Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

«Құбылу»: құндылықтар алмасу

Автор:   •  Март 15, 2022  •  Реферат  •  340 Слов (2 Страниц)  •  401 Просмотры

Страница 1 из 2

Ой-толғау

«Құбылу»: құндылықтар алмасу

Әдебиет адам жанын ізгілендіреді, нұрландырады. Әдебиеттің миссиясы адам бойындағы ассаси сезімдерді сап қалпында сақтауға мүмкіндік береді. Әдебиет өкілдері, жазушылары, драматургтері, ақындар адам жанының инженерлері.

Франц Кафка әдебиетке өз өмірімен, балалығымен тұтас саналы ғұмырымен қызмет еткен шығармашылық иесі. Олай дейтін себебіміз, Эрнест Хеменгуей «Жақсы жазушының бақытсыз балалық шағы болады» деген пікіріне сүйеніп, Кафканың өмірін зерттеушілер оның балалық шағында ұдайы отбасылық кикілжінде, әкесі мен өгей шешесінің арасындағы келіспеушіліктер жиі болып тұратынын жоққа шығармайды. Осы естеліктер бала күнінен жадында сақталған. Франц Кафканың келе-келе ойынан шықпай, тіліне тиек болып, атақты «Құбылу» шығармасының дүниеге келуіне септесін болды. Әрине, бұл, яғни, Кафканың ғұмырын кешкен кез-келген адам мұндай шығарма жаза алады деген сөз емес. Оған табиғи талант пен парасатты пайым және дүниеге деген көзқарас бөлек болу керек екенін кез-келген шығармашылық иесі айтады.

Ф.Кафканың төлқұжатына айналып кеткен «Құбылу» («Превращение») шығармасы әлем әдебиетінде көп сыналған, көп оқылған, көп талқыланған туынды. Себебі, бұл модернизмнің басында тұрған шығармалардың бірі. Шығармада автор адам жанының, адам мінезінің, адам болмысының әрқилы, сан түрлі өзгерістерге ұшырап құбылатынын персонаж бейнесі, нақтырақ айтсақ, бас кейіпкер Грегор Замза образы арқылы шебер суреттейді. Грегор Замза шығармада бас кейіпкер ойының дүниесге көзқарасының таным талғамының артында автор Франц Кафканың өз тұрғанын көзі қырақты оқырман аңғаруы қиын емес. Шығарманың «Құбылу» аталуынан-ақ оның философиялық, психологиялық модерн туынды екенін салмақтауға болады. «Құбылу» Л.Толстойдың «Арылу», Кобо Абэнің «Бөтен бет», Х.Муракамидің «Мори ағай» сынды әлемді ойға қалдырған, толғандырған моционға шығуға итермелеген сүйікті туынды. Қазақ әдебиетінде бұл шығарманы жазушы М.Мағауиннің «Жармағымен» салыстыруға келеді.

...

Скачать:   txt (5 Kb)   pdf (59.1 Kb)   docx (8.4 Kb)  
Продолжить читать еще 1 страницу »
Доступно только на Essays.club