Құқықтық білім беруде іскерлік ойындарды қолданудың мәселелері
Автор: Биболат Куанткан • Май 6, 2019 • Курсовая работа • 18,678 Слов (75 Страниц) • 537 Просмотры
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ | 3 | |
1 | ҚҰҚЫҚТЫҚ БІЛІМ БЕРУ ЖҮЙЕСІНІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗІ | 7 |
1.1 | Білім беруде құқық сабағын оқытудың мәні, әдістемесі және қызметі | 7 |
1.2 | Құқықтық білім берудің мақсаты мен міндеттері | 13 |
1.3 | Құқықтық білім берудегі шетел тәжірибелері | 18 |
2 | ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ ОРТА ЖӘНЕ АРНАЙЫ ОРТА БІЛІМ БЕРУ САЛАСЫНЫҢ ДАМУЫН БАҒАЛАУ | 27 |
2.1 | Орта және арнайы орта білім беру жүйесінің қазіргі жағдайы | 27 |
2.2 | Құқық сабағын оқытуда қолданылатын инновациялық технологияларды талдау | 43 |
3 | БІЛІМ БЕРУДЕ ҰЙЫМДАСТЫРУШЫЛЫҚ-ҮЙРЕТУШІЛІК ОЙЫНДАРДЫ ҚОЛДАНУДЫ ЖЕТІЛДІРУ ЖОЛДАРЫ | 59 |
3.1 | Құқықтық білім беруде іскерлік ойындарды қолданудың мәселелері | 59 |
3.2 | Құқық сабағында жаңа технологияның тиімділігін арттыру бағыттары | 78 |
ҚОРЫТЫНДЫ | 83 | |
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ | 86 | |
ҚОСЫМШАЛАР | 90 |
[pic 1]
КІРІСПЕ
Білім беру саласының барлық жағына жан-жақты көзқарас, жаңаша қарым-қатынас, жаңаша ойлау қалыптасуда. Қазір дәстүрлі білім беруде білім алушының тек пәндік білім, білік, дағдылардың белгілі жиынтығын меңгеруге ғана бағытталудан басқа, олардың жеке басының дамуына, тұлға ретінде қалыптасуына көңіл бөліп отыр.Республикамызда білім берудің жаңа жүйесі жасалып, әлемдік білім беру кеңістігіне енуге бағыт алуда. Осы мәселелерді жан-жақты зерттеп қарастыру диплом жұмысының өзектілігі болып табылады.
Қазіргі кездегі қарқынды жүріп жатқан жаһандану үрдісі әлемдік бәсекелестікті күшейте түсуде. Елбасы Н. Ә. Назарбаев Қазақстанның әлемдегі бәсекеге қабілетті 50 елдің қатарына кіру стратегиясы атты жолдауында «Білім беру реформасы – Қазақстанның бәсекеге нақтылы қабілеттілігін қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін аса маңызды құралдарының бірі » деп атап көрсетті [1]. Қазақстандағы қолданылып отырған білім беру жүйесіндегі әр саланың қосатын үлесі зор, Ата заңымызда Қазақстан Республикасының құқықтық мемлекет деп жарияланған, сол себепті құқықтық білімнің алатын орны ерекше [2].
Құқықтық мемлекет құрудың жолдарының бірі ол құқықтық саналы ұрпақ тәрбиелеу, яғни жас жеткіншектерден басталады, себебі еліміздің болашағы солардың қолында. Ғылыми педагогикалық әдебиеттердің талдауы жеке тұлғаның құқықтық білімін елдегі құқықбұзушылықтармен күресу ісіндегі алдын-алу шарасы бағытында ғана қарастырмау керектігін көрсетеді. Мектеп қабырғасындағы құқықтық білімді біз кең мағынасында демократиялық құқықтық мәдениеттің қажетті шарты деп есептейміз. Дегенмен тақырып бойынша қарастырылған әдебиеттердің талдауы құқықтық білімнің келесі құндылықтары мен басымдылықтарын көрсетеді: білім алушының өз құқықтары мен бостандықтарын біле отырып, басқа тұлғаның құқықтары мен бостандықтарын бұзбай, оларды жүзеге асыру, өзінің іс-әрекетіне таңдауына жауап беру білу қабілетін қалыптастыру, өмірдің тиімді жолдарын өз бетімен шешуге үйренуіне, қолайсыз көріністерге бой алдырмауға жетелей отырып алған құқықтық білімін тәжірибеде қолдану, нәтижесінде құықтық мемлекетті жаңғыртатын ұрпақ болу. Жоғарыда келтірілген басымдылықтар мен құндылықтар білім алушылардың оқу процесіндегі өздерінің белсенділіктерін арттыратын жаңа әдістемені қажет етуде.
...