Есебi бірінші өндірістік іс-тәжірибесінің «Жарма Тас Жолы» ЖШС
Автор: Kuandyk Manapov • Ноябрь 27, 2023 • Отчет по практике • 3,012 Слов (13 Страниц) • 113 Просмотры
Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім министрлігі
Д. СЕРІКБАЕВ атындағы ШЫҒЫС ҚАЗАҚСТАН ТЕХНИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ
Машинажасау мектебі
Бірінші өндірістік іс-тәжірибесінің
ЕСЕБІ
Білім алушы: Мубараков Дарын Ернатович
2 курс 21-ТТК-1 тобы
6В07107 «Көлік, көлік техникасы және технологиялар»
білім беру бағдарламасы
Іс-тәжірибеден өту орны: «Жарма Тас Жолы» ЖШС__________________
Кәсіпорыннан іс-тәжірибе жетекшісі:
Атабаев Куаныш Инкарбекович, директор_____________________________ Қолы/(тегі, аты-жөні, лауазымы)
Кәсіпорынның мөрі
Д.Серікбаев ат.ШҚТУ-дан іс-тәжірибе жетекшісі:
Мусабеков Ануарбек Мухамеджанович, аға оқытушы____________________
Қолы/(тегі, аты-жөні, ғылыми дәрежесі, атағы, лауазымы)
Іс-тәжірибеден өту мерзімі: 08.06.2023ж. - 06.07.2023ж.
Өскемен
2023
Мазмұны
Кіріспе | ||
1 | Кәсіпорынның жалпы сипаттамасы | 3 |
2 | Қозғалтқыштың мақсаты мен техникалық сипаттамасы | 4 |
3 | Қозғалтқышты бөлшектеу-құрастыру | 11 |
4 | Жұмыстарды орындау кезіндегі еңбек қауіпсіздігі | 13 |
5 | Қорытынды | 15 |
6 | Әдебиеттер тізімі | 16 |
1 Кәсіпорынның жалпы сипаттамасы
Мен іс-тәжірибе өткен орынның атауы «Жарма Тас Жолы» ЖШС. Ол мекеменің мекенжайы: Абай облысы, Жарма ауданы, Қалбатау ауылы, Алимбетов көшесі 60.
«Жарма Тас Жолы» ЖШС 2009 жылы 14 қазанда құрылған болатын. Ол жолдар, көшелер мен көпірлер салу салаларында жұмыс істейді. Ол компанияда асфальт-бетон зауыты бар, оның өндірістік қуаты сағатына 50 тонна. Олардың бұл салада жұмыс істеп келе жатқандарына 13 жылдан асты.
Ол компания жолдар, көпірлер және көшелер салаларында жұмыс жасайтындықтан, компанияның меншігіндегі көліктерге техникалық қызмет көрсететін бокстары бар. Мен техника және көлікке техникалық қызмет көрсету боксында іс-тәжірибеден өттім.
«Жарма Тас Жолы» ЖШС-де МАЗ 500А (кран), МАЗ 500 КС (кран), Камаз 5410, Камаз 5511, Урал 375, Зил, Жүктиегіш XCMG ZL50GL, Трактор Т40, Т150, МТЗ 1221, Газ 53 МТЗ-80, МТЗ-82 және т.б. сол сияқты техникалар бар. Бокстың ішінде токарлық станок, вулканизатор, көлік құралын тексеру жырасы, тегістеу және қайрау машиналары, гайконарез станоктары және т.б. бар. Сол бокс ішінде компанияның техникаларын және жеңіл көліктерін жөндеу арқылы тәжірибе алдым.
2 Қозғалтқыштың мақсаты мен техникалық сипаттамасы
Қозғалтқыш автомобильдің қозғалуы үшін қажетті энергияны қамтамасыз ететін қондырғы болып табылады. Қазіргі автомобильдердің көбісінде іштен жанатын қозғалтқыштар қолданылады. Бірақ әрдайым бұлай болған жоқ, және де уақыт өте осы қозғалтқыштардың орнын құрылыстары аса жетілдірілген күш қондырғылары алуы мүмкін.
...