Әйелдер құқықтарын қорғау мәселесі
Автор: kunan • Февраль 13, 2018 • Курсовая работа • 20,131 Слов (81 Страниц) • 1,896 Просмотры
МАЗМҰНЫ
Кіріспе .........................................................................................................................4
1 Әйел құқықтарының шығу тарихы .................................................................7
1.1 Орта ғасырдағы әйелдердің құқықтық жағдайы................................................7
1.2 Дәстүрлі құқық нормалары бойынша Қазақстандағы әйелдердің
құқықтық жағдайы…................................................................................................14
2 Әйелдер мен еркектер теңдігі немесе гендерлік
саясат..........................................................................................................................23
2.1 Гендерлік саясаттың пайда болу негізі..............................................................23
2.2 Ерлер мен әйелдердің тең құқықтарының және тең
мүмкіндіктерінің мемлекеттік кепілдіктері............................................................25
2.3 Экономикадағы гендерлік теңдікке қол жеткізу..............................................32
2.4 Қоғамдық-саяси өмірде гендерлік теңдікке қол жеткізу.................................34
3 Әйелдер құқықтарын қорғау мәселесі ............................................................37
3.1 Әйел құқықтарын қорғаудың жалпы сипаттамасы..........................................37
3.2 Әйелдердің құқықтарын қорғау ұйымдары......................................................41
3.3 Әйелдердің құқықтарын қорғау тәсілдері.........................................................46
Қорытынды .............................................................................................................62
Пайдаланылған әдебиеттердің тізімі...................................................................65
Кіріспе
Жұмыстың жалпы сипаттамасы: Қай қоғам болмасын әйелге күллі жақсылық пен парасаттылықтың қайнар бұлағы деп қараған. Ата-бабаларымыз да әйелді құрмет тұтқан. Содан да болса керек, ұрпақ тәрбиесін әйел - анаға жүктеген.
Бұл туралы Елбасымыз «Әйел отбасы мен қоғамда құрметке ие болғанда - еліміз үшін алаңдамауға болады», - деп сенім білдірген еді. Бүгінде бүкіл дүниежүзі деңгейінде әйелдер қозғалысы күшейген сыңайлы. Оған жер-жерлерде түрлі конференциялар мен форумдардың өткізілуі дәлел. Аталмыш шаралардың күн тәртібінен әйелдердің қоғамдық-саяси, экономикалық, әлеуметтік өмірге қатысуы, еңбек саласында орын алған теңсіздік, өз денсаулықтарын сақтау мен білімдерін жетілдіру мәселелері ешқашан түскен емес. Ендеше, дәл осы жағдайлар тәуелсіз елімізде қалай шешілуде? Әйел құқығы бізде қалай сақталып отыр?
Елімізде әйел, отбасы мәселесі мемлекеттік саясаттың басты бір бөлігі болып табылады. Оның жарқын көрінісі - Президенттің жанынан Отбасы және гендерлік саясат жөніндегі ұлттық комиссияның құрылуы. Комиссия жұмысының басымдығы ретінде отбасы, әйелдер мен ерлердің теңдігі, әйелдер арасында кәсіпкерлікті, отбасы институтын дамыту мәселелері қаралған. Әйелдер құқығының қорғалуы жөніндегі нормалар мұнымен шектеліп қоймай, бірқатар құқықтық актілер қазірде заңды күшіне енген. Солардың бірегейі 2003 жылы қабылданған «Қазақстан Республикасындағы гендерлік саясат тұжырымдамасы» болып табылады. Тұжырымдаманың негізгі бағытында да әйелдер мен ерлердің тең құқығы мен еркіндігі, әйелдердің саясатқа, экономикаға араласуы, оларды жұмыспен қамту, отбасы проблемалары және зорлықтан қорғау мәселелері белгіленген.
Елімізде әйелдер құқығының қорғалуына 1995 жылдан баса назар аударыла бастады. Осы жылы Елбасы Отбасы және әйелдер істері жөніндегі ұлттық комиссияны құрды. 2002 жылы Адам құқықтары жөніндегі өкіл лауазымы енгізілді. Гендердік саясатты айшықты бейнелеу үшін елімізде «Қазақстанның әйелдері мен ерлері» жинағы шығарылып, отбасы, әйелдер мүдделерін қорғау үшін Парламентте «Отбасы» депутаттар тобы құрылды.
Бұл шаралардың барлығы дерлік әйелдердің құқықтары мен мүдделерін қорғауға бағытталып отырғаны анық. Еліміздің заңдарында да әйелдердің құқықтары мен мүдделері ерекше айшықталған. Қылмыстық кодексте адам өмірі мен денсаулығын, ар-ожданын қорғау, әйелдер мен ерлердің еңбек рыногындағы құқықтары мен мүмкіндіктері сияқты қағидаларды бұзғаны үшін, сондай-ақ әйелдерді кемсіту мен зорлау қылмыстарының кез келген түріне жауаптылық жан-жақты тәптіштеп беріледі. Сонымен қатар Қылмыстық кодексте әйелдерге қатысты жазаларға шектеулер қойылған.
...