Инновациялык технологиялармен уздiксiз жумыс жасау - устаз тәжiрибесiнiн белсендiлiгi
Автор: aliyarahat1978 • Апрель 21, 2022 • Доклад • 949 Слов (4 Страниц) • 194 Просмотры
ИННОВАЦИЯЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАРМЕН ҮЗДІКСІЗ ЖҰМЫС ЖАСАУ – ҰСТАЗ ТӘЖІРИБЕСІНІҢ БЕЛСЕНДІЛІГІ
Жастар – біздің болашағымыз. Қазақ елінің өсіп-өркендеуі, гүлденуі жастардың қолында, сондықтан еліміз үшін алға қойған зор міндеттерді іске асырушылар – жастар. Олай болса, сол жастарға сапалы біліммен қатар салауатты тәрбие беру, әрине! «Халық пен халықты теңестіретін – білім!» - деп қазақтың заңғар жазушысы М.Әуезов айтқандай, білім бәсекесіне бейім шәкірт тәрбиелеу – біздің мақсатымыз. Сондықтан да жаңа жаңалықтардан қалмай, жаңалық жаршысы болуымыз керек. Бұл мақсаттарға жету үшін оқытушының ізденісі, жаңа тәжірибе, жаңа технологиялар қолдану қажеттілігі туындайды.
Қазіргі кезде кадр мәселесіне зор көңіл бөлініп, мамандар даярлайтын оқу орындарына қатаң талаптар қойылуда. Еңбек нарығында жаңа талаптарға сәйкес жас мамандардың жұмысқа орналасуы барған сайын қиындап, оның өзі колледждер арасындағы бәсекелестіктің күшеюіне, оларға қойылатын талап-сұраныстардың барынша арта түсуіне әкелуде. Сондықтан мамандар даярлауда білім сапасын арттыру мәселесі кез-келген оқу орны үшін маңызды. Осыған сай оқу орындарында бітіруші мамандарды бағалаудың өлшемдері жаңарып, жетілу үстінде. Бұл жерде ең басты мәселе – оқу орында көптеген жылдар бойы қалыптасқан әдістемелік жетістіктерді, озық дәстүрлерді заман талабына сай жаңғырта пайдалану. Оның бір жолы: медициналық білім беру орындарында инновациялық оқу үрдісін қалыптастыру мен дамыту.
Кейінгі жылдары жиі пайдаланылып келе жатқан жаңа ұғымдардың бірі – инновация. Инновация өздігінен пайда болмайды. Ол ғылыми ізденістердің, жекеленген оқытушылар мен тұтас ұжымның озық педагогикалық тәжірибесі. Бүл процесс стихиялы дамымайтындықтан, ол басқаруды қажет етеді.
Тұтас педагогикалық процестің инновациялық стратегиясында жаңашылдық процестерді тікелей алға апарушылар ретінде колледж директоры, оқытушылар мен шеберлердің рөлі арта түседі. Оқыту процесінің технологияларының көптүрлілігіне қарамастан, ақпараттық, проблемалық, модульдык, кейс-стади, рефлексия «адамтану», дуалдық, сын тұрғысынан ойлау технологиясы, дамыта оқыту технологиясы, деңгейлеп-саралап оқыту технологиясы, жобалау әдістерін қолдану арқылы оқыту, қашықтықтан оқыту технологиясы, этномәдениет, құрылымдық-логикалық, интеграциялық, ойын, тренинг – жетекші педагогикалық қызметті іске асыру оқытушының еншісіне қалып отыр.
- Сын тұрғысынан ойлау технологиясы. Сын тұрғысынан ойлауды дамыту бағдарламасы – әлемнің түпкір- түпкірінен жыйылған білім берушілердің бірлескен еңбегі,ал бағдарламаның негізі Ж.Пиаже, Л.С.Выготский теорияларын басшылыққа алады.
Сын тұрғысынан ойлау стратегиясы бойынша жүргізілетін жұмыста білімгерлердің:
1.Өз бетінше тұжырым жасау, қорытындыға келу.
2. Ұқсас құбылыстар арқылы арасынан тиімдісін таңдай білу.
3. Проблеманы шеше білу.
4. Пікірталасты жүргізе білуге қабілеті қалыптасады. - Деңгейлеп саралап оқыту технологиясы. Деңгейлеп саралап оқыту технологиясы дамыта оқыту идеясын жүзеге асыруға ,елестету мен есте сақтауын , белсенділігін дамытып ,білім сапасының артуыны көмектеседі. Деңгейлік тапсырмалардың ауқымы өте кең.Оқулықтағы жаттығулар өтілген ережелер бойынша қайталау, пысықтау бекіту жұмыстарына арналған тілдік , грамматикалық жұмыстар жүйесі. Деңгейлік тапсырмалар құрамына мәтіндер , тренингтер жүйесі қамтылады . Бұлар оқытудың деңгейіне сәйкес білімгерді саралап оқытуға ыңғайлы, әрі оқу бағдарламасы бойынша білімгерлердің жас ерекшелігі мен білім деңгейіне сай құрылады.
