Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Эпидемиялық процесске әсер ететін факторлар

Автор:   •  Апрель 12, 2018  •  Реферат  •  1,698 Слов (7 Страниц)  •  2,700 Просмотры

Страница 1 из 7

                 «Астана медицина университеті»АҚ  

                             «Гигиена кафедрасы»

                       

                         [pic 1]

                           

Тақырыбы:Эпидемиялық процесске әсер ететін факторлар.

                                                                     Орындаған:Мұхтар Н.Е

                                                                     Топ: 402-ҚДС

                                                                     Қабылдаған:Мусин Б.С                  

   

                                Астана 2018 жыл

                                           Жоспар:

І. Кіріспе.

ІІ. Негізгі бөлім.

1.Эпидемиялық процестің әлеуметтік және табиғи факторлары.

2.Биологиялық фактор.

ІІІ. Қорытынды

IV. Қолданылғын әдебиеттер.

                                          Кіріспе.


Эпидемиялық процесс туралы ілімнің негізін қалаған Л. В. Громашевский болып саналады (1941, 1949, 1965). Ол бірінші болып эпидемиологияньщ негізгі заңдарын жете зерттеп, құрастырды, инфекцияның берілу механизмінің теориясын жөне эпидемиялық процестің қозғаушы күштерін анықтады. “Эпидемиялық процесс” деген терминді де бірінші рет енгізген Л. В. Громашевский болды,“Эпидемия” деген ұғымды тар мағынада “эпидемия” деп, кең мағынада “эпидемиялық процесс” деп екіге бөлді. Оның әр уақытта әр жерде жекелеген жүқпалы аурулар туралы өқиғаларды ойша қиыс- тырып, жинақтап жөне байланыстыруы нәтижесінде “ эпидемиялық процесс” туралы категорияны ерекше бөліп қарауға мүмкіндік туды. Әртүрлі жүқпалы аурулар эпидемияларының пайда болу себеп- терін талдау кезіңде Л. В. Громашевский (К. Сталлибрасс, 1936 сияқ- ты) үш жағдайға көңіл аударды. Эпидемия пайда болу ушін бірінші, ең қажет жағдай, инфекция қоздырғышының көзі болуы қажет. Инфекция көзі болмаса, ешқандай эпидемия да, тіпті, жеке ауру да пайда болуы мүмкін емес. Бірақ эпидемиялық процестің пайда болуы үшін, егер осы процеске сыртқы орта қатыспаса, тек инфекция қоддырғышының көзінің болуы жеткіліксіз. Осы себептен эпидемиялық процестің пайда болуы үшін міндетті түрде екінші бір қажетгі жағдай керек болады. Ол сыртқы ортадагы азды-көпті өзіндік факторлар арқылы қоздырғыштың эстафетамен (үзілмей) берілу мүмкіншілігінің болуы болып табылады. Бүл процесс эволюциялық дамуы кезіңде қоздырғыштың жұққан организм- нен қабылдаушыға жылжу әдісі арқылы іске асады (берілу механизмі). Эпидемиялық процестің пайда болуы үшін үшінші міндетті шарт осы аурудың қоздырғышын қабылдаушы халықтың болуы қажеттілігі. Осы көрсетілген үш алғы шарттың (инфекция қоздырғышының көзі, берілу механизмі, қабылдаушы халық) қосылған жиынтық жағдайында ғана жүқпалы аурудың, яғни эпидемиялық процестін пайда болу мүмкіндігі туады.

                                       

                                  Негізгі бөлім.

Эпидемиялық процестің әлеуметтік және табиғи факторлары:

  • экономикалық факторлар;
  • санитарлы-комуналдық;
  • урбанизация;
  • тамақтану ерекшеліктері;
  • тұрмыс және жұмыс жағдайы;
  • соғыстар;
  • ұлттық-діни дәстүрлер;
  • тұрғындардың көшіп-қонуы;
  • стихиялық апат т.б

Табиғи факторлар:

  • абиотикалық экологиялық факторлар
  • биотикалық экологиялық факторлар

Абиотикалық экологиялық факторлар (температура,инсоляция,радиобелсенді сәулелену,ауа ылғалдылығы,су құрамы,жергілікті рельеф,ағымы) паразитарлық жүйеге  тікелей немесе жанама  әсер етуші  тірі табиғаттың бүкіл қасиеттері.

Биотикалық экологиялық факторлар-тірі жанның бір-бірімен әсер ету  формасы. Эпидемиялық процеске әсер етуші,жетекші экологиялық факторлардың бірі ретінде климатты атауға болады. «Климат» термині дегенде-жер беткейімен қатынастағы қзақ уақыт аралығындағы көлемді территориядағы  орташа метеорологиялық  жағдай жөнінде түсінік қалыптасады. Биотикалық факторлар организмге тура немесе жанама түрде әсер етіп отырады (мысалы: жануарлардың топырақты қазып өзгертуі, немесе бактериялардың ортаға химизмдік әсері т.б. Топтық эффект – топ құрып тіршілік ету мен ондағы даралардың санының олардың мінез-құлқына, физиологиясына, даму мен көбеюіне әсері. Көптеген бунақденелілілердің (тарақандар, қанатты шегірткелер және т.б.) топта жеке тіршілік етуге қарағанда зат алмасуы, өсуі мен дамуы жылдам жүреді.

...

Скачать:   txt (18.3 Kb)   pdf (141.4 Kb)   docx (19.3 Kb)  
Продолжить читать еще 6 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club