Қазақстанның этникалық құрамының дамуы мен географиясы
Автор: BekaUti • Декабрь 20, 2022 • Курсовая работа • 3,590 Слов (15 Страниц) • 245 Просмотры
Қазақстанның этникалық құрамының дамуы мен географиясы
МАЗМҰНЫ
Кіріспе.............................................................................................................3
1 Қазақстанның географиялық орны мен шекаралары..........................4-8
1.1 Қазақстанның географиялық орны...........................................4
1.2 Қазақстанды экономикалық-географиялық тұрғыдан шолу..6
2 Қазақстанның табиғатының зерттелуі.....................................................9-14
2.1 Қазақ жері туралы ерте кездегі географиялық мағлұматтар.9
2.2 Қазақстан территориясын табиғи-географиялық тұрғыдан зерттеу......................................................................................................9
2.3 Қазақстанды физикалық-географиялық тұрғыдан зерттеу.....10
2.4 Қазақстан табиғатының кеңес дәуірінде физикалық – географиялық тұрғыдан зерттелуі........................................................13
3 Қазақстанның халқы және еңбек қоры. Табиғат жағдайлары..........15-25
3.1 Табиғат жағдайлары мен табиғат байлықтары............................15
3.2 Халықтың орналасу географиясы.................................................16
3.3 Қазақстанның халқы және еңбек қоры .....................................20
Қорытынды.......................................................................................................26-27
Қолданылған әдебиеттер тізімі.......................................................................28
Кіріспе
Қазақстан — бізідің кіндік кескен жеріміз, туған еліміз. Каспийден Алтайға дейін, Алатау мен Қаратаудың жоталарынан Батыс Сібір ойпатына дейін созылып жатқан кең-байтақ өңір —біздің Отанымыз. Ата-бабамыз оны біз үшін, болашақ ұрпақ үшін жаудан қорғап, ғасырлар бойы аялап келген. Біздің өлкемізде төбесі бұлттан асқан биік таулар да, ұшы-қиырсыз дала да, тіпті теңіз деңгейінен төмен жатқан ойпаттар да бар. Көп жері шөл, шөлейт болып келеді. Қалың шалғындар мен ну ормандар да аз емес. Шалқар көлдері, сарқырап аққан өзендері байлық көзі болып табылады. Миллиондаған гектар егін, мыңғырған мал өсіріледі, жер қойнауы қазынаға толы. Республикамыз бүгінде пайдалы қазбалар қоймасы деп орынды аталып жүр. Осы байлық арқасында ол отын-энергетика өнеркәсібінің ірі орталығына айналды.
Біздің өлкеміздің географиясын оку барысында оның табиғаты мен байлығы жайында көбірек білуге болады, сондай-ақ оларды тиімді пайдалану және корғау мәселелерімен танысуға мүмкіндік бар. Барлық адамдардың міндеттері — осы өлкенің өткені мен қазіргі жағдайын оқып білу, сол білгенді халык кәдесіне, игілігіне айналдыруға даяр болу керек.
1 Қазақстанның географиялық орны мен шекаралары
1.1 Қазақстанның географиялық орны
Қазақстанның географиялық орны. Қазақстан территориясының көлемі 2717,3 мың шаршы км, яғни бұрынғы КСРО-да Ресейден кейінгі екінші орын алатын. Территориясы жағынан Қазақстан көптеген ірі шет мемлекеттерден асып түседі. Мысалы, республика территориясына Ұлыбритания, Франция, Испания, Германия, Австрия, Голландия және Жапония мемлекеттері сыйып кетер еді.
Республиканың халқы 14 млн. 953 мың 126 адам (1999 ж.), бас қаласы - Астаиа.
Қазақстан Еуразия материгінің ішкі жағына орналасқан. Тынық мұхит пен Атлант мұхитынан, сондай-ақ Үнді мұхиты мен Солтүстік Мұзды мұхиттан бірдей дерлік қашықтықта жатыр. Оның мұхиттардан шалғай жатқандығы әрі территориясының орасан үлкендігі климатына әсер етеді. Қазақстан батысында — Еділдің төменгі ағысынан, шығысында - Алтай тауларының етегіне дейін 3000 км екі сағаттық белдеуді басып өтеді. Солтүстікте — Батыс Сібір жазығынан оңтүстікте Қызылқұм шөлі мен Тянь-Шань тау жүйесіне дейін 1600 км-ге созылып жатыр.
Республика жерінің солтүстік нүктелері (55"26; с. е.) Шығыс Еуропа жазығының орталық бөлігі мен Британия аралдарының оңтүстік ендігіне, ал республиканың оңтүстік нүктелері (40°56' с. е.) Кавказ сырты мен Оңтүстік Еуропаның Жерорта теңізі өңіріндегі елдердің ендігіне сәйкес келеді. Сөйтіп, республиканың географиялық орны оның территориясының табиғат жағдайларын анықтайды. Қазақстан қоңыржай белдеудің орта және оңтүстік ендіктеріне орналасқан. Дәл сол ендіктердегі Шығыс Еуропа жерлері қоңыржай континенттік климатымен, ал Батыс Еуропа жерлері субтропиктік климатымен ерекшеленсе, Қазақстан территориясы құрғақ және қатаң континенттік климатымен ерекше көзге түседі. Қазақстан табиғатының бір шетінің екінші шетінен айырмашылығы үлкен, мысалы, оңтүстікте тау етектерінде шие мен өрік гүл атқан кезде, республиканың солтүстігінде әлі суық, боран соғып тұрады.
...