Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Қазтай Халықұлы 1931

Автор:   •  Июнь 12, 2018  •  Реферат  •  376 Слов (2 Страниц)  •  722 Просмотры

Страница 1 из 2

Қазтай Халықұлы 1931 жылы Батпаққара өңірінде дүниеге келді. Шын есімі –Қажымұхаммед. Айтуға ыңғайлы болғандықтан ел оны Қазтай деп атап кеткен екен. Атадан жалғыз қалған әкесі оны ашаршылық кезінде сиырдың сүтімен асырап аман алып қалды. Сиырды жасырын ұстапты. Шешесінің есімі –Ибагүл. Өте мінезге бай, қарапайым жан болыпты. Әкесі Халық ата-бабасынан үзілмей келе жатқан қобыз өнерін өте жақсы меңгерген адам болыпты. Бұл да бір ерекше дарын иесінің көрінісі деп білемін. Жапарұлы Халық неміс фашистеріне қарсы қанды соғыста қаза тапқан соң аудан орталығындағы интернатқа орналасып, 1951 жылы Аманкелді орта мектебін үздік, 1955 жылы А.С. Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтын филология факультетін қызыл дипломмен бітірген. Ұстаздары аспирантураға қал дегенмен ата-анасының қарттығына байланысты елге оралады. Еңбек жолын өзі ұшқан ұясынан бастