Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Қыз тәрбиесі – ұлт тәрбиесі

Автор:   •  Октябрь 23, 2018  •  Статья  •  513 Слов (3 Страниц)  •  904 Просмотры

Страница 1 из 3

Қыз тәрбиесі – ұлт тәрбиесі

Қыз әрбір шаңырақтың шаттығы, бетке ұстар мақтанышы, ар-намысы. Қазақ халқы ежелден қызға қырық үйден тиым жасап, еркесінің тәрбиесіне ерекше көңіл бөлген.  Кішкентайынан бәрінен бұрын абыройын биік қоюды үйретіп, үкілеген үмітіне балаған. Үлкенге құрмет, кішіге ізет білдіруді үйреткен.  Қыз баланың келе жатқанын шолпысының сыңғырынан білетін болған. Бұрындары, ата-анасы, жеңге, ағалары қыздарын көздерінен таса жерде қалдырмаған. Осындай ұлттық құндылық пен салт-дәстүрді бойына сіңірген апа-әпкелерімізді көргенде әуесің келеді. Ал, қазіргі қазақ арулары қандай? Барлығы бірдей тәрбиелі ме?  Бүгінгі ұрпақ ұлттық құндылығы мен берер тәрбиесі жоқ Батыс мәдениетін қомағайлана жұтуда. Денесіне неше түрлі суреттер салғызып,  көшелерде аяғын айқастырып, шылымды саусақтарының арасына  қыстырып будақтатып отырғанын көргенде сөзсіз жанымыздың ашитыны рас. Қазақ қыздарының дәл қазіргі көрінісін Абайдай ұлы ақынды тәрбиелеген Зере мен Ұлжан апаларымыз көрсе естен танарлықтай хәлде болары һақ. Әрине, барша аруларымызға бірдей топырақ шашпаймын. Алайда бір құмалақ, бір қарын майды шірітеді деген аталы сөз бар қазақта.

Қазақ қыздарының көпшілігі шет ел жігіттерінің етегіне жармасып, мұхит асып жатыр. Өзіміздің көрші ел Қытайдың жігіттерінен де күйеу балдарымыз бар. Аруларымыздың Еуропа асып, бөтен елді жағалауында да себеп бар. Ол, байлыққа құнығу. Болашақ өмірлерін үш қабатты үй мен соңғы үлгідегі автокөлікпен елестетететін қыздарымыз бақыттың ақшада емес екенін ұғынбайтын көрінеді. Бай-бағландардың етегіне жармасып, байлықтың базарында аздаған уақыт жүруі мүмкін, алайда, мұндай есеппен құрылған некенің соңы жақсылықпен аяқталмайтыны сөзсіз. Өзге ұлт жігітінің бір-екі айлық мазағына айналмай, қазақ жігітінің өмірлік жарына айналған абзалырақ.  «Екі ауылдың арасын жол қосады, Екі елдің арасын қыз қосады»,- деген мақалды аруларымыз тура мағынасында түсінген секілді. Діні, тілі, мәдениеті бөлек елді жағалап,  өз ұлтының тарихын, ділін ұмытып жатыр. Ал, өз мемлекетін естен шығарған кісіден мәңгүрт ұрпақтың туылары һақ.

...

Скачать:   txt (7 Kb)   pdf (66.4 Kb)   docx (12 Kb)  
Продолжить читать еще 2 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club