Адалдықты сақтау қажет пе?!
Автор: ykpal • Февраль 2, 2020 • Эссе • 1,445 Слов (6 Страниц) • 976 Просмотры
Адалдықты сақтау қажет пе?!
Адалдық кез-келген адамның өмірінде өзіндік мән-мағынасы бар ұғым. Адалдықты әр адам әрқалай түсінеді. Менің ойымша, адалдық – адам бойындағы ең негізгі бағалы қасиет. “Адалдық” ұғымы адамгершілік, шыншылдық, ар-ұждан сияқты асыл қасиеттермен ұштасып жатады. Қазіргі заманда кез-келген адамды адал деп айта алмаймыз. Тіпті қазіргі кезде адамдар бір-біріне толықтай сенуден қалған. Адамдардың мұндай деңгейде өзгеруі заманға байланысты деп те айтылып жатады. Дегенмен, заманның негізін қалаушы адам емес пе?! Сондықтан да әр адам адал болуды өзінен бастауы керек. Қазақ халқында адалдық ерте заманнан бастап жоғары бағаланған. Адамдардан адалдықты талап ету сонау Қазақ хандығы кезінде оның алдында да басталған. Оған көптеген мысалдар келтіруге болады. Мысалы, Сонау Тәуке хан кезінде қазақ халқының басын қосып, біріктіру үшін қазақтың айбарлы үш биі жасаған “Жеті жарғы” заңдар жинағында ұрлық-қарлық жасаған адамдарды, яғни адалдық принципін бұзған адамдарды ауыр жазаларға тартатын болған. Мұндай заңдар Тәуке ханның алдында билік еткен Қасым хан (Қасым ханның қасқа жолы) мен Есім хан (Есім ханның ескі жолы) сияқты хандардың, жалпы бүкіл қазақ хандарының заңдарында, яғни қазақ халқының барлық даму кезеңдерінде кездескен. Дегенмен, өмірде ақ пен қара қатар жүретіні сияқты адамдар арасында сатқындық, адалдық принциптерінен аттау кездесіп жатады. Жалпы “Алтын көрсе періште жолдан таяды” дегендей қай кезде болмасын адамдардар арасында адалдық қағидаларын бұзу кездеседі. Мұндай жағдайға мысалды алыстан іздеп қажет емес. Барлығымызға ежелгі Отырар қаласының даңқы белгілі. Отырар қаласы – ежелгі мәдениет, ғылым мен өнердің тоғысқан қаласы еді. Бірақ қай заманда болмасын өз қарабасын ойлаушы, сол заманның тағдырын тәлкек етуші тұлға табылады емес пе?! Отырар опаты осындай тұлғаның, яғни байлыққа құнығып, адалдықты шетке ысырып қойған Қаражанның іс-әрекеттері негізінде орын алды. Егер сол кезде Қаражан жау әскерлеріне Отырар қақпасын ашпағанда Отырар қаласы бүгінге дейін өмір сүрер ме еді?! Қазақ халқының көптеген алып, әдебиетте өзіндік орны бар тұлғалары халық адал болуға, адалдық қағидаларын жете сақтауға шақырды. Солардың бірі қазақтың ұлы ақыны Абай атамыз. Осы Абай атамыз өзінің отыр үшінші қарасөзінде былай деген: “Алдау қоспай, адал еңбегін сатқан қолөнерлі – қазақтың әулиесі сол”. Менің ойымша, бұл қарасөздің мағынасы әрбір адам жалқаулықтан бас тартып, адал бола отырып еңбектенуі керек. Абай атамыз өзінің қарасөзінде адал еңбек еткен адамды әулиеге, яғни қасиетті адамға теңеп, адамгершілік ұжымдық ортада бойына сіңірген тәрбиесіне, біліміне, адал еңбектенуге байланысты қалыптасқан, адамның жеке басы мен моральдық тұлғасын сипаттайды. Сонымен қатар, Шәкәрім Құдайбердіұлы адалдық турасында: Мақтан үшін мал жима, жан үшін жи, Ғибадат пен пен адалдық ар үшін жи, - деп, бақыттың өзі адалдыққа негізделетінін айта келіп, адалдықтың ар біліміне қатысына да ерекше көңіл бөледі. Адалдық қорғау қажеттігін, ол үшін адам бойындағы асыл қасиеттердің бірлікте болуын ашып көрсетеді. Осылайша, қазақ халқында ерте заманнан бері адалдық ұғымы жоғары бағаланып келеді. Мен тек бірнеше мысалдар келтірдім, әлі мен келтірмеген адалдықты сақтауға, адалдық қағидаларын бұзбауға шақыратын принциптер қаншама.
Адалдық туа пайда болмайды. Ол қоғамның дамуы негізінде әр адамның қабылдау қабілетіне байланысты жеке әр адамда қалыптасады. Қазіргі таңда бізде адалдық қағидаларынан аттау, оларды бұзу өте жиі кездеседі. Бағанадан бері айтып отырған адалдықтың негізгі қағидалары қандай? Мен қазір студент болғандықтан өзімізге қатысты, яғни білім беру үрдісіндегі академиялық адалдықтың негізгі қағидалары қандай, соларға тоқталып өтсем:
- Адалдық – білім алушылардың адал, лайықты орындауы бағаланатын және бағаланбайтын жұмыстар:
- Автордың және оның құқықтық мирасқорларының құқықтарын қорғауды жүзеге асыру – авторлық құқық объектісі болып табылатын тұлғалардың авторлығын және қорғалуын бөтен тіл, ойды дұрыс беру және бағаланатын жұмыстардағы ақпарат көздерін көрсету арқылы тану;
- Ашықтық – өзара сенім, ашық алмасу;
- Білім алушылардың құқықтары мен бостандықтарын құрметтеу – еркін білдіру құқығы;
- Теңдік – әрбір білім алушының ережелерді сақтау жөніндегі міндеті және оларды бұзғаны үшін тең жауапкершілік.
Қазіргі таңда Қазақстанның көптеген жоғарғы оқу орындарында Академиялық адалдық Кодексі енгізілген. Академиялық адалдық Кодексінің басты мақсаты қазақстандық жоғары медициналық білімнің әлемдік стандарттарға сәйкес сапасын қамтамасыз ету, оның тартымдылығы мен бәсекеге қабілеттілігін арттыру болып табылады. Академиялық тапсырмаларды орындай отырып, білім алушылар жаңа және инновациялық идеяларды қалыптастыру арқылы білім мен мәдениетті берудің қажетті деңгейін қамтамасыз ете отырып, білім беру мекемесінің іргелі құндылықтарының бірлігін қолдайды. Академиялық адалдық Кодексін енгізудің негізгі міндеттері:
...