Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Ұжымды қалыптастыру кезеңдері мен заңдары

Автор:   •  Декабрь 10, 2018  •  Реферат  •  2,017 Слов (9 Страниц)  •  2,632 Просмотры

Страница 1 из 9

Мазмұны

І. Кіріспе…………………………….........................................................3

ІІ. Негізгі бөлім……………………………...............................................5

    1. Ұжымды қалыптастыру кезеңдері мен заңдары……………….5

    2. Мектептегі тəрбие ұжымының құрылымы………………………8

    3. Ұжымдағы өзін-өзі басқару. Ұжымдық іс-əрекетті 

            ұйымдастыру …………………………….......................................9

ІІІ. Қорытынды……………………………..............................................11

ІV. Пайдаланылған əдебиеттер……………………………....................12

Кіріспе

Латынның  «collectives» деген сөзі «жиын», «ұжым», «топ» дегенді білдіреді. Осыдан коллектив, яғни ұжым – бұл адамдар тобы. Нақтылағанда – оның əрекеттің түріне байланысты адамдардың тобы деп түсінген дұрыс.

Дегенмен, қандай да бір топты «ұжым» деп айтуға болады ма? Əрине, ол олай емес. Қазіргі педагогикалық əдебиеттерде «ұжымды» екі түрде түсіндіреді. Біріншісі, қандай да бір ұйымдасқан адамдар тобы (мысалы, өндірістегі адамдар тобы), екіншісі, тек жоғары деңгейде ұйымдасқан адамдар тобы немесе бірлестік.

            Оқушылар ұжымына келсек, оның өзіндік белгілері бар. Атап айтсақ:

  • Жалпы əлеуметтік маңызы бар ортақ мақсаттың болуы.
  • Əрекет етуде өзара бірлескен іс-қимылдың болуы.
  • Өзара қарым-қатынаста жауапкершіліктің болуы.
  • Ортақ сайланған басқару ұйымның болуы

           Ұжымды қалыптастырудың жоғарыда аталған белгілерінен басқа тағы да өзгешеліктері болуы мүмкін.  Бұл белгілер ұжымның ішкі қалыптасу құрылымы мен психологиялық жай-күйдің жəне əрбір мүшесінің бір-бірімен өзара қарым-қатынасының көрінісі немесе өлшемі ретінде сипатталады.

Мектеп ұжымы құрылымындағы ең тұрақты ұжым болып – сынып ұжымы есептелінеді.  Соның негізінде оқушылардың негізгі оқу əрекеті жүзеге асады. Тек сынып ұжымында ғана оқушылар арасында өзара байланыс жəне қарым-қатынастың алғышарттары пайда болып, берік қалыптасады.

Олай болса оқушылар ұжымы деп, ортақ əлеуметтік маңызы бар мақсатқа біріккен, соған сай белсенді əрекет ететін жəне ортақ сайланбалы ұйымы бар, барлық мүшелерінің құқықтары мен міндеттері бірдей жəне өзара жауапкершілікке негізделген оқушылар тобын атаймыз.

Тəрбие ұжымына тəн белгілер:

  • Тəрбие ұжымы балалар өмірінің мазмұнын құрайтын бірлескен іс-əрекетті, оқуды, еңбекті, қоғамдық саяси іс-əрекетті жəне қызығушылықтарына байланысты əртүрлі жұмыс түрлерін біріктіреді.
  • Тəрбие ұжымының нақты құрылымы болады. Мекте ұжымы педагогикалық ұжым жəне балалар ұжымынан тұрады.
  • Тəрбие ұжымының басқару органы жалпы жиын, оқушылардың əртүрлі ұйымдарының кеңесі болады.
  • Тəрбие ұжымдарының бар өмірі мен іс-əрекеті саналы тəрбиеге, режимді орындауға негізделеді.
  • Тəрбие ұжымдарының балалардың көңіл-күйін көтеретін жақсы қарым-қатынас  стилі үстемдік етеді.
  • Еңбек ұжымдарын тығыз ынтымақтастық байланыс жасау, тəрбие ұжымын жалпы халықтық іске араласу тəжірибелерін, еңбек дəстүрлерін байытады.
  •  Тəрбие ұжымы үнемі дамуда болады. Оның өмірлері мен іс-əрекетінің мазмұны күрделеніп құрылымы басқару органдарына жетілдірілп отырады. Мүшелердің қоғамдық белсенділігінің тəртіп деңгейі артып, пайдаланылатын дəстүрлер көбейеді жəне еңбек ұжымының байланысы нығаяды.

Ұжымды қалыптастыру кезеңдері мен заңдары

Педагог оқушылар тобындағы жағдайды аңғара білуі тиіс. Оқушылар ұжымын қалыптастыру жұмысы үнемі үздіксіз жүргізіліп отыруы қажет. Ұжымның күнделікті дамып жетіліп отыруы жеке тұлғаның қалыптасуына барынша ықпал етеді. Сондықтан да тəрбиеші ұжымның тəрбиелік деңгейін арттырудыы көздеп, дамытып отыруы абзал. А.С. Макаренко ұжымның қалыптасуын үш кезеңге бөледі.

...

Скачать:   txt (30.8 Kb)   pdf (292.4 Kb)   docx (23.9 Kb)  
Продолжить читать еще 8 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club