Тұлға қалыптасуына орай тәрбиелік жұмыс салалары
Автор: mensulu123 • Апрель 3, 2019 • Курсовая работа • 9,418 Слов (38 Страниц) • 437 Просмотры
Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі
Ақмола облысы білім басқармасы жанындағы
«Көкшетау қаласы, (қазақ тілінде оқытылатын)
Ж.Мусин атындағы педагогикалық колледжі» МКҚК
Педагогика, психология және
жеке пәндер әдістемесі кафедрасы
КУРСТЫҚ ЖҰМЫС
ОҚУ-ТӘРБИЕ ҮРДІСІНДЕГІ ТӘРБИЕНІҢ МАҢЫЗЫ
Мамандық атауы: 0111083 «Негізгі мектептің шетел тілі мұғалімі»
Пәні: Педагогика
Орындаған: Секенова Менсулу
Ғылыми жетекшісі: п.ғ.м. Сабитова Т.Б
Курстық жұмысты қорғаған бағасы ______________
Кафедра меңгерушісі ________________ п.ғ.м. Батанасова Б.Е
Хаттама № ____ ____ ____________ 20___ ж.
Көкшетау, 2017 ж.
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ..................................................................................................................3
І НЕГІЗГІ БӨЛІМ. ТӘРБИЕ ЗАҢДЫЛЫҚТАРЫ МЕН ҚАҒИДАТТАРЫ
1.1. Тұлға қалыптасуына орай тәрбиелік жұмыс салалары...............................4
1.2. Біртұтас педагогикалық үдерістегі тұлға қалыптасуының бастау көзі – отбасы тәрбиесі.....................................................................................................14
1.3. Тұлғалық тәрбие үдерісіндегі оқу-үйретімді жеке-дараландыру
мәні.........................................................................................................................21
1.4. Қиын оқушылармен жұмысты ұйымдастыру әдістемесі............................24
ҚОРЫТЫНДЫ.......................................................................................................28
ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ...........................................................29
ҚОСЫМШАЛАР...................................................................................................30
КІРІСПЕ
Курстық жұмыстың өзектілігі: Қазіргі таңдағы тәрбие үрдісіне тоқтала отырып, жеке тұлға бойындағы ұлттық тәрбиені зерттеу, білім мен тәрбие арқылы адам бойына ұлттық құндылықтарды қалыптастыру. Тұлғаны тәрбиелеудегі әдіс-тәсілдерді қолдану. Тәрбие заңдылықтары мен қағидаттарын, отбасы тәрбиесінің жалпы принциптерін, тәрбиесі қиын оқушылардың ерекшеліктерін ескере отырып тұлғаны жан-жақты дамыту жақтарын қарастыру. Отбасы тәрбиесінің бала өміріндегі алатын орнын зерттеу. Мектеп, балабақша, жоғарғы оқу орны болсын студенттермен тәрбие жұмыстарын ұйымдастырудың негізгі формаларын ұйымдастыру жолдарын қолдану.
Зерттеу жұмысының мақсаты: Заман талабына сай интеллект тұлғаны қалыптастыру мақсатында ізденіс жүргізу. Қоғамда өз орнын табатын, бойына білім мен ұлттық тәрбиені сіңірген тұлғаны қалыптастыру.
Зерттеу жұмысының міндеттері:
- Оқытуда тәрбие мен оның мақсаттарын анықтау;
- Баланың нәтижелі тәрбие алуының жағдайларын талдау, қолдау көрсету;
- Қиын оқушылармен жұмысты ұйымдастыру әдістемесін зерттеу;
І НЕГІЗГІ БӨЛІМ. ТӘРБИЕ ЗАҢДЫЛЫҚТАРЫ МЕН ҚАҒИДАТТАРЫ
- Тұлға қалыптасуына орай тәрбиелік жұмыс салалары
Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә.Назарбаевтың еліміздің тәуелсіздігі күніне орай «Қазақстан-2050» стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыт-бағдары»» атты тақырыпта кезекті халыққа жолдауында - 2050 жылы әлемнің ең дамыған 30 елінің қатарына кіру мәселесін алға тарта отырып, «оған қажеттінің бәрі - ресурстарымыз, білімді адамдар, ұйысқан ұлт, бәрі бар», - деп атап көрсете келе негізгі бағыттарды инновациялық дамуға жағдай жасау, білімнің маңыздылығын жоғарылату, Қазақстанның өндірісін дамытудың жаңа кезеңінің жоспарын жасау, индустриалды-инновациялық даму, Еуразия экономикалық одағын құру, мемлекеттік активтерді басқару жүйесін модернизациялау, Қазақстан азаматтарының құқықтарын сақтауға, этникалық және тілдік белгілері бойынша азаматтардың дискриминацияға ұшырамауы, қазақ тілінің мәртебесін көтеру және тілдердің үштұғырлылығын дамыту, жаңа қазақстандық патриотизм – біздің көпұлтты және көпконфессиялы қоғамымыз табысының негізі елімізді қуатты да табысты мемлекетке айналдыру деп атап көрсетеді. Қазіргі таңда қоғамның интеллектуалды әлеуетін қалыптастыруға байланысты көптеген ғылыми-зерттеу жұмыстары жүргізіліп отыр.
...