Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Глоссарий "Тәрбие"

Автор:   •  Сентябрь 28, 2021  •  Лекция  •  676 Слов (3 Страниц)  •  2,919 Просмотры

Страница 1 из 3
ГЛОССАРИЙ

Тәрбие - қоғамдық, өндірістік және мәдени өмірдің белсенді қатысушысын даярлауды мақсат етіп қойған, жеке адамды қалыптастырудың жүйелі үрдісі.

Тәрбие жүйесі – тәрбие ісінің мазмұны, құрылымы мен қолданудың әдіс-тәсілдері және оны білім беру үдерісінде қолдануды ұйымдастыру істерінің жиынтығы.

Тәрбие жұмысы – бұл жеке тұлғаның неғұрлым толық дамуына бағытталған ересектер мен балалардың тіршілік әрекетін ұйымдастыруға бағытталған мақсатты іс-әрекет.

Теория   (гр. theorіa – пайымдау, анықтау)– белгілі бір құбылыстың, шындықтың заңдылықтары мен байланыстары жайлы жан-жақты, толық мағлұмат беретін тұжырым.

Әдістеме дегеніміз - әдіс пен тәсілдердің жиынтығы.

Әдіс  тәрбиешінің  баланың бойына тұрақты моральдық көзқарастар мен адамгершілік сезімдерді,  дағдыларды сіңірудің құралы тұрғысынан қарастырылады.

Заңдылық  – қоғамның мақсаттары мен міндеттеріне сай келетін, заң аясынан шықпайтын құқықтық әрекеттер мен құқықтың орындалуына саналы түрде  жету.

Тәрбиенің әдіснамасы  - тәрбиенің тарихилығының айқындалуы, мақсаты, міндетіне, әдіс-тәсілдеріне сәйкес  мазмұнын жүйелі құра білу, бірізді, сабақтастықта  ұрпақтан-ұрпаққа жалғасқан  рухани  мәдени дәстүрлер тәрбие үдерісіне  жаңашыл көзқарастармен енгізе отырып,  тұлға бойындағы ізгілік қасиеттерді оның іс–әрекеті, қарым - қатынас, мінез – құлқында көрініс табуы.  

Тұлға – ерік-жігерінің іске асуы, өз ойын еркін іске асырудың дайындығы және оның іске асуының нәтижесі. Ерік-жігер механизмі дегеніміз адамның өзіне тән жеке бас қасиеттерін іске асыруы. Тұлға дегеніміз – сезімнің, әсердің ішкі күшінің - сүйініштің бойға жинақтаған көрінісі.

Ерлік тәрбиесі – ата-бабаларымыздың жауынгерлік дәстүрі негізінде оқушылардың ерік-жігерін, табандылық, батылдық қасиеттерімен бірге, ұлттық сана, парыз, намысты қалыптастыра отырып, Отансүйгіштікке тәрбиелеу.

Қазақстандық патриотизм - Қазақстанды  мекендейтін барлық ұлт пен ұлыстардың, халықтардың Қазақстан мемлекеті әлемдік биіктен  көріну үшін білім, мәдениет, экономика, әлеуметтік тұрғыда дамуына жағдай жасай отырып, еліміздегі бейбітшілік, бірлік пен тәуелсіздікті сақтау үшін барлық күш жігерін жұмсау.         

Әлеуметтік құндылық – ұрпақтан-ұрпаққа жинақталған тәжірбиелер, өмір шындығы. Мұндай құндылықтар  білім, мұрат,  адамдар арасындағы қарым- қатынас және мінез- құлық нормалары, адамдардың өмірлік іс - әрекеті.

Педагогикалық қолдау баланың дамуына көмектесу және оның денсаулық, қатынас, оқыту, өзін-өзі өмірлік анықтауы мәселелерін шешуге бағытталған өзін-өзі дамытуына ықпал ету мәселесін қамтиды.

Құндылық – Отан, адам, тұлға, өмір, адамдардың бір-біріне мейрімділік қарым-қатынасы, шыншылдық, әділеттілік, білім, ғылым, өнер адамның өмір сүруіне деген материалдық жағдайдың болуы.

        Білім - адамның белгілі бір жүйедегі ұғымдарының, деректері мен пайымдарының жиынтығы.

Ғалым – ғылыми зерттеулерді жүзеге асыратын әрі ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет нәтижелеріне қол жеткізетін жеке адам.

Ғылым – функциясы табиғи байлықтарды ұтымды пайдалану және қоғамды тиімді басқару мақсатында табиғат, қоғам және ойлау заңдарын зерделеу, болмыс туралы объективті білімді тұжырымдау және теориялық жағынан жүйелеу болып табылатын адам қызметінің саласы. 

Ғылыми-зерттеу жұмысы – бар білімді кеңейту және жаңа білім алу, ғылыми гипотезаларды тексеру, табиғат пен қоғам дамуының заңдылықтарын анықтау, жобаларды ғылыми жинақтау, ғылыми негіздеу мақсатында ғылыми ізденіспен, зерттеулер, эксперименттер жүргізумен байланысты жұмыс.

...

Скачать:   txt (10 Kb)   pdf (82.2 Kb)   docx (10.7 Kb)  
Продолжить читать еще 2 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club