Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Криминалистикалық құжаттану. Криминалистикалық техниканың дәстүрлі емес бағыттары

Автор:   •  Ноябрь 12, 2023  •  Практическая работа  •  3,277 Слов (14 Страниц)  •  174 Просмотры

Страница 1 из 14

Дәріс - №5

Криминалистикалық құжаттану.

Криминалистикалық техниканың дәстүрлі емес бағыттары.

        

  1. Жазуды криминалистикалық зерттеудің ғылыми негіздері.
  2. Хаттың сәйкестендіру белгілері және олардың жіктелуі.
  3. Қолжазбаның белгілері және олардың жіктелуі. Құжаттарды техникалық және криминалистикалық зерттеу түсінігі, оның міндеттері мен зерттеу объектілері.
  4. Қолжазба сараптамасын тағайындау үшін материалдар дайындау.
  5. Материалдарды, заттарды және бұйымдарды криминалистикалық зерттеу (МЗБКЗ).
  6. МЗБКЗ / КИМВИ/  тұжырымдамасы, объектілері, міндеттері, әдістері, қазіргі мүмкіндіктері. Криминалистикалық одорология. Түсінігі, объектілері, міндеттері, әдістері мен заманауи мүмкіндіктері.
  7. Криминалистикалық бейнография және фоноскопия. Түсінігі объектілері, міндеттері, әдістері мен заманауи мүмкіндіктері.

Криминалистикалық құжаттанудың түсінігі

Құжаттарды криминалистикалық зерттеу – криминалистикалық техниканың дәстүрлі салаларының бірі болып саналады. Құжат (документ)  латынның  «documentum» деген сөзінен шыққан: 1) жазылған айғақ, дәлелдеме;  2) заңда көрсетілген тәртіппен жасалынған акт; 3) паспорт (жеке төлқұжат), куәлік, диплом т.б. мағынаны білдіреді.

Іс жүргізушілік тұрғыдан құжаттарды үш топқа бөлуге болады:

  1. Құжаттар–заттай дәлелдемелер;
  2. Құжаттар–жазылған айғақтар;
  3. Құжаттар–сараптамалық зерттеу үшін алынған үлгілер.

Қылмыстық процестік шеңберінде криминалистикалық зерттеуге көбінесе жіберіленетін құжаттар–заттай дәлелдемелер. Бұл топтағы құжаттарда қылмыстың материалдық іздері қалады, сондықтан да іс бойынша олардың маңызы үлкен.

Құжаттар–заттай дәлелдемелер негізі үш түрге бөлінуі мүмкін:

  1. Құжаттар қылмысты жасау әдісі ретінде. Мысалы: жалған жасалынған ведомстар,  есеп–шоттар және т.б.;
  2. Құжаттар қылмысты жасыру әдісі ретінде. Мысалы: өлтірілгендердің атынан жазылған жазу сияқты, өзін–өзі өлтіру туралы хат және т.б.;
  3. Құжаттар қылмысттарды ашуға және істің мән–жайларын  нықтауға мүмкіндік жасау жолы ретінде.

Заттай дәлелдемелер–құжаттар түрлеріне жататындар – түсініктеме, алынған жауаптар, түгендеу, тексеру актілері, анықтамалар, компьютерлік ақпараттар, фото және киноматериалдар, фоно (дыбыс) құжаттар және  бейне (видео) жазбалар.

Құжаттарды криминалистикалық зерттеудің түрлері:

− құжаттың жазуын орындаған адамды анықтау − криминалистикалық  қол жазу;

 мәтіннің авторын анықтау − криминалистикалық автортану;

− құжаттарды техникалық − криминалистикалық зерттеу.

Қол жазуды криминалистикалық зерттеу

Қол жазуды криминалистикалық зерттеу – криминалистикалық техниканың құжаттарды зерттеу бөліміне жатады. Құжаттарды зерттеу негізі екі түрге бөлінеді:

– қолжазбаны криминалистикалық зерттеу (құжатты орындаушыны және авторды анықтау);

– құжаттарды техникалық–криминалистикалық зерттеу (құжаттарды жалған жасау белгілерін анықтау).

Жазу дегеніміз – адамның ойын, жазу белгілері арқылы бекітетін және жеткізетін құрал болып табылады.

Қол жазу дегеніміз – бұл жазу мәнері, яғни әр орындаушы адамға тән және оның қол қимылының жүйесіндегі жазуды бекітетін көрініс.

Жазуды үйрену ұзақ оқып үйрену және дағдының күрделі қалыптасу нәтижесінде пайда болады. Дағдының қалыптасуы адамның орталық жүйке жүйесінің қызметіне байланысты. Жазу дағдысының қалыптасу негізінде оның рефлекторлық қызметінде жатыр. Бір қалыптағы қол қимылының қайталану барысында дағды қалыптасады (динамикалық стереотип). Қол қимылын үйрену кезінде (әріп, сан, сөз, фраза) бірте–бірте автоматикалық дағдыға айналады. Бұл адамның физикалық, анатомиялық, психологиялық ерекшеліктеріне байланысты болады.

...

Скачать:   txt (49.1 Kb)   pdf (161 Kb)   docx (206.8 Kb)  
Продолжить читать еще 13 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club