Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Қазіргі дәстүрлі емес діндер

Автор:   •  Июнь 17, 2020  •  Лекция  •  503 Слов (3 Страниц)  •  761 Просмотры

Страница 1 из 3

Қазіргі дәстүрлі емес діндер

Қазақстандағы діни жағдайдың ерекшелігі – діни ағымдардың әр алуандығы. Бұл елімізде ғана емес, жалпы әлемде байқалып отырған құбылыс.

1960 – 1970 жылдары АҚШ- та, Батыс Еуропа елдерінде, Азияның кейбір мемлекеттерінде, 1980 жылдардың ортасында Ресейде пайда болған діни топтар мен қоғалыстарды жаңа діни ағымдар немесе « дәстүрлі емес діндер», « діндерден тыс қағидасыз сенімдер», « балама діндер» атауымен белгілейді. Бұл діни қозғалыстардың «жаңа» деп аталуы олардың көпшілігі соңғы жылдары пайда болған. Жаңа діни қозғалыстардың дәстүрлі діни сенімдерден айырмашылығы әлемдік тарихи діндердің  ұстанымдарынан басқа жана бір діни танымдық жаңалықтар енгізілулерінде.

Дүниежүзілік көптеген елдерінде түрлі діни ағымдардың саны өсіп келеді. Мысалы, «Благая весть», «Грейс Благодать», «Жатва» сияқты пресвитериандық бағыттағы қауымдар мен шіркеулер белгілі бола бастады. Ал исламдық жана діни бағыттардан «Хизб- ут- Тахрир», «Уаххабшылдық»( Салафиттер деп те аталады), « Таблиғи Жамағат»(немесе дағуатшылар», Исмаилиттер, Ахмадие және т.б. атауға болады.

Қазақстанда ислам атын жамылған теріс діни ағымдар:

Уаххабшылдық. «Уаххабшылдық» діни-саяси ағымның негізін қалаушы- сауд арабиялық Мұхаммед ибн Абд әл-Уаххаб (1703-1787). Бұл ағым түрік Осман билігіне қарсы ағылшындардың қолдауымен болған араб халықтарының көтерісі кезінде қалыптасты. 1927 жылы Жидда келісімшарты нәтижесінде құрылған Сауд Арабия Корольдігінің ресми бағытына айналды.

Уаххабшылдықтың фундаменталистік идеология ретінде басты мақсаты- бұрыңғы исламның келбетін сақтау деп саналады. Сол себепті қазақ халқының өлім-жітім (жетісі, қырқы, жылы, аруаққа арнап ас беру, құран бағыштау т.с.с), той-томалақ кездердегі (отқа май құю, сәлем салу, т.б) кейбір салттарына қарсы. Уаххабшылдық елімізде ресми тіркелмеген, дегенмен Қазақстанның барлық аймақтарында өз жұмыстарын белсенді жүргізіп келеді. Уаххабизмнің «ат Такфир уа әл-Жамағат» бағытына елімізде тыйым салынды.

Исмалиттер.  Имламдағы шиттік бағытты ұстанатын ұйым. Исмаилиттер күніне бес уақыт оқылатын намазды үш уақытта: таңертең, түсте және кешке орындайды, мешіттерге көп болмайды. Олар Кербаладағы хазіреті Хусейн мен Әлидің қабіретіне жиі зиярат етеді.

...

Скачать:   txt (7.2 Kb)   pdf (72.6 Kb)   docx (9.7 Kb)  
Продолжить читать еще 2 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club