Қарақалпақ қазақтарының тіліндегі лексикалық ерекшеліктері мен тұрмыста қолданылуы
Автор: Zhappar2002 • Март 21, 2019 • Курсовая работа • 9,058 Слов (37 Страниц) • 841 Просмотры
Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі
Түркістан облысы
Түлкібас ауданы
М.В.Ломоносов атындағы мектеп-гимназиясы
[pic 1]
Бағыты: Қазақстанның тарихи ескерткіштері және болашақ дамуы бар саяхат маршруттары
Секциясы: Қазақ тілі
Тақырыбы: Қарақалпақ қазақтарының тіліндегі лексикалық ерекшеліктері мен тұрмыста қолданылуы
Авторы: Рахымбай Әсел, М.Ломоносов атындағы
мектеп-гимназиясының «10 Б» сынып оқушысы
Жетекшісі: Алтаева Жанар Елеусизовна,
М.Ломоносов атындағы мектеп-гимназиясының
қазақ тілі және әдебиеті пәнінің мұғалімі
Т.Рысқұлов ауылы
2019
Аннотация
Автор берілген ғылыми жобада Қазақстан жеріндегі Қарақалпақ қазақтарының өкілдерімен бірнеше ғасырлардан бері араласып отырған түркі тілінің ерекшелігі мен диалектикалық сөйлеу мәдениетінің бүгінгі замандағы маңыздылығына көп көңіл бөлген.Қазақстан жеріндегі Қарақалпақ қазақтарының тіліндегі лексикалық қолданылу ерекшеліктеріндегі тілдің тазалығы, тілге деген қызығушылықты арттыратын сөздік құрамы зерттеліп анықталған.
Дәлелдеулер нақты мысалдарға, зерттеулеріне, халықпен кездесу барысында сұхбаттасу мен қосымша материалдарға негізделген. Сыртқы әсердің жетегіне еруге өте бейім тұратын – тілдің лексика саласының ерекшелігін ұтымды көрсете білген.
Аннотация
В данной работе автор обращает большое внимание на то, что казахи из Каракалпакстана с давних времен при диалектическим разговоре соблюдают лексические особенности и значение разговорной культуры.Также автор сумел отобразить лексические особенности,схожести и различия сравниваемых языков в Южных регионых Казахстана.Все доказательства основаны на конкретных примерах, исследованиях и дополнительных материалах.Кроме того,данная работа способствует повышению интереса к казахскому языку,а также к развитию интереса к изучению и других языков.
Annotation
In the work the author pays great attention on that the Kazakh language in the Karakalpak region has influence on the use of the Kazakh language by other nationalities. Also the attention to lexical features of the Kazakh language in Karakalpakstan and in the Southern regions of Kazakhstan is paid. The author managed to display lexical features, similarity and differences of the compared languages. All proofs are based on concrete examples, researches and additional materials. Besides, this work promotes increasing of interest in the Kazakh language, and also the development of interest in studying other languages.
Ломоносов атындағы мектеп-гимназиясының
10 «Б» сынып оқушысы Рахымбай Әселдің
«Қарақалпақ қазақтарының тіліндегі
лексикалық ерекшеліктері мен қолданылуы»
атты ғылыми жұмысына
Рецензия
Біздің қазақ тілінде кездесетін тіл ерекшеліктерінің бірі – басқа түркі тілдің түпкі сөз мағыналарының ерекшеліктері мен олардың бірнеше аймақтарда қолданылуы. Сондықтан автор бұл ғылыми жобада қарақалпақ қазақтар мен жергілікті қазақтардың тілінде бір сөздің екі түрлі мағынаға ие болатынын анықтап, сөздің лексикалық жағынан ерекшелігі көп кездесуіне себеп: бір аймақта екі тіл элементтерінің қатар қолданылуынан екендігін жорамалдап көрсете білген. Олардың тілінде синоним, омоним, көп мағыналы сөздер көп кездеседі. Тіл өнеріне қоса сөз әдебіне де аса үлкен мән берген халқымыз мағынасы жағымсыз сөздерді жұмсартып, жеңілдетіп айтудың әр алуан түрін қолдана білген. Сондықтан қарақалпақ қазақтарының тіліндегі сөздер Қазақстан өңірінде мағынасына қарай бірыңғай мағыналы болып ұқсайтынын ерекше атап көрсеткен. Бұл сөздер күнделікті тұрмыста, өзара қарым қатынас жасау үдерісінде қолданылуы бір тегіс еместігін анықтаған. Ғылыми жобаның құндылығы оқушының қазіргі кезеңде қазақ тілін дамытуда зерттеулер жүргізу мақсатында тіл байлығын жетілдіру, өз еліне деген сүйіспеншілігін арттыру. Бұл жобада еліміздегі тіліміз кейін пайда болған сөздерді байланыстыра отырып, қазіргі кезде халықтың қолдануына мүмкіншілік беріп, тіліміздің байлығы мен оралымдығы, көркемділігі мен бейнелілігі сөздік қор молдығымен көрініс тапқан.
...