Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Болашақ математика мұғалiмiнiң педагогикалық мамандық туралы кiрiспе сөзi

Автор:   •  Сентябрь 22, 2021  •  Эссе  •  756 Слов (4 Страниц)  •  427 Просмотры

Страница 1 из 4

Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті

[pic 1]

Педагогика пәні

№1 лекция тапсырмасы

                                                               Оқытушы:Жумашева С.С

Студент:Маммет Гауһар мок -202

Алматы 2021

Кәсiби бейiмделген эссе" Болашақ математика мұғалiмiнiң педагогикалық мамандық туралы кiрiспе сөзi"

    Қазақстан халқының дамуына қамтамасыз ететін – білім саласы. ХХІ ғасырдың жан-жақты зерделі, дарынды, талантты адамын қалыптастыру бағытында білім беру мәселесі мемлекетіміздің басты мақсаты. Қазақстан Республикасының Елбасы білім және ғылым қызметкерлерінің ІІ съезінде «Болашақта еңбек етіп, өмір сүретіндер – бүгінгі мектеп оқушылары, мұғалім оларды қалай тәрбиелесе Қазақстан сол деңгейде болады. Сондықтан да ұстазға жүктелетін міндет өте ауыр» деген. Қазіргі кезеңдегі еліміздегі өзгерістер, экономиканы дамытудағы стратегиялық жаңа бағдар, жедел ақпараттану мен әлеуметтік даму қарқыны білім беру жүйесіне, мамандар даярлауға зор талап қояды.
    Қоғам дамуы мен адамның жеке басының дамуы бір-бірімен тығыз байланысты. Қоғам адамды қаншалықты дәрежеде жетілдірсе, жетілген адам қоғамды соншалықты дәрежеде дамытады.Тәрбиесіз қоғам , қоғам болудан, адам адам болудан қалады. Материалдық және рухани байлық жасап, қоғамды дамытатын-адамдар. Ал адамдарды соған дайындап, тәрбиелейтін ұстаздар. Олай болса мұғалім- қоғам мен қоғамды, ғасыр мен ғасырды жалғастыратын буын.Тарихты жасайтын-халық, хылықтың
көзін ашып, көңілін ояататын, саяси қырағылыққа, сенімділікке, адамгершілікке, ізгілікке, имандылыққа, бауырмалшылдыққа, отаншылдыққа, азаматтыққа баулитын-ұстаз. 
    Педагогикалық дамуды қамтамасыз ету үшін кәсібилікті түсінудің нақты тәсілі талап етіледі.Бізге таза жеке тұлғаға немесе сыныпқа бағытталған тәсілден босауымыз керек.Себебі , бұл кезде белгілі бір бекітілген стандартқа сәйкес әрекет етеміз.Оның орнына мұғалім оқу қоғамдастығының бір бөлігі болып табылатын,кәсібилікке бағытталған «ұжымдық» және кешенді тәсіл қажет.Бұл тәсілдің аясында көшбасшы- мұғалім ұсынған зерттеулер мен инновацияларға негізделе отырып,мұғалімнің тәжірибесі жетілдіріледі. Мұндай тәсілде кәсіби біліктілік пен білім жай қабылданбайды, мұғалімдер оны өз қолымен жасайды.
   Мұғалім– адамды қалыптастыратын, адамды адам етіп тәрбиелейтін мамандық иесі. Мұғалімнің еңбегі өте жауапты, әрі күрделі. Ы.Алтынсарин мұғалімнің қоғам алдындағы рөлін қарапайым, әрі нақтылы етіп айта келіп, кезінде «жақсы оқытушыны дүниедегі заттың бәрінен де қымбат көремін»-деді. Я.А.Коменский «мұғалімнің қызметі мәртебелі»-деп бағалады. К.Д.Ушинский «Мұғалімнің жеке басы-жастар жаны үшін ешнәрсемен де айырбастауға болмайтын жанып тұрған күн нұры»-деп атап көрсетті.
   Мұғалімнің  қандай  сипатта  болу керектігі М. Жұмабаевтың : « Мұғалім үсті – үстіне  төпеп,  түрлі білімді,  түрлі сөзді айта берсе,  баланың да іші пысады. Мұғалімнің шеберлігі өзі білген білімнің бәрін балаға тез білдіруде емес,  еппен басқыштап білдіруде. Сабақ оқытуда мұғалімнің  сөзі жинақы,  жігерлі,  қызықты болуға тиісті. Сонда ғана  ол баланың абайын өзіне қарата алады. Болмаса,баланың абайы басқа нәрсеге  ауып кетеді.

...

Скачать:   txt (10 Kb)   pdf (140.7 Kb)   docx (69.9 Kb)  
Продолжить читать еще 3 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club