Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Қазақ ертегілері арқылы тірек-қимыл аппараты зақымдалған бастауыш сынып оқушыларының ауызша сөйлеу тілін дамыту

Автор:   •  Декабрь 21, 2022  •  Реферат  •  1,522 Слов (7 Страниц)  •  258 Просмотры

Страница 1 из 7

Қазақ ертегілері арқылы тірек-қимыл аппараты зақымдалған бастауыш сынып оқушыларының ауызша сөйлеу тілін дамыту

Кез келген мемлекеттің өркендеуі онда өмір сүретін халықтың білім деңгейімен және денсаулығымен бағаланады. Қазіргі таңда мүмкіндігі шектеулі тұлғалардың қоғамнан тыс қалмауына біздің мемлекет тарапынан жіті көңіл бөліне бастады. Мүмкіндігі шектеулі азаматтардың мәселелерін шешу және әлеуметтік жағдайын жақсарту – мемлекетіміздің әлеуметтік саясатының басым бағыттарының біріне айналды. Бүгінгі таңда білім беру жүйесінде мүмкіндігі шектеулі балаларға айрықша орын бөлінген. Қазақстан Республикасының «Кемтар балаларды әлеуметтік және медициналық-педагогикалық түзеу арқылы қолдау туралы» заңы мүмкіндігі шектеулі балаларға көмек көрсетудің тиімді жүйесін жасауға, Қазақстан Республикасының «Білім туралы» заңында белгіленген тәртіппен білім беруге, оларды тәрбиелеуге, еңбекке және кәсіби даярлау ісіне байланысты проблемаларды шешуге, кемтарлықтың алдын алуға бағытталған. Қазіргі кезде әлеуметтік көмекке мұқтаж болып отырған және түрлі сырқаттарына байланысты әр түрлі кемістіктері бар, созылмалы ауруларға шалдыққан балалардың саны күннен-күнге көбейіп келеді. Бұлардың қатарында тірек-қимыл аппараты зақымдалған балалар да бар. Көптеген жылдар бойы тірек-қимыл аппараты зақымдалған бастауыш мектеп жасындағы оқушылар арнайы мамандардың, яғни мұғалімдер, психологтар, логопедтер мен дәрігерлердің ерекше назарында болып отыр. Тірек-қимыл аппараты зақымдалған балалардың даму ерекшеліктеріне байланысты білім беруде арнайы мекемелерде оңалту, білім беру мен тәрбиелеу жүйесі құрылды. Қазіргі арнайы педагогиканың өзекті мәселесінің бірі мектеп жасына дейінгі тірек-қимыл аппараты зақымдалған бастауыш мектеп жасындағы оқушылардың ауызша сөйлеу тілін дамыту. Себебі, тірек-қимыл аппараты зақымдалу кезінде 80%-ға дейін ауызша сөйлеу тіліндегі кемшіліктер кездеседі. Тірек қимыл аппараты аппараты зақымдалған бастауыш мектеп жасындағы оқушылардың ауызша сөйлеу тілінде жиі кездесетін кемшіліктер: дизартрия, анартрия [1].

Дизартрия дегеніміз сөйлеу мүшелерінің инервациясының жеткіліксіздігіне байланысты сөйлеу тілі дыбыстардың айтылу кемістіктері. Дизартрияның басты көріністеріне сөйлеу тілі дыбыстардың бұзылуы, дауыстың пайда болуындағы кемістіктері, сонымен бірге сөйлеу шапшаңдығындағы, сарынындағы өзгерістер жатады.

Анартрия – дизартияның ауыр түрі. Дизартрия – сөйлеу үшін қолданылатын бұлшықеттерді үйлестіре немесе басқара алмаған кезде пайда болатын моторлы сөйлеудің бұзылуы. Дизартриямен ауыратын адамдар әдетте сөйлейді немесе баяулайды. Анартриясы бар адамдар сөйлеуді мүлде айта алмайды. Жағдай әдетте ми жарақатының немесе инсульт немесе Паркинсон ауруы сияқты неврологиялық бұзылыстың нәтижесі болып табылады.

Анартрия тілді түсіну немесе дұрыс сөздерді табу проблемасы емес. Анартриясы бар адамдар сөйлеуді қалайды, бірақ олар сөйлеу бұлшықеттерін бақылауды жоғалтты. Анартриямен зардап шеккен бұлшықеттерге ерін, ауыз, тіл, дауыс қатпарлары және диафрагмадағы бұлшықеттер кіруі мүмкін.

Тірек қимыл аппараты зақымдалған бастауыш мектеп жасындағы балалардың ауызша сөйлеуін дамыту мақсатында қазақ ертегілерін қолдану жақсы нәтижеге жеткізеді. Сонымен қатар балалардың қызығушылығы артып, сөзік қоры, шығармашылық қабілеті дамиды.

Ертегілер әрқашанда қазақ халқының өмірінде маңызды рөл атқарып келген. Себебі, ертегілердің мазмұнында халықтың тұрмыс тіршілігі салт-дәстүрі, әдет-ғұрпы, бүкіл болмысы, адамдардың өзара қарым-қатынасы, мінез-құлқы т.б. бейнеленген. Ұрпақ тәрбиесінде ең тиімді тәрбие құралы ретінде ертегілер тілі жеңіл, түсінуі оңай болғандықтан, ертегілердің балаларға отансүйгіштік, еңбексүйгіштік, т.б. тәрбиелер беруде ғана емес, олардың ауызша сөйлеу тілін дамытуда да атқарар қызметінің маңызы өте зор. Ертегілер бастауыш мектеп оқушыларының ой-өрісін жетілдіріп, Отанын сүюге, елін қорғауға, өнерді игеруге, жалпы адамгершіліктік құндылықтарды бойына сіңіруге септігін тигізеді. Сонымен қатар баланың сөздік қорын молайтуда да қызметі өте зор. Ал сөздік қоры мол, тілі дамыған бала - жақсы үлгілердің негізі. Ой өрісі дамып, сөздік қоры молайған баланың айтар ойы да, істер ісі де өнегелі болмақ.

...

Скачать:   txt (23 Kb)   pdf (124.6 Kb)   docx (208.2 Kb)  
Продолжить читать еще 6 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club