Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Специфика дистанционной технологии обучения в образовательном процессе

Автор:   •  Март 15, 2022  •  Статья  •  1,566 Слов (7 Страниц)  •  256 Просмотры

Страница 1 из 7

Қашықтықтан оқыту технологиясының  ерекшеліктері

А.Шайхолла

3 курс студенті

Ғылыми жетекшісі: аға оқытушы, Б.Сатпаева

Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті

e-mail: b.satpaeva@gmail.com

Түйіндеме. Мақалада білім беру процесінде қашықтықтан оқыту технологиясының ерекшілігі зерттелген. Қашықтықтан оқыту – білім алушы мен педагог қызметкерінің жанама (алыстан) немесе толық емес жанама өзара іс-қимылы кезінде ақпараттық-коммуникациялық технологияларды және телекоммуникациялық құралдарды қолдана отырып жүзеге асырылатын оқыту болып табылады.

Аннотация. В статье исследуется специфика дистанционной технологии обучения в образовательном процессе. Дистанционное обучение-Обучение, осуществляемое с применением информационно-коммуникационных технологий и телекоммуникационных средств при косвенном (дистанционном) или неполном косвенном взаимодействии обучающегося и педагогического работника.

 Abstract. The article examines the specifics of distance learning technologies in the educational process. Distance learning is a training carried out using information and communication technologies and telecommunications tools in indirect (remote) or incomplete indirect interaction between a student and a teacher.

Кілттік сөздер: қашықтықтан оқыту, онлайн, оффлайн, вебинар, технология.

Ключевые слова: дистанционное обучение, онлайн, оффлайн, вебинар, технологии.

Key words: distance learning, online, offline, webinar, technology.

Қарқынды дамып келе жатқан қоғам жағдайында білім беру процесінде қашықтықтан оқыту формаларын қолданудың өзектілігі жыл сайын артып келеді.

Қашықтықтан оқытуды дамыту қажеттілігі білім беру қызметінің көптеген бағыттарында байқалады: кәсіби қайта даярлау курстарынан бастап жоғары кәсіптік білім алуға дейін, негізгі білім беру бағдарламасы аясында қолданудан бастап, сабақтан тыс уақытта қашықтықтан білім беру технологияларын қолдануға дейін.

Бүгінгі таңда білім беру жүйесінің алдында тұрған маңызды міндеттердің бірі-әр баланың жеке ерекшеліктерін ескеру. Бұл мәселені шешуге ықпал ететін құралдардың бірі-қашықтықтан білім беру технологияларын қолдану.

Алдымен «қашықтықтан оқыту» деген ұғымға тоқталатын болсам, қашықтықтан оқыту – адамның білім алуға және ақпарат алуға деген құқықтарын іске асыратын үздіксіз білім беру жүйесі нысандарының бірі ретінде мамандардың негізгі қызметін атқара жүріп білімін, біліктілігін арттыруға мүмкіндік береді.

Қашықтықтан оқытуды ұйымдастырудың 3 түрлі формасы бар: онлайн (синхрондық), оффлайн (асинхрондық) және кең таралған үшінші түрі вебинар.

Онлайн режимдегі оқыту дегеніміз – интернет ресурстарының көмегімен ағымдағы уақытта белгілі бір қашықтықта мұғалім экранын көру арқылы оқытуды ұйымдастыру формасы.

Оффлайн режимдегі оқыту дегеніміз - интернет ресурстарының көмегімен (электрондық пошта) мұғалім мен оқушы арасындағы ақпарат алмасуды қамтасыз етуге мүмкіндік беретін оқытудың формасы.

Вебинар дегеніміз – интернет желілерінің көмегімен семинарлар мен тренинтер өткізу формасы.

Қашықтықтан білім берудің дамуының басым бағыттарының бірі ақпараттық технологиялар идеялары мен алдыңғы қатарлы педагогикалық технологиялардың өзара байланысы болып табылады. Бүгінгі күні оқытуды тек оқытушыдан білім алушыға білім беру процесі, оны білім және дағдыларды қалыптастыру деп қана қарастыруға болмайды, дегенмен де айтылғандарды оқу процесінің элементтері екендігін де естен шығаруға болмайды. Қашықтықтан білім беру оқу курсына қолданатын педагогикалық тәсілдердің қарапайым деңгейіне кіреді.

Қашықтықтан оқыту режимінде оқу материалдарын жіберуге болады. Бұл жағдайда телекоммуникациялық каналдар арқылы тек қана мәтінді ақпараттарды ғана емес, сонымен қатар бейне материалдарды да жіберуге болады. Тестілер жүйесі және білім алушылардың бақылау сұрақтары арқылы оқу материалдарын меңгеру дәрежесін бақылау аса қиындыққа соқпайды. Бұл мақсаттар үшін компьютерлік тестілеу және өңдеу жүйесін пайдалануға болады. Сонымен қатар қашықтықтан оқыту элементтерін білім алушылардың шығармашылық қабылетін дамытуға бағытталған оқытудың инновациялық түрлерінде де толық қолдануға мүмкіндік бар.  

...

Скачать:   txt (24.4 Kb)   pdf (123.1 Kb)   docx (15 Kb)  
Продолжить читать еще 6 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club