Әдебиет
Автор: Bekzat Merekenov • Июнь 22, 2022 • Реферат • 848 Слов (4 Страниц) • 251 Просмотры
Қазақ әдебиетінің арнаулы бір саласы деп танылған ақындар айтысынсыз, өткен уақыттарда қазақ халқының өмірінде болып жатқан думан,той, жиын өтпеген. Ежелден сақталған ақындар айтысының мызғымас дәстүрі ретінде жас пен кәрі, әйел мен ер айтыса берген. Бұл сөзімізге дәлел, қарт ақын Жанақ пен, жас талант Сабырбайдың, Кұнбала қыздың атасымен жасты Жабылмен айтысын айта аламыз.
Айтыс ауыр тартыс болғандықтан да,аттың шабысы жігіттің шалысы шешетін сын емес. Ол мол білім мен шапшаң тапқырлықты, төзімділікті, табиғи дарынды талап етеді. Осы себептен, үйренуші жас ақын үлкен ақындармен қатар еріп жүріп, ел-жер аралап, білімін толықтырып, біліктілігін шыңдайтын болған. Ұстаз рұқсатымен ұсақ айтыстарға қатысып, шыңдалатын болған.
Сұлу сөздерін маған сыйға тартқан , пірім-Сүйінбайға сыйынбай сөз сөйлемеймін деп кеткен Жамыл атамыз секілді, қай-қай ақын болмасын өзің ұстазын үнемі айтып,дәріптеп жүрген.
Айтыс өнер жарысы болуымен қатар, намыс тартысы деп танимыз. Себебі, айтыс ақындары шыққан ортасын мақтап-мадақтап, қарсыластың кем тұстарын әшкерелеп, әжуалаған. Айтыс барысында ақындарда адамның атақ-даңқы, бет-жүзіне қарау деген ұғым жоқ. Мысалы, халықты қанап отырған Құнанбайды сынға алған Шөже ақын халық құрметіне бөленсе, Сүйімбай ақын Тезек төренің былықтарын әшкерелейді.
Ақындар алқа топтың алдында екі жақтың артығы мен кемі, тоғы мен ашы, жақсы мен жаманы, табысы мен қалысын жайып салып отырған. Болыс пен билерді, байлар мен төрелерді, хан мен молдаларды тіл сүңгісімен түйреп өту нағыз шыншыл ақынның қолынан ғана келетін ерлік. Осы себептен де халық ақындар айтысын бар ынта -көңілімен тыңдап, жаттап алатын болған.
Жалпы халықтық,әлеуметтік мәселелерді көтерген шыншыл ақындардың айтысы рулық шеңбер мен діни ұғымнан ана ғұрлым асып кеткен. Жамбылдың Құлмамбетпен, Досмағамбетпен айтысы байлар мен молдаларды әшкерелесе, әйел баласын малға сатқан феодализм көріністерін ашқан Біржан-Сара айтысы анық дәлел. Ақындар айтысының әлеуметтік маңызы да осында жатыр. Дегенмен, ақындар айтысының маңызы мұнымен шектеліп қалды деген сөз емес. Айтыстың білім берер ұтымды қасеті де бар. Ақындар өздері аяқ басқан барша елге өздерінің туып-өскен жерінің байлығын, табиғатын, адамдарын, жақсы атанған ерлерін айтып, таныстыра отырып білім берген. Тау өлең, су өлең деп аталған бұрыңғы Жетісу өлкесіндегі айтыстардан және жұмбақ айтыстан мұны көре аламыз.
Топшылау мен болжамдар бойынша,ақындар айтысы байтақ жерде орналасқан,халқы сирек, салт-санасы ,шаруашылығы ұқсас ,тілек ниеті бір елдің ұлт болып бірігуіне белгі бір дәрежеде әсері бар деп санайды.
XVIII-ХІХ ғамырларда жер-су, елдік пен ерлік, ерік пен теңдік, білім мен сенім секілді ауқымды мәселелерді көтерген ақындар айтысы, әу баста қотан шетінде қой күзеткен, шілдеханада айтылар өлеңдерден бастау алғаны хақ. Осы себептен, жас ақындар ел жер аралап,білімін молайтып, тәжірибесін шыңдауға талпынды. Осы ізденіс нәтижесінде ,Орынбай, Шанақ,Сүйімбай, Шөже,Кеншінбай,Ақсұлу,Ырысжан,Біржан,Әсет,Нұржан,Сара,Сапарғали секілді маманданған,сақа ақындар халық ортасына шықты.
Өнер жарысы мен өткір сынның алаңы болған айтыс, Ұлы Октябрь революциясынан бері қарай дамып, жаңара түсті . Ақындар қатары Жамбыл көш бастаған, Майасар, Нартай, Жақсыбай,Қалқа,Орынбай,Шашубай,Үмбетәлі, Иса,Доскей,Болман т.б дүлділ дермен толықты.
Республика аумағында орналасқан колхоз, ауыл,аудан,облыстарда әлі күнге дейін думан-тойларда айтыстар ұйымдастырылып жүр. Атырау,Ақтөбе, Қызылорда, Оңтүстік қазақстан, Жамбыл, Алматы,Қарағанды т.б облыстарда кіші болса да айтыстар ұйымдастырылып, халық сүйіп тыңдайтын өнеріне айналған. Бұндай ақындар айтысының ұйымдастырылуын тоқтпаған жөн. Себебі нағыз жүйріктердің шыңдалып шығар ортасы осы.
...