Педагогтың үздіксіз өсуінің факторлары
Автор: Tansholpan00308 • Сентябрь 27, 2021 • Доклад • 1,310 Слов (6 Страниц) • 500 Просмотры
Дәріс тақырыбы: Педагогтың үздіксіз өсуінің факторлары
- Педагогикалық қарым-қатынас – педагогикалық үдерістің
субъектілері арасындағы өзара әрекеттің негізі ретінде.
Педагогикалық іс-әрекетте де қарым-қатынастың алатын орны жоғары, себебі педагогтың негізгі атқаратын қызметтері болып табылатын тәрбиелеу, оқыту, білім беру, дамыту, қалыптастыруүдерістерін қарым-қатынассыз көз алдына елестету мүмкін емес. Сондықтан педагогикалық қарым-қатынас–педагогикалық үдеріс субъектілерінің өзара әрекеттестік негізі болып табылады.
Қазіргі таңда зерттеуші-ғалымдар қарым-қатынастың түрлі қырларын қарастыруда. Психология ғылымы тұрғысынан жеке тұлғаны дамытудағы қарым-қатынас мүмкіндіктерін Б.Г.Ананьев, В.Н.Мясищев, С.Л. Рубинштейн сынды белгіліғалымдар зерттесе, педагогикалық ғылымдар саласында А.А.Леонтьевтің, А.А.Бодалевтің, А.В.Мудриктің, В.А.Кан-Каликтің, А.А.Реанның, Н.Е.Щуркованың, А.И.Щербакованың, Ш.А.Амонашвилидің, Я.Л.Коломинскийдің, И.А.Зимняяныңт.б. ғалымдардың еңбектерінде жан-жақты қарастырылған. Ғалымдар қарым-қатынас феноменін іс-әрекет түрі ретінде анықтап, оны басқа іс-әрекет формаларын қамтамасыз ету негізі деп бағалайды. Қарым-қатынас пен іс-әрекет өзара тығыз байланысты болғанымен салыстырмалы түрде дербес ұғымдар.
В.А.Сластениннің пікірінше, педагогикалық қарым-қатынас- педагог пен оқушылардың арасындағы өзара әрекеттерінің мақсаты мен мазмұнынан туындайтын қатынастарды орнатудың, дамытудың, өзара түсінушілік пен әрекеттестікті ұйымдастырудың күрделі үдерісі.
В.А.Кан-Каликтың дәлелдеуінше педагогикалық қарым-қатынастың өзіндік даму динамикасы бар, ол түрлі сатылар бойынша іске асырылады:
-сабақты не іс-шараны өткізуге дайындалу үдерісінде болатын қарым-қатынасты жобалау сатысы (жоспар құру, қарым-қатынастың моделін құру).
-қарым-қатынасты тікелей ұйымдастыру сатысы (қарым-қатынастың алғашқы кезеңі, «коммуникативтік шабуыл» жасау).
-қарым-қатынасты басқару сатысы (оқушылардың танымдық іс-әрекеттерін басқару, ойларын жетектеу, іс-әрекет түрлерін ауыстырып отыру, қарым-қатынасқа бөгет болып тұрған психологиялық кедергілерді азайту).
-қарым-қатынастың барысын жәненәтижелерін талдау сатысы (қорытынды сатысы, кері байланыс арқылы қарым-қатынас нәтижесін бағалау, қарым-қатынастың тиімділік деңгейін анықтау).
Балалармен педагогикалык, өзара әрекетте ұсақ – түйек жоқ — барлығы да: көзқарас, көз жанарының қозғалысы, дене қимылы т. б. жұмыс істейді. Өйткені біз жай қарым-қатынас емес, кәсіптік іскерлІкпен қарым-қатынас жасаймыз.
Көпшілік алдында сөйлеушіде байқалатын ең негізгі сезім түсініктері мынадай:
- Әңгімені қалай бастауды білмеушілік.
- Толық ұғынықты, әрі түсінікті айтып бере алмаймын-ау деген қобалжу.
- Қарым-қатынас мақсатындағы еленбейтінөзгерістер.
- Бұрын пайдаланылған қарым-қатынас амалдарын өзгерту қажеттігі жайлы түйсік.
- Қарым-қатынас жүйесінде бір нәрсені өзгерту қажет деген түсінік, бірақ не екені — онша айқын еместік.
- Жұрт алдында сөйлеуге дағдыланбағандық.
- Бұрын табиғи болып келген дене қимылының, қозғалыстың, жалпы мінез-құлқынын, ерсілеу сияқты болып сезілуі.
- Қарым-қатынастың өзгерген формадағы, мәнерлі атқару компоненттерін қажет етуі.
- Өзіңді дұрыс түсінуі үшін жоспарланған информацияны неғүрлым сол қалпында жеткізуге талпынушылық.
- Тыңдаушыны қызықтыруға тырысу.
- Информацияны сұрыптауға, мазмұндауға және беру формасы жайында өзіне едәуір талап қоюдың пайда болуы.
В. А. Сухомлинскийдің айтқанындай, тәрбиеші өнері ең алдымен сөйлеу өнерімен, адам жүрегін баурап алу өнерімен көрінеді.« Балаларға іскерлікпен, табанды түрде айтылған жақсы сөздің — деп жазды А. С. Макаренко,—орасан зор маңызы болатынына мен кәміл сенемін, біздің ұйымдық формалармызда әліде көптеген- қателіктердің болуы, біз көп жағдайда балалармен дұрыстап сөйлесе білмейтіндігімізден. Сіздің сөзіңізден, сіздің ерік жігеріңіздің, сіздің мәдениетіңіздің, сіздің жеке басыңыздың лебі есіп тұратындай етіп сөйлей білу қажет. Осыған үйрену қажет» .Балалармен қарым-қатынас жасау — бұл толассыз творчество. Бір сабақтың өзінде балалармен дұрыс қарым-қатынасты ұйымдастыруда шешуге тура келетін қаншама педагогикалық айла-әрекеттер, қарама-қайшылықтар, қақтығыстар, проблемалар туындайды. Осының барлығы қасқағым сәтте ойластырылуы тиіс. Міне сондықтанда педагогикалык, қарым-қатынас — әрине, творчество. Балалармен әңгімелескенде әрекет ету жүйесін стандартсыз құруды үйрен — оның жеке басының жай-күйін, жалпы психологиялық жағдайын, ең ақырында, өзіңнің жеке педагогикалық дербестілік ерекшелігінді ескер.Мұғалімнің қарым-қатынас жасау творчествосындағы тағы бір жағдай — бұл творчествоның өздігінен реттелетін процесі өзіңнің психологиялық күйіңді меңгере білу, әр алуан психологиялық кедергілерді жеңу, өзіңнің творчестволық сезіміңді шабыттандыру, әр қашан шат көңілді, әрі оптимист бола білу. Алғаш рет педагогикалық практикаға келгенде педагогтар, балалармен творчестволық қарым-қатынасты қалай ұйымдастыратынына назар аудару керек. Оны мынадай программа бойынша қолға алуға болады:
...