Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Мұғалім даусының кәсіби тұрғыда сапалылығына қойылар талаптар

Автор:   •  Февраль 8, 2023  •  Реферат  •  393 Слов (2 Страниц)  •  167 Просмотры

Страница 1 из 2

Мұғалім даусының кәсіби тұрғыда сапалылығына қойылар талаптар.

   Еліміздің мәдени, саяси тағы басқа қырларынан дамуына өз әсерін тигізе алатын бірден бір нәрсе ол мектеп болып табылады. Сәйкеснше сол мектептің немесе кез келген білім беретін мекеменің жүрегі, ең маңызды бөлшегі мұғалім болып табылады. Қазіргі таңда мектептің басты міндеті өз ойын, өз ұстанымын ашық әрі нақты айта алатын шәкірттер, ерекше тұлға тәрбиелеу болып табылады.

Мұғалім оқушының білім алуына, ірі тұлға болып қалыптасуына үлкен әсер ететіндігі барлығымызға белгілі деп ойлаймын.  Біреудің аманатына қиянат жасамау қазақ халқымыздың ең асыл, ізгі дәстүрі болғандықтан әрбір мұғалім білім беру мекемесіне жұмысқа тұрмастан бұрын, тіпті жасының үлкендігіне қарамастан өзін өзі тәрбиелеумен айналысу қажет.

Сонымен қатар мұғалімдерге кәсібилігін арттыру үшін көптеген талаптар қойылып жатады. Мысалы, ең маңыздылары : шығармашыл болу, психолог ретінде ойлай алу, тіпті дауысының өзін басқара алуы деп деп ойлаймын. Шығармашыл болу дегенім, оқушыны қызықтырып неше түрлі ойындар арқылы білім беруі. Ал, психолог ретінде ойлануы бұл кез келген жастағы оқушымен сөйлесе алуы. Ол оқушыға мұғалім ғана емес анасындай қамқорлық көрсетуі, тіпті керек кезінде дос ретінде сөйлесе алуы қажет деп ойлаймын.

Мұғалім сабақ беру барысында көптеген мәселелерге мән беруі керек. Ең алдымен мұғалімнің дауысы одан кейін өзін өзі ұстауы және ең бастысы сабақ беру арқылы ләззат ала алатын болса, бұл мұғалімнің шәкірттерінен асқан білімді шәкірт болмайды деп ойлаймын.

Енді, мұғалімнің кәсіби тұрғылағы даусының сапалылығы туралы айтатын болсам, жоғарыда тоқталғанымдай бұл ең басты мәселелердің бірі болып табылады. Мұғалім сабақ беру барысында дауысын анық емес немесе аса баяу болмау керек деген ойдамын. Себебі, бұндай дауыс оқушының көңілін толықтай өзіне аударта алмайды. Егер ұстаз анық сөйлемейтін болса бұл әрекеттен оқушы тақырыпты түсінбей қалуы мүмкін. Ал, түсінбеуінің арқасында көптеген сұрақтар пайда болады. Қазіргі таңда көптеген оқушыларда кездесетін мәселе сұрақ қоюға сескену немесе қысылу кездесіп жатады. Бұл оқушыға сол тақырыппен байланысты болатын кез келген тақырыпты түсіне алмауына әкеліп соқтырады.

...

Скачать:   txt (5.3 Kb)   pdf (41.3 Kb)   docx (7.9 Kb)  
Продолжить читать еще 1 страницу »
Доступно только на Essays.club