Түркітану ғылымының қалыптасуы мен дамуы; «Күлтегін», «Тоңықұқ» ескерткіштерінің аударылуы және жариялануы
Автор: Meruert Sovetova • Февраль 13, 2019 • Эссе • 4,965 Слов (20 Страниц) • 2,720 Просмотры
Қазақстан Республикасының білім және ғылым минстрлігі
Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті
[pic 1]
Факультеті:Филология және әлем тілдері
Кафедрасы: Қазақ әдебиеті және әдебиет теориясы
CӨЖ
Тақырыбы: Түркітану ғылымының қалыптасуы мен дамуы; «Күлтегін», «Тоңықұқ» ескерткіштерінің аударылуы және жариялануы.
Орындаған: Советова М.Н
Тексерген: Сағындықов Н.Б.
Алматы – 2018
ЖОСПАР:
I.Кіріспе.....................................................................................
II.Негізгі бөлім
2.1. Түркітану ғылымына жалпы шолу.......................
2.2. Тастағы жазудың тарихы........................................
2.3. Көне түркі жазба ескерткіштері................................
2.4. Орхон ескерткіштерінің жариялануы......................
III. Қорытынды........................................................................
IV. Пайдаланылған әдебиеттер..............................................
I.Кіріспе
Түркі филологиясының, яғни көне жазба мәдениетіміздің, жұмбақ сырлары ұшан-теңіз. Өзге түрік халықтары секілді қазақтың да жазу тарихы әріден басталатыны, жазудың алуан түрлерін басынан кешкендігі белгілі. Соңғы елу бес жылдың ішінде Қазақстандағы түркі эпиграфикасы саласындағы айтарлықтай жетістік – Ертіс, Шу, Іле, Талас, Сыр, Жайық өзендері бойынан біршама көне руникалық жазудың бар екені анықталып, оны зерттеуге бет бұру нәтиже бере бастады.
Жазба ескерткіштерді зерттеу тілдің тарихын және қоғамдық рухани мәдениетін терең тануға мүмкіндік туғызады.
Біздің елімізде және шетелде түркітанудың негізгі даму кезеңдері бірқатар көрнекті түрколог ғалымдардың ( М.Қашқари, Ш.Уәлиханов, В.Радлов, В.Томсен, В.Банг, П.Мелиоранский, Ф.Корш, А.Самойлович, С.Малов, Н.Дмитриев, В.Насилов, Ә.Марғұлан және т.б.) ғылыми еңбек жолдарымен айқындалады. Мысалы, В.В.Радловтың ғұламалығы мен ғылыми еңбектерінің мәні ерекше зор. Оның ғылыми жолы үлкен өнеге көрсетерлік: 1) Батыс Сібір тайпаларының тілі, ауыз әдебиеті және этнографиясы бойынша бай материал жинауы; 2) Қазандағы ғылыми – педагогикалық еңбегі; 3) Петербургте «Түркі тілдерінің сөздік тәжірибесін»жариялауы. Солардың ішіндегі ең маңыздылары – қазіргі түркология мен түркі филологиясының негізі қалауы.
Менің жұмысымның негізгі бөлімінде сіздер жалпы түркология ғылымының дамуы мен қалыптасуына шолу жасап, ежелгі түркі тайпаларының көне жәдігерлері жөнінде мағлұмат алатын боласыздар. Ежелгі түркілердің арғы-тегі саналатын сақтар туралы, олардың қаһармандық дастандары мен тарихи тұлғаларына көз жүгіртесіздер. «Көне түркі жазба ескерткіштері» деп аталатын бөлімде Түрік қағанаты, Орхон жазбалары ондағы ежелгі этностар туралы деректер, осы мәселелер төңірегінде соңғы жылдары көрінген зерттеулер сөз болады.
II.Негізгі бөлім
2.1. Түркітану ғылымына шолу
Жазба ескерткіштерді ғылыми – зерттеу –- қоғамның рухани мәдениетінің тарихын, тілін терең танып, байыпты білуге жол ашады. Осы тұрғыдан қарасақ, түркітану ғылымының өнімді бір саласы – түркі филологиясы дербес пән болып қалыптасты. Оның зерттеу объектісі – әртүрлі түркі жазба мәтіндерінің ертеден бүгінге дейін жасалған нұсқаларындағы тілдік, графикалық ерекшіліктерін анықтап, мәдени, әдеби және тарихи мәні мен мазмұнын көрсету екені аян.
Түркі халықтарының әлденеше ғасырға созылған жазу дәстүрі мен жазба тіл тарихын сөз еткенде, ең алдымен, тілге тиек болатыны – көне түркі жазу ескерткіштері. Мұндағы көне түркі руникалық (Орхон – Енисей) алфавиті графикалық жүйелілігі жағынан аса бай және жетілген жазу болды. Көне түркі руникалық жазу ескерткіштерінің кең қанат жайған аймағы – Оңтүстік Сібір, Моңғолия, Қазақстан мен Қырғызстанның кең жазиралы далалары мен тау шатқалдары. Сөз болып отырған жазу нұсқаларының екі жүзден астамы тасқа қашалған, ал ондаған нұсқасы түрлі қорымдардан табылған металл,күйдірілген сазбалшықтан жасалған бұйымдарға ойылса, сондай-ақ сирек те болса ағаш пен сүйек сияқты заттар да қолданылған. VII – IX ғасырларда көне түркі тайпалары руникалық жазуды кең түрде пайдаланған.
...