Болашақ математика мұғалiмiнiң педагогикалық мамандық туралы кiрiспе сөзi
Автор: 87087262080 • Октябрь 6, 2021 • Эссе • 715 Слов (3 Страниц) • 914 Просмотры
Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті
[pic 1]
Эссе
Тақырыбы: "Болашақ математика мұғалiмiнiң педагогикалық мамандық туралы кiрiспе сөзi"
Орындаған: Төлеген Мерейлім
Күні: 07.09.2021
Группа:МОК-203
Қабылдаған: Жумашева Светлана
Алматы 2021
Болашақ математика мұғалiмiнiң педагогикалық мамандық туралы кiрiспе сөзi.
Мұғалім— болашақ ұрпақтарды қоғамдық өмірге тез әрі жеңіл қосылу үшін және сол қоғамның сол мақсаттарды орындайтын адамдарды қамтамасыз ету қабілетін арттыру үшін тәрбиелеу мен оқыту қажеттілігі себебінен әлемдегі ең кең тараған мамандықтардың бірі. Менің түсінігімдегі мұғалім – рухы таза, ой – өрісі биік, ұлты мен Отанының болашағы үшін тер төгіп, шыдамдылық пен табандылықтың үлгісін көрсетуші, жаңашылдықтың бастаушысы, жүрегі – жылы, көңілі – дарқан адам. «Ұстаздық еткен жалықпас, үйретуден балаға» деп Абай атамыз айтқандай, ұстаз еңбегінің қыр-сыры мол. Бұл қиын да жауапты, шығармашылық еңбек екендігін баршамыз мойындаймыз. Сондықтан мен үшін мұғалім – ең мәртебелі, құрметке лайық мамандық.Сондықтан мен болашақ “Математика мұғалімі” боламын деп шештім. Менің математикаға деген құштарлығым 7-сыныпта ашылған болатын.Ол тек математика пәніне ғана емес,оны үйретіп жатқан мұғалімгеде қызықтым. Болашақта математикаға өз үлесімді қосқым келеді.Болашақ ұрпаққа,өзімнен кейінгі оқушыларға пайдам тисе екен деймін.Мүмкін жаңа теория шығып қалар,мүмкін математиканың оңай әрі тез жолы болар.Болашаққа деген жоспарым өте көп. Педагогика саласы өте қызықты, әрі күрлелі екеніне көзім жете бастады.Мен көп адамдармен, яғни оқушылармен жұмыс жасаған ұнайтынына көзім жетті.Осылайша математика мұғалімін таңдадым. Педагогиканың жетекші ұғымдарының бірі- «білім беру»-
ұғымын ғылыми айналымға 18-19 ғғ. енгізген ағылшын педагогы-ғалым Джон Локк және швейцар педагогы-дидакт Иоганн Генрих Песталоцци.
Білім беру – жеке тұлға мен қоғам мүддесі үшін жүргізілетін педагогикалық тұрғыдан ұйымдастырылған әлеуметтендіру үрдісі».
Математиканы оқыту дәстүрлі инструменталистік көзқарастан дамыды, онда математикалық фактілерге, ережелер мен әдістерге дербес ұғым ретінде назар аударылады, қазіргі заманғы конструктивистік көзқарас математикалық фактілерді, ережелер мен есептерді шешудің әдістерін қамтитын алдыңғы білім мен тәжірибені қалыптастыруға бағытталған. және жаңа математикалық ұғымдарды зерттейді. Бұл өз кезегінде студенттерге өмірдегі жағдайды түсінуге мүмкіндік береді. Тақырыптық оқыту - бұл түсініктерді нақты өмірлік жағдайларға қолдануға мүмкіндік беретін тәсіл. Ұзақ мерзімді оқудағы конструктивистік әдістің артықшылықтары мен табыстары көпшілік мойындағанымен, мұғалімнің санауды үйретуде осы әдісті қолдана алу және іске асыру қабілеті көбінесе олардың біліміне, тәжірибесіне, көзқарасы мен сенімдеріне байланысты.
...