Оқытудың дәстүрлі емес формасын қолдану тәжірбиесі
Автор: Zhuzi98 • Январь 11, 2018 • Курсовая работа • 7,850 Слов (32 Страниц) • 2,837 Просмотры
Жоспар
Кіріспе.....................................................................................................................3
1. Оқытудың дәстүрлі емес формасының ерекшеліктері....................................6
1.1. Оқытудың дәстүрлі емес формасының ұғымы...........................................6
1.2. Оқытудың дәстүрлі емес формасын қолдану жағдайлары .....................12
1.3. Оқытудың дәстүрлі емес формаларының типологиясы.........................17
2. Оқытудың дәстүрлі емес формасын қолдану тәжірбиесі .......................19
2.1. Дәстүрлі емес форма ретінде іскерлік ойындар.......................................19
2.2. Дәстүрлі емес сабақтарды қолдану тәжірибесі .......................................24
Қорытынды...........................................................................................................27
Қолданылған әдебиеттер.....................................................................................29
Кіріспе
Тақырыптың өзектілігі: ҚР-ның президенті Н.Ә. Назарбаев: «Келер ұрпақ алдында зор жауапкершілік жүгін арқалап келеміз»,-деген сөзі ұстаз қауымына үлкен тапсырыстарды артып отыр. Еліміздің болашағы көркейіп, өркениетті елдер қатарына қосылуы, бүгінгі ұрпақ бейнесімен көрінеді. Дүниежүзілік озық тәжірибелерге сүйеніп, жаңа типті оқыту, яғни әр баланың табиғи қабілетін дамыту үшін қолайлы жағдайлар жасай отырып, оны жан-жақты дамыту керек. Қазіргі білім беру мазмұны жаңарып, жаңа көзқарас пайда болып, оқытудың жаңа формалары дүниеге келді.
Тереңдетіп оқыту бағдарламасы бар, заманауи білім беру мекемелерінде, жоспар бойынша құрылған оқу уақытының жетіспеушілігі жағдайында, оқу жүктемесінің көлемін ұлғайтуға тура келеді. Нәтижесінде, балаларды оқыту үдерісінде физикалық даму бұзылулары және соның салдарынан баланың организмінің функционалдық мүмкіндіктерінің төмендеуі байқалады. [8,15б]
Ол үшін оқушыларды қарым-қатынасқа баулитын, қолайлы климатты тудыру үшін оқушылардың жұмысын ынталандыратын сабақтың формаларын таңдау қажет.
Оқушылардың жемісті және тиімді қызметі үшін сабақ өткізудің дәстүрлі емес формалары тән. Дәстүрлі емес формалар оқушылардың тиімділігін арттыруға бағытталған.
Мектеп мұғалімдерінің тәжірибесі және педагогтардың зерттеу жұмыстары, оқытуда дәстүрлі емес формаларды қолдану студенттердің пәнге деген қызығушылығын арттырып, оқытуға ынталандыратынын бірнеше мәрте дәлелдеп берді.
20-шы жылдары кеңестік дидактикада оқыту формаларын ұйымдастыру басты бағыт болып саналады. Оны зерттеуде «Бірыңғай еңбек мектебі туралы декларациясы» басшылыққа алынды. Төңкеріске дейінгі мектептегі сыныптық-сабақ жүйесі «өкінішке орай, педагогикалық жұмысымыздың дұрыс дамуына кедергі келтіреді деген түсінік бойынша сынға алынды. Көптеген педагогтар бұл жүйе оқушылардың жас ерекшелігін ескермейтінін,олар оқу материалдарын енжар қабылдайтынын», өз дарындықтарына байланысты жеке жұмыс жасай алмайтындығын көрсетіп қарсылық білдірді. Оқыту орташа оқушыға арналып құрылғандықтан, нашар және күшті оқушылардың талаптары ескерілмейтіні айтылды. Сыныптық-сабақ жүйесі оқушыға дайын білім беруге, оны сеніммен қабылдауға құрылған моностырлық мектептің жемісі ретінде қабылданды. Оқушы беделге мойын сұнады және берілетін білімді сын тұрғысынан қабылдамайды. Осылай сыныптық-сабақтық жүйеге берілген теріс баға негізінде, бұл жүйенің мақсаты, мазмұны, әдістері жаңа мектепке қызмет ете алмайды деген қорытынды жасалды. Біз осы мәселеге жарты ғасыр өткеннен кейін ғана, педагогтық асыра сілтеушіліктің, ол шешімнің дұрыс еместігіне көз жеткіздік.
3
Бірақ та 20-шы жылдардағы кеңестік мектептің дамуындағы нақты-тарихи жағдайды ескермесек те болмайды.
Педагогтар зерттей келе, бұл шешімнің теріс екенін алға басып, оқытудың жаңа формаларын енгізе бастады.Мектеп мұғалімдерінің тәжірибесі және педагогтардың зерттеу жұмыстары, оқытуда дәстүрлі емес формаларды қолдану студенттердің пәнге деген қызығушылығын арттырып, оқытуға ынталандыратынын бірнеше мәрте дәлелдеп берді.
Қазіргі кезде мектеп тәжірбиесінде сабақтың қалыптасқан дәстүрлі түрлерінен басқа, дәстүрсіз формалары да пайда болуда. Ол, әрине қоғамның жаңару, жетілдіру жағдайында білім беру саласын реформалаумен тығыз байланысты іске асуда. Оқыту жұмысын ұйымдастырудың мұндай дәстүрсіз түрлері көбінесе оның жеке әдістеріне негізделіп құрылуда. Ондағы мақсат-әрбір сабақтың оқу-тәрбиелік мүмкіндіктерінің мол екенін көрсете отыра, оны жаңа сапалық сатыға көтеру. Олардың қатарына лекция, конференция, пікір-талас, панорама, компьютерлік сабақтарын жатқызуға болады.
...