Балалар мен жасөспірімдерге кеңес беруге қатысу
Автор: ayazhanda • Ноябрь 11, 2024 • Эссе • 337 Слов (2 Страниц) • 30 Просмотры
Тәрбие тал бесіктен демекші- балаларға тәрбие мен кеңес беру өте маңызды. Баланың әлеммен және адамдармен қауіпсіз әрі дұрыс қарым-қатынас орнатуы жолында ата-ана алғашқы және өте маңызды оқытушысы. Ата-ана міндеті өз беделімен және тәжірибесімен баланы басу емес, керісінше жасөспірімге ұдайы түсіністік таныта отырып сөйлесуге тырысу, баланың дәлеліне құлақ қою, өз тәжірибесімен бөлісу. Ұлыңыздың немесе қызыңыздың мінез-құлқында әлдене ұнамаса немесе түсініксіз болса, оны бірден кемсітпей, қорқытпай, ашық жарқын, сенім орната отырып әңгімелесу керек.
Қазақ тәрбиесіндегі отбасына жыныстық білім беру мәселесі ұзақ уақыт бойы жабық тақырып. Егер ата-ана баласымен жыныстық даму және романтикалық қатынастар туралы ұялмай сөйлесе алса, ол өте жақсы. Алайда көптеген ата-ана, тіпті жыныстық ағартудың қажет екенін мойындай отырып, көбінесе жасөспірім неғұрлым ұзақ уақыт хабарсыз болса, олар соғұрлым жыныстық өмірді кеш бастайды деп сенеді. Нәтижесінде ашық әңгіме кеңес пен ескерту өзекті болмай қалған кезде пайда болады. Ересектер балалармен жыныстық қатынас туралы сөйлесуді кешіктірген кезде, жасөспірімдер өз сұрақтарына жауапты құрдастарынан, «көшеден», интернеттен табады, ал ол әдетте уақтылы, сенімді және пайдалы бола бермейді. Ондай жағдайдың алдын-алу үшін: жасөспіріммен ашық әңгіме физиологиядан, яғни адам ағзасының қалай жұмыс істейтіні туралы сөзден бастау керек. Жасөспірімге бәрі де жыныстық жетілу кезеңінен өтетінін айту маңызды. Сондай-ақ, жасөспірімге денесінің өзгеретінін уақытында білу өте маңызды және гигиенаның маңызы туралы айтып беріңіз. Келесі әңгімені ұлдар мен қыздар арасындағы
...