Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Психологияның ежелгі таным ретінде дәстүрлі емес ғылыми салалармен байланысының теориялық талдауы

Автор:   •  Сентябрь 20, 2021  •  Реферат  •  1,400 Слов (6 Страниц)  •  384 Просмотры

Страница 1 из 6

Жоспар

I. Кіріспе

II. Негізгі бөлім

  1. Психологияның ежелгі таным ретінде дәстүрлі емес ғылыми салалармен байланысының теориялық талдауы.
  2. Психологияның даму кезеңдері мен негізгі бағыттары.

III. Қорытынды

IV. Қолданылған әдебиеттер тізімі

   Психология — адамның жеке бірлік ретіндегі психикасын, өзінің сан−алуан сезім, аффективтік, интеллектуалды, басқа да туа біткен функцияларымен бірге сыртқы ортамен өзара әрекетін зерттейтін ғылым, кей-кезде адам мінез-құлығын зерттеу деп те анықталады. Қыруар тараулары теориялық және практикалық бағыттарды қарастырады, қолданбалы бағыттары да сан алуан: терапевттік, қоғамдықкәсіпкерлік, кей жағдайда саясаттық және теологиялық.

   Психологияның негізгі мақсаты — психиканы cубьективттік структураның, сыртқы ортаны байымдаумен, елестетумен жұптасқан айырықша іс-әрекеттің негізі ретінде зерттеу.

Психология – жалпы алғанда психиканың және ерекшелеп айтқанда адамның нақты тарихи және адам ретіндегі сананың пайда болуы, дамуы және көрніс беруі заңдылықтары туралы ғылым.Психология ғылым ретінде психиканың әр түрлі кұбылыстарын зерттеу және түсіндірумен ғана емес, сондай-ақ олардың мәнін қорыта талдап-ашып көрсету, яғни солар арқылы психологиялық құбылыстар мен процестердің себептерін, олардың болашақта көрініс беретіндігін болжауға болатын белгілі бір зандылықтарын ашып, анықтаумен шұғылданады.

Ерте заман ойшылдары «Жан деген не?», оның қасиеттері және функциялары қандай, жан мен тән арақатынасы деген сұрақтарға жауап іздейді.
 

Ерте заманның философы Демокрит (б.д.д.  5,6 ғғ.) психиканы, яғни жанды оттың атомдарындай  қозғалмалы қасиет деп санады, сонымен қатар психиканың адам тәнінің қызметі деген бір материалистік түсінікті тудырды. Тәннің өлуімен жан да өледі деген. Сол заманның тағы бір өкілі  ғұлама ойшыл Платон (б.д.д. 427-347 жж.)  жан мәңгілік нәрсе, ол өлмейді деген, ол психикалық  түсіндіруде иделистік бағытты ұстанған.. Ең бірінші  жан туралы  жазған Аристотель (б.д.д. 384-422 жж.) «Трактоз о дүние» бұл еңбек  бірінші психологиялық әдебиет болып саналады.  Шығыстың ұлы ойшылы  әбу-Нәсыр  әл-Фараби  (870-950 жж.)  дүние материядан  құралады, ол жойылмайды, бір түрден екінші түрге  көшіп, өзгере береді.  Жан денеден бұрын өмір сүрмейді, 1 денеден 2 денеге  барып, орналаса алмайды деп материалистік тұрғыдан  қарастырды.
   

17 ғасырдың басында жан психологиясының орнына сана психология-сы  келді. Жанды  сана деп түсіне бастайды, ми  жұмысымен тығыз байланыстырады, жан психологиясының айырмашылығы, ол тек бос сөз ғана емес сана психологиясында негізгі білім көзі болып өзін-өзі бақылау өзінің ішкі әлемін  сезіну.  Мұны интроспекция әдісі деп атайды.
Осы кезде психологиялық  бас көтеруі мына ғалымдармен байланысты. Рене Декорт (1595-1650 жж.), Б.Спиноза (1632-1677 жж.), Д.Локк (1637-1704 жж.) және т.б..


Әрі қарай  ғылымдардың дамуына  Ч.Дарвиннің (1809-1882 жж.) эволюциялық білімдері көмек болды.
Фундаментальдік зерттеулер сезім мүшелерінің жұмысына байланысты (И.Маллер, Э.Вебер, Г.Гельм-Гольц және т.б.). Экспериментальдік психологияның дамуына Э.Вебер еңбектері үлес қосты, мысалы, қарапайым тітіркендіргіштермен қатар түйсіну мәселелеріне байланысты. Бұл зерттеулер жалғасы Г. Фехнермен математикалық талдауға жалғасты. 1879 жылы Германияда бірінші психологиялық лаборатория ашылды (В.Вунд), Ресейде (В.Бехтерев). Эксперименттер  жалғасып үдей түсті, ал психология дербес тәуелсіз экспериментальдік ғылым болып қалыптаса бастады.
Осы кезде «жан», «саналы және санадан тыс» деген психологиялық ұғымдарды анықтай бастады, кейбір ғылыми концепциялар пайда болды. Бірақ бұл кезеңді ашық дағдарыс кезеңі деп атаған. Дағдарыс психологиялық көзқарастардың құндылануына әкелді. Дәл осы уақытта  жаңа психологиялық бағыттар қалыптасты, олардың мәні психология ғылым үшін зор болды.  Негізгі әйгілі үш бағыт: бихевиоризм, психоанализ, Гештальтпсихологиясы.

...

Скачать:   txt (20.6 Kb)   pdf (104.1 Kb)   docx (15.2 Kb)  
Продолжить читать еще 5 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club