Оқу іс-тәжірибенің есебi
Автор: aruka1211 • Июнь 6, 2022 • Отчет по практике • 5,899 Слов (24 Страниц) • 264 Просмотры
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ
МИНИСТРЛІГІ
С.АМАНЖОЛОВ АТЫНДАҒЫ ШЫҒЫС ҚАЗАҚСТАН
МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ КЕАҚ
Тарих, филология және халықаралық қатынастар факультеті
Қазақ, орыс филологиясы және журналистика кафедрасы
ОҚУ ІС-ТӘЖІРИБЕ ЕСЕБІ
Өскемен, 2021 жыл
МАЗМҰНЫ
І Кіріспе
1.1. Оқу іс-тәжірибенің мақсат-міндеттері
ІІ Негізгі бөлім
2.1. Оқу іс-тәжірибесі барысында атқарылған жұмыстар
ІІІ Қорытынды
КІРІСПЕ
1.1. Оқу іс-тәжірибенің мақсат-міндеттері
Оқу іс-тәжірибесінің негізгі міндеттері:
1)Университет педагогикалық басқару жүйесімен, ұйымдастыру-құқықтық формасымен, құрылымен жалпы танысу;
2) Болашақ қызметтің қыр сырын меңгеру;
3) Іс жүргізуге кіріспені зерттеу;
4) Жұмыс дағдыларын үйрену;
5) Педагогикалық қызметтің бастапқы тәжірибесін алу;
6) Оқыту және оқу әдістемесін меңгеру;
7) Педагогикалық шеберліктің дағдыларын білу;
8) Ғылыми-психологиялық және педагогикалық зерттеулердің дағдысын меңгеру;
9) Тәрбие жұмысының әдістемесін меңгеру;
11) Оқудың инновациялық технологияларын білу;
12.Жоғары оқу орнының қызметінің негізгі бағыттарымен танысу;
НЕГІЗГІ БӨЛІМ
2.1. Оқу іс-тәжірибесі барысында атқарылған жұмыстар
1-күн:24.05.2021
Ұйыммен және педагогикалық ұжыммен танысу
Бұл күні мен ұйыммен және педагогикалық ұжыммен танысу жұмыстарын атқардым.
Қарабұлақ кентіндегі киелі білім ордасы саналатын Ш.Уәлиханов атындағы орта мектеп-гимназиясы алғашқы шәкірттеріне өзінің есігін 1990-1991 оқу жылының 1 желтоқсанында айқара ашқан екен.Мектеп жаңа типтік жобамен салынған. 972 оқушыны қуана қарсы алған мектеп директоры Кузьминов Геннадий Васильевич болды. Гимназида оқу-тәрбие жұмысын кешенді негізде ұйымдастыру үшін Жетісу мемлекеттік университеттің ұстаз-ғалымдарымен шығармашылық байланыс жасалынған екен.Білім ордасы білім саласында көптеген жетістіктерге жеткен екен.Гимназияда 8 авторлық және 5 икемделген бағдарламалар,арнайы курстар оқушылардың таңдаған мамандығын игеру жолындағы танымдық қабілетін дамытып,олардың жан-жақты білім негіздерін игеруін қамтамасыз еткен.Бұл білім ұйымы маған қатты ұнады.Себебі, бұл білім ордасында ұжымның бірлігін байқауға болады. Ұжым өте жақсы жұмыс атқаратынын да байқадым.Мен мектеппен танысу жұмыстарын жүргізгенде педагогикалық ұжымға сай бірнеше ережелерді, сонымен қатар болашақта осы мамандықта жұмыс атақаратын болғандықтан,педагогикалық ұжым жайлы көптеген ақпараттар білдім. Солар жайлы сөз қозғап кетсем:
Педагогикалық ұжым адамдардың әлеуметтік жөне кәсіптік бірлестігі ретінде ұжымға тән барлық белгілерді біріктіреді. Ерекше адамдар тобы ретінде мектеп педагогикалық ұжымына жинақылық, басшының болуы, топтасу, салыстырмалы түрде тұрақты және ұзақ мерзімде әрекет ету сияқты қоғамдық жене кәсіптік сипаттар тән. Педагогикалық ұжым сондай-ақ, оқушылар ұжымы да, оның құрамдас бөлігі болып есептеледі.. Кез келген ұжым сияқты мектептің педагогикалық ұжымының өзіндік ерекшеліктері болады.Бұл мен іс-тәжірибе өткен мектепте бар талаптар болып табылады.
Педагогикалық ұжымның ең басты ерекшелігі оның кәсіптік қызметіне байланысты, нақтылай айтқанда жас ұрпақты оқыту мен тэрбиелеуде. Педагогикалық ұжымның кәсіптік қызметінің тиімділігі оның мүшелерінің педагогикалық мәдениетінің деңгейімен, тұлғаларының қатынас сипатымен, ұжымдық жөне дербес жауапкершілікті сезінуімен, ұйымшылдық, ынтымақтастық деңгейімен анықталады.Мектеп-гимназияда дәл осы аталған қасиеттер бар деп айта аламын.
Мен танысу жұмысын жүргізген мұғалімдер ұжымның педагогикалық қызметі оқушылар ұжымымен өзара тығыз әрекеттестікте өрбиді. Сондықтан педагогикалық міндетті шешу оқушылар ұжымының тәрбиелік мүмкіндігі қай деңгейде, қаншалықты іске асырылуына тікелей тәуелді болып келеді. Мұғалімдер ұжымы өзінің орасан зор интеллектуалдық, тәрбиелік күш-қуаты бойынша балалар ұжымына ғана емес, өз ұжымына қатыстылығына байланысты да тәрбие субъектісі ретінде әрекет жасайды екен.
...