- Дамыта оқыту технологиясы. Дамыта оқытуда білімгерлердің ізденушілік –зерттеушілік әрекетін ұйымдастыру басты назарда ұсталады. Ол үшін білімгер өзінің осы кезеңге дейінгі тәсілдерінің жаңа мәселені шешуге жеткіліксіз екенін сезініп ,содан барып оның білімін алуға деген ынтасы артып,білім алуға әрекеттенеді.Сабақ мұндай жағдайда 3 құрамдас бөліктерден тұратын болады.
1. Оқу мақсаттарының нақты қойылуы.
2. Оны шешудің жолын бірлесе қарастыру.
3. Шешімнің дұрыстығын дәлелдеу. - Ойын арқылы оқыту технологиясы. Дидактикалық, тәрбиелік, дамытушылық,әлеуметтендірушілік мақсатқа жету. Ойындық іс-әрекеттің психологиалық механизмі жеке бастық өзіндік талап талғамдарына сүйенеді. Білімгерлердің бойындағы білімдік, танымдық, шығармашылық қасиеттерін аша түсуді көздейді.
- Модульдік оқыту технологиясы. Оқытудың тұтас технологиясын жобалау, алға қойған мақсатқа жетуді көздейтін педагогикалық үрдіс түзу, оқытушыға нәтижені талдап,түсіндіріп бере алатындай жүйені таңдау және құру. Білімгерлермен жүргізілетін қиындықтың алдын алу және түзету жұмысының жүйесін жасау. Бұл технологияның тағы бір ерекшелігі дарынды білімгерлермен тұрақты және жүйелі жұмыс істеу мүмкіндігі болып табылады.
- Ақпараттық технологиялар. Ақпараттық технологиялар ақпаратты алудың, қайта жасаудың, жеткізудің, сақтаудың және пайдаланудың әдістері мен құралдары. Апараттық технологияларды білім беру ісінде пайдаланудың мақсаты оқу процесіне қатынасушылардың дер кезінде тиянақты білім алуын қамтамасыз ету және оқытудың жоспарланған сапасына қол жеткізу болып табалады.
- Проблемалық оқыту технологиясы. Проблемалық оқыту өзінің мазмұны мен құрылымы бойынша педагог пен білімгерлердің шығармашылық процестерін жинақтайтын оқытудың педагогикалық технологиясы болып табылады.
- Кейс-стади технологиясы. Кейс-стади технологиясы кез-келген пәнді оқыту барысында қолдануға болады. Нақты жағдаят нақты дұрыс немесе дұрыс емес жауапқа ие бола алмайд, ол тек оқу материалы қызметін атқарады, сол арқылы білімгерлер талдауға, сөз сөйлеуге, пікір таластыруға, өз ойларын негіздеуге үйренеді.
- Рефлексия. Өзін-өзі тану, өзіне-өзі баға беру әдісі және білімгерлердің оқу материалын белсенді қабылдауын қамтамасыз ететін педагогикалық технология.
- Интеграциялық технологиясы. Курстар, оқу тақырыптары, оқу проблемалары және баска да оқытуды ұйымдастыру формалары деңгейінде әртүрлі пәндік білім, білік, дағдының интеграциясын қамтамасыз ететін дидактикалық жүйелер.
- Тренинг технологиясы. Белгілі бір шешімдерді орындауға бағытталған іс-әрекеттер жүйесі. Оған тұлғаны санаткерлік дамыту және басқару міндеттерін шешу бойынша жүргізілетін психологиялық тренингтерді, іскерлік қарым-қатынас, тұлғаны дамыту, коммуникативтік біліктер тренингтерін де жатқызуға болады.
- Жобалау әдістерін қолдану арқылы оқыту. Оқытудың басқа әдістерін толықтыру ретінде пайдаланылады. Жоба негізінен пәнаралық сипатқа ие болып, білімнің әр саласынан ақпаратты байланыстырып тұруды көздейді.
- Этномәдениет технологиясы. Этнопедагогика материалдары арқылы гуманизм принципіне негізделген оқу-тәрбие процесін жетілдіру жүйесі.
- Құрылымдық-логикалық. Оқыту жүйесін кезең бойынша ұйымдастыру, сол арқылы әрбір кезеңде оқытудың мазмұнын, формасын, әдістерін және құралдарын сәйкестендіріп таңдап алуды, нәтижелерді кезең бойынша диагностикалауды есепке алу негізінде дидактикалық міндеттерді қою мен шешудің логикалық бірізділігін қамтамасыз етуді көздейтін жүйе.
Оқу-тәрбие процесіне қазіргі заманғы технологиялардың енгізілуіне байланысты оқытушы мен шебердің қызметтері одан әрі игеруде. Оқытушының медициналық қызметі арнаулы, пәндік білімдерімен ғана шектелмей, педагогика мен психологияның, оқыту мен тәрбие технологиясы салаларының қазіргі заманғы білімдерін де қамтитын болғандықтан оқытушыдан арнайы психологиялық-педагогикалық дайындықты талап етеді. Осы негізде педагогикалық инновацияны қабылдау, бағалау және іске асыруға дайындық қалыптасады. Инновацияны жете түсініп, инновациялық әдіс-тәсілдерді колледж өміріне кеңінен енгізу – жас ұрпақтың саналы да сапалы білім алуының бірден-бір шарты болып табылады.
...