Салар Қазанның тұтқынға түсуіндегі Ораздың босатылуы туралы
Автор: mektep191.25 • Октябрь 1, 2021 • Реферат • 1,508 Слов (7 Страниц) • 670 Просмотры
Студент: Шыңғысбекқызы Айзат
1. «Қорқыт ата кітабының» зерттелуі.
2. Дерсеханұлы Бұқаш туралы жырдың көркемдігі.
3. Салар Қазанның тұтқынға түсуіндегі Ораздың босатылуы туралы.
Біздің дәуірімізге дейінгі «Қорқыт ата кітабының» екі қолжазба нұсқасы сақталып келеді. Солардың бірі қазір Германиядағы Дрезден қалалық кітапханасының сирек кездесетін қолжазбалар қорында сақтаулы тұр. Бұл қолжазба кітаптың мұқабасында көрсетілген атыв «Китаб-и дәдем Коркут ғали лисан таифа оғузан» ,яғни «Қорқыт атаның оғыз тайпасы тіліндегі кітабы». «Қорқыт ата кітабының» осы Дрезден қолжазбасын он екі жырдан ,яғни он екі оғыз намеден тұрады.
Ал, «Қорқыт ата кітабының» екінші қолжазба нұсқасы Ватикандағы Аростолика кітапханасында сақталып келеді. Бұл қолжазба алты жырдан құралған ол; «Хикаят оғыз-наме Қазанбек уа ғайри» деп аталады. Мұны осы кітапханадан тауып ,италян тіліне тұңғыш рет аударған ғалым Этторе Росси болды.
«Қорқыт ата кітабының» Дрезден қаласында сақталған толық нұсқасын зерттеу , Европа тілдеріне аудару ісі XIX ғасырдың бірінші жартысында басталған. Неміс ғалымы Теодор Нельдеке Қорқыт ата кітабын неміс тіліне толық аударып шықпақ болды. Бірақ ол бұл істі аяғына дейін жеткізе алмады да ,барлық материалдарын өзінің шәкірті В.В Бортольдке тапсырды. В.В Бортольд бұл кітапты зерттеумен ондаған жылдар бойы айналысты . Сөйтіп , ол Қорқыт ата кітабын 1922 жылы орыс тіліне аударып шықты . Бұл аударма 1962 жылы академик В.М.Жирмунский мен А.Н.Кононовтың редакциясына басылып шықты.
Сондай-ақ оғыз-қыпшақ дәуірінің ғажайып әдеби ескерткіштер зерттеуге А.Н.Самойлович , В.В. Веляминов-Зернов, К.А. Иностранцев, А.Ю. Якубовский , Л.А. Диваев сияқты көрнекті орыс ,ғалымдары да үлес қосты.
Стамбул университетінің профессоры Эргин Мухарем «Қорқыт ата кітабының » толық текстін латын әрпі пен транскрипция жасап бастырып шығарды.
[pic 1]
[pic 2][pic 3][pic 4][pic 5]
Ә.Қоңыратбаев Ә.Марұлан Х.Сүйіншалиева Р.Бердібаев
[pic 6]
Жылы | Авторлар | Оқиға |
1986 жылы | Ә.Қоңыратбаев пен М.Байділдаев | Жалпы Қазақстанда «Қорқыт ата кітабы» әдеби мұра ретінде зерттелгенімен, күні бүгінге дейін бұл жазба ескерткіш қазақ тіліне түпнұсқадан аударылмай келді. фольклоршы-ғалым, профессор Ә.Қоңыратбаев пен М.Байділдаев «Қорқыт ата кітабын» орыс тілінен аударып жариялады |
1994, 1999 | Б.Ысқақов, Ш.Ыбыраев | Кейіннен Б.Ысқақов, Ш.Ыбыраев түрік тілінен аударды Әрине, бұл әдеби аудармалар жырлардың мазмұны, сюжеті, идеясы және т.б. мәселелер тұрғысынан көптеген зерттеуге арқау болған елеулі еңбектер болғанымен, тілдік тұрғыда түпнұсқаның бастапқы қалпын сақтай алмаған. |
1967 жылы | Б.Кенжебаев және Х.Сүйіншалиев | 1967 жылы Б.Кенжебаев және Х.Сүйіншалиев пен бірлесе дайындаған «Ертедегі әдебиет нұсқаларында» көне түркі жазба ескерткіштеріне қатысты бөлімді жазған. |
2. Дерсеханұлы Бұқаш туралы жырдың көркемдігі.
«Қорқыт ата кітабында» сюжеті жағынан қазақ эпосымен үндес болып келетін сарындар көп кездеседі. Әсіресе, бір балаға зар болған әке-шешенің мүшкіл хәлі жөніндегі хикаялар жиі ұшырайды. Әрине, мүның өзіндік сыр-себептері бар. Патриархал-ру қауымының үғымы бой- ынша, тек еркек кіндікті бала ғана отбасының, ру-тайпаның жалғасы, қауымның болашақ тірегі саналған. Сол себепті той-жиындарда ер баласы бар аталар ең сыйлы орынға отырып, оған зор қошамет көрсетілетін болған.
...