Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Колледж, ата-ана және студент арасындаfы байланыс

Автор:   •  Январь 26, 2023  •  Статья  •  629 Слов (3 Страниц)  •  254 Просмотры

Страница 1 из 3

КОЛЛЕДЖ, АТА-АНА ЖӘНЕ СТУДЕНТ АРАСЫНДАҒЫ БАЙЛАНЫС

        Баланы саналы, мәдениетті, салихалы және психологиялық тұрғыда мейірімді етіп тәрбиелеу – отбасы мен қоғамдық тәрбие орындарының үлкен парызы және де асыл мұраты. Отбасы - адамзат бесігін тербеткен ұя болса, сол отбасындағы баланың бас ұстазы - ата-ана. «Балапан ұяда нені көрсе, ұшқанда соны іледі» - демекші, бала әкеден ақыл, анадан мейірім алады. Ата-ана балаға сөзден гөрі іс, күнделікті жақсы әдет-ғұрып өнегесі күшті әсер ететінін ескеру керек. Ата-ананың айтқан ақылы қаншалықты дұрыс болғанымен, өз өнегесі, әдет-қылығы керісінше болып жатса, тек ақылдан еш нәрсе шықпайды.

Қазіргі ұрпақ еліміздің жарқын болашағы, жанашыры және иесі. Осы тұрғыдан алып қарағанда, қазақ елінің болашағы үшін бүгіннен бастап бар күш - жігерімізді салып, аянбай еңбек етсек нәтижелі іске де қол жеткіземіз. Отбасы мүшелерінің балаға әсері дұрыс болуы керек. Адамға ең бірінші білім емес, тәрбие берілуі керек, тәрбиесіз берілген білім - адамзаттың қас жауы, ол келешекте оның барлық өміріне апат әкеледі, - деген Әбу Насыр әл-Фараби бабамыз.

        Жас ұрпақты тәрбиелеу жүйесі жаңа заман талабына сай қоғамдық өмірде болып жатқан ұлы өзгерістерге байланысты. Ойлы ұрпақ тәрбиелегіміз келсе, ата-ана, колледж бен студент ынтымақтастықта отырып, білім ордасындағы тәрбие отбасында жалғасын табатындай етіп ұштастыра білгеніміз жөн. Қазақ зиялыларының бірі М.Жұмабаевтың: «Тәрбиедегі мақсат баланы тәрбиешінің дәл өзіндей етіп шығару емес, келешек өз заманына лайық қылып шығару» деп айтуы бала тәрбиесіндегі ата-ана, оқу орны, қоғам алдында үлкен жауапкершілікті тұрғандығын дәлелдейді. Игілікті болашақ жолында өзара ынтымақтаса жұмыс жүргізіп жатқан отбасы мен оқу орындар  аз емес. Соның бірі біздің «Каспий өңірі «Болашақ» колледжі». Бұл колледж өзінің мақсат қойғыштығы мен жүйелі жұмыс жүргізе білудегі асқан шеберлігін осы ұжымның өсіп - өркендеуіне пайдаланып, білім нәрімен сусындап жатқан әрбір баланың өмірін жақсы жағынан өзгерту жолында зор жауапкершілікті сезіне жұмыс жүргізеді. Ексең орасың – дейді халық даналығы. Жемісті білім алуы үшін оларға жан-жақты қадағалау жүргізіледі. Сабақтан кешікпеуі, колледж формасы мен сабақты босатпауы басты назарда ұсталады. Күнделікті жүргізілген бақылау студенттердің  назары мен бар зейінін түбегейлі сабаққа ғана аударуына негіз болды. Оқытушылар да жұмысын тоқтаусыз, үнемі ізденіс жүргізіп отырады.Егер адамдар ертеңгі күніне сенбесе, бәрі де құлдырайды.

...

Скачать:   txt (8.5 Kb)   pdf (56.4 Kb)   docx (9.4 Kb)  
Продолжить читать еще 2 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club