Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Болашақ мамандардың бойына салауаттылықты қалыптастырудың тұжырымдамалық- әдіснамалық негіздері

Автор:   •  Январь 31, 2018  •  Курсовая работа  •  20,849 Слов (84 Страниц)  •  1,153 Просмотры

Страница 1 из 84

чъц\

МАЗМҰНЫ

Кіріспе........................................................................................................................8

1  Болашақ мамандардың бойына  салауаттылықты қалыптастырудың  тұжырымдамалық- әдіснамалық негіздері............................................................12

1.1 Қоғамдық құрылыстың өзгермелі шағындағы жастар

саясатының теориялық – практикалық тұжырымдамалары................................12

1.2 Халықтық педагогика құндылықтары негізінде өскелең

ұрпақты салауаттылыққа тәрбиелеудің тарихи педагогикалық ерекшеліктері.21

2 Халықтық педагогиканың жетістіктерін қолдана отырып

болашақ мамандарды салауаттылыққа тәрбиелеудің

ерекшеліктерін сабақтастықпен пайдаланудың ғылыми-әдістемелік жүйесі....30

2.1  Халықтық педагогика жетістіктері аясында жастарға  тәрбие

берудің ғылыми педагогикалық зерттеулерін сараптау үрдістері мен  

болашақ мамандарды салауаттылыққа тәрбиелеудің

ерекшеліктерін сабақтастықпен пайдаланудың ғылыми-әдістемелік жүйесі....30

2.2 Халықтық педагогика жетістіктері аясында  болашақ мамандарды салауаттылыққа тәрбиелеудің мазмұны мен негізгі жолдары.............................42

2.3 Болашақ мамандарды халықтық педагогика құндылықтарын  

қолдана отырып салауатты өмір салтына тәрбиелеуді анықтау үшін

жүргізілетін эксперимент жұмыстары....................................................................51

Қорытынды................................................................................................................58

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі............................................................................62

Қосымшалар..............................................................................................................65

Кіріспе

Зерттеудің көкейкестілігі. Қазіргі кезде адамдар мен қоғамның салауаттылығы бүкіл өркениетті әлем үшін әлеуметтік сипатқа ие болып отыр. Бүгінгі адам салауатты өмір сүру мен денсаулық мәдениетін игермей тұрып  өзін білімді адам деп санай алмайды өйткені, әрқайсымыздың денсаулығымыз  жеке байлық қана емес, ол сондай–ақ  еліміздің экономикалық қуатының өсуі үшін де қажетті шарт. Адам денсаулығы да сол елдің елдігін танытатын маңызды факторлардың бірі. Ал денсаулықтың негізгі шартты -  мәдени орта, салауатты өмір салты.

Елбасы Н.Ә. Назарбаев Қазақстан-2030 стратегиялық бағдарламасында “салауатты әрі гүлденген экономика құралмайынша біз қуатты-мемлекет пен қарулы күштер құра алмаймыз, демографиялық, экономикалық және әлеуметтік міндеттерді шеше алмаймыз, әрбір адамның жеке басының қадір қасиеті мен әл-ауқатын арттыра алмаймыз”, -деген болатын. Жастарды салауатты өмір салтына қалыптастыру мәселесі білім беру жүйесі алдында тұрған маңызды міндеттерінің бірі.

Қазақстан елінің тәуелсіз мемлекет мәртебесіне ие болуы ҚР-ның Конституциясының, ҚР азаматтарына білім беру туралы заңның, ҚР әлеуметтік-мәдени  ғылымның білім беру тұжырымының қабылдануы ұрпақ тәрбиесіне жаңаша қарауды, осы жақсарту жолдарын нақты шешуді талап етеді. Аталған құжаттарда басты назарда болған мәселенің бірі-жастар тәрбиесі, оның ішінде қоғамда салауатты өмір салтын қалыптастыру проблемасы.

Салауатты өмір сүре алмау мәселесінде, оған жастайынан дағдыланып,  үйренбегендіктен, рухани деңгейіміздің төмендеуінен, экономикалық апатта адам өмірінде кейбір жағымсыз көріністер етек алып отыр. Ол денсаулықтың нашарлануына, адамның азып-тозуына, қала берді, өмірдің өте қысқа болуына әкеп соғуда.

Соңғы кездері ішкілік пен есірткілердің жастар арасынан етене еніп, тамырына таралуы, оларды ұшқалақтыққа, дөрекілікке, әдепсіздікке, опасыздыққа, абыройсыздыққа итермелеуде, бұрын–соңды естіп көрмеген аурулар, олардың жантүршігерлік түрлері пайда болды. Атап айтсақ, соңғы толық емес мәліметтерге қарағанда, елімізде 2 млн. бала, тыныс жолдары ауруынан зардап шексе, 140 мыңнан астам баланың зәр шығару мүшелері ауырады.  Жүйке ауруына шалдыққандандардың саны 90 мыңға жетті. Әсіресе, вирусты гипатиттің өзі баланың 49 пайызын  қамтып үлгерген. Ресми тіркелген маскүнемдер саны 200 мыңнан аса, соңғы 10 жыл ішінде нашақорлықпен айналысатын адамдардың саны 5 есе көбейтіп отыр. Көбі жастар. Бұл бетінде кете берер болса, келешек  халқымыздың келешекте өзінің бүкіл генефолынан айырылу қаупі бар. Қоғамдағы жағымсыз жағдайлар мен аурулардың көптеп таралуына көпшілік жағдайда адамдардың өздері кінәлі. Соның ішінде негізгі факторлардың бірі – салауатты өмір салтына қалыптастыра алмау (режимнің сақталмауы – қимыл-қозғалыстың аз болуы, дұрыс тамақтанбай, жағымсыз әдеттерге жол беру, темекі тарту, арақ ішу, есірткі пайдалану).

...

Скачать:   txt (295.2 Kb)   pdf (780.5 Kb)   docx (126 Kb)  
Продолжить читать еще 83 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club