Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Қазақстанның білім беру проблемалары мен перспективалары

Автор:   •  Май 8, 2018  •  Курсовая работа  •  8,422 Слов (34 Страниц)  •  5,635 Просмотры

Страница 1 из 34

Кіріспе

Зерттеу өзектілігі: «Елдің дамуы оның білім беру жүйесі арқылы бағаланатын болады»-деп Елбасы айтқандай, шынында да білім беру бүгінгі таңда үлкен капиталға айналу үстінде.

Білім-тоқтаусыз, толассыз үрдіс. ХХІ ғасыр білімін адамның қызығушылықтарының дамуы, оның өзінің дамуы деп түсіну ләзім. Бұл-әр адамның өзін-өзі жасампаздықпен қайта құра алуы, қоғамдық талаптар тұрғысынан өзіне сыни баға бере алуы, айналаны өзгертуге қатыса алуы. Білім арқылы адамның интеллектуалдық, рухани күші артып, тұлғалылығы қалыптасады.

Жыл сайын білім жүйесін дамытуда түрлі шаралар өткізіліп, оның дамуына күш салынуда. Мәселен, он екі жылдық білім жүйесі, білім беру бағдарламасына енгізілген тың өзгерістер. Қазіргі кезде балаларды жан жақты дамытуға, олардың болашақ Қазақстанды құру жөніндегі үмітін қанағаттандыру үшін істеліп жатқан игі істер аз емес. Бүгінгі таңдағы балабақша мәселесі, түрлі статустағы мектептер, атап айтатын болсақ, «Дарын», «ҚТЛ», «Жас дарын», орта мектептерде білім беру жүйесі реформаларда көрсетілген істерді жүзеге асыруда. Еліміздің жоғары оқу орындары кредиттік технология бойынша білім беруде. Жақсы жетілген кадрларды даярлап, бәсекеге қабілеті бар мамандарды даярлау алдағы мақсаттардың көрінісі.

Дегенменде , еліміздің білім беру жүйесіндегі проблемалар әлі де болса өз шешімін таба алмай келе жатыр.  Қазіргі білім жүйесінің басты кемшілігі оның білім жиынтығын беруге бағытталғандығында ғана емес, сол білім мазмұнының шашыраңқы, қазіргі өркениеттің өзгермелі сипатына, ғылыми жаңалықтарға, тез жетілдіріп өндіріске еніп жатқан жаңа технологияларға сәйкес дер кезінде жаңарып, жетіліп, бейімделіп отыруға қабілетсіз, консервативті, орталықтандырылған, жабық және шектеулі түрде болуында деп есептеймін.  Жоғары дамыған елдер қатарына жету үшін жоғарыдан беріліп жатқан барлық ұсыныстарды түбегейлі зерттеп, өзімізге қажетті жерлерін алуымыз керек. Оның бәрі білімге тірелетіні бәрімізге белгілі.

Курстық жұмыстың мақсаты: жоғарыда айтылған мәселелермен қатар, қазіргі кездегі істелініп жатқан істер, олардың проблемаларымызды қаншалықты шеше алатындығы жөнінде, сонымен қатар перспективаларымыз төңірегіндегі істерді толығымен қарастырып, тақырыпты ашу.

Курстық жұмыстың міндеті:

  • Қазақстандағы білім беру саласының қазіргі жағдайы және перспективалары жайлы жан-жақтызерттеу жұмыстарын жүргізу;
  • Қазақстандағы білм беру саласындағы проблемаларды анықтау;
  • анықталған проблемалардың шешу жолдарын ұсыну;
  • қазіргі кезде жүргізіліп жатқан реформалардың рөлін анықтау.

Зерттеу пәні: педагогика

Зерттеу нысаны: білім беру проблемалары мен перспективалары.

Зерттеудің болжамы: Егер мемлекет білім беруді дамытудың 2016 – 2020 жылдарға арналған бағдарламаны толығымен жүзеге асырса, білім беру жүйесінің перспективалары ашылады және қазіргі кездегі оқытуда өзекті болып жатқан проблемалар шешіледі.

Зерттеудің әдісі: бақылау, байқау, салыстыру, саралау, аналитикалық шолу, сұрақ-жауап.

Зерттеу көздері: тақырыпқа байланысты әдебиеттер, бұқаралық ақпарат, интернет желісі, газет-журналдар.

Курстық жұмыстың құрылымы: кіріспеден, екі бөлімнен, қорытындыдан, пайдалынылған әдебиеттер тізімінен тұрады.

I Тарау.Қазақстанның білім беру проблемалары мен перспективалары

1.1 Қазақстан Республикасындағы білім беру саласының қазіргі жағдайы және перспективасы

Әр адамның күнделікті тіршілігіне ерекше өзгеріс енгізе қоймаған қоғамнан кетіп, жаңа ғасыр өз өмірімізде жаңа бір дәуірдің басталғанын мойындатуда. Көкжиегімізде көрініп тұрған нұрлы болашағымызға жету жолдарының жақсы нышандары бүгінгі қоғам тіршілігінің әртүрлі салаларынан көрініс табуда. Солардың бірі-әлеуметтік орны мен ақпараттар қызметінің салмағы жағынан ерекше болып табылатын білім беру жүйесі. Олай дейтініміз бұл саладағы әрекет қоғамның бір жеке мүшесінің тағдырына қатысты емес, еліміздің ертеңгі күнгі әлеуметтік күшіне, тұрмыс деңгейіне, өркениеттілігіне әсер ететін кешенділігімен сипатталады. Сондықтан білім беру саласында қоғамның әрбір мүшесінің назарынан тыс қалмайтын мәселелер төңірегінде түбегейлі өзгерістер жасалуда. Руханилық пен адамгершілікке негізделген, демократия мен гуманизм ұстанымдарына сәйкес, білімнің жаңа сапасын қамтамасыз ететін реформаларды жүзеге асыру қоғамның дамуын ілгерілететініне күмандануға болмайды.

...

Скачать:   txt (123.1 Kb)   pdf (517.3 Kb)   docx (129.6 Kb)  
Продолжить читать еще 33 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club