық скифтер», парсы ескерткіштерінде «Құдіретті еркектер», Иран жазбаларында «Жүйрік атты турлар» деп атаған. Сақтарда негізінен әскери демократия болды. Сақтардың құрамына көптеген тайпалар кіреді. Олардың нақты санын белгілеу мүмкін емес, грек деректерінде – даилар, массагеттер, исседондар, т. б., парсы деректерінде – сақ-хаомоварга, сақ-тиграхауда, сақ-парадарайа деп аталады.
Бүкіл тайпа мүшелері сайлаған тайпа көсемі – бас қолбасшы болды. Олар тайпаны да басқарып отырды. Әр көсем өз тайпасының қарумен, азық-түлікпен қамтамасыз етілуін қадағалады, тайпа атынан келіссөз жүргізіп немесе келісімге келіп отырды. Тайпа одақтарының көсемдері ру мен тайпа арасында жайылым және көшуге қажетті жер бөлу ісімен айналысып, осы жерлерді пайдалану ережесін анықтады. Сонымен қатар олар жер дауын шешіп, рулар мен тайпалар арасында қақтығыс туып кетпеуін қадағалады.
Сақ тайпаларына байланысты археологиялық ескерткіштер Қазақстан аумағының барлық жерлерінен кездеседі. Сақтардың өмір сүрген аумақтары көбінесе өзен аңғарлары маңайында болған. Көбінесе Жетісу және Орталық, Оңтүстік және Шығыс Қазақстан аймақтарында кездескен. Сақтардың өмірі, тқрмысы, мәдениеті туралы мол мәлімет беретін археологиялық ескерткіштер қатарына «Есік» обасы, «Бесшатыр» қорымы және т.б жатады. «Есік қорғаны» - алғашқы «алтын адам» табылғандығымен әйгілі. «Алтын адам» сол замандағы өмір туралы мәлімет беретін ең құнды жәдігер болып саналады. Қару – жарағы, әшекейлер, киіміндегі салынған суреттердің барлығы сақтардың дүниетанымын сипаттайды. Мысалы, бас киімініің маңдайшасында алтыннан жасалған мүйізді, қанатты жылқы бейнеленге, ал екі шетінде тау сілемдері, барыс және таутекелер бейнелленген. Сақтардың мәдениетінің ең басты ерекшелігі «Аңдық стиль». Б. з. б. VII ғ. Батыс Сібір, Қазақстан, Еділ бойы және Еуропаның оңтүстігіндегі далалы аймақтар өнерінде аңдық стиль пайда болды. Оның басты тақырыбы аңдар мен аңыздардағы құбыжықтарды суреттеу еді. Мұндай бейнелермен қола қазандар, әр түрлі құрбандық заттары, қару-жарақтар, ат әбзелдері мен киімдер әшекейленді..
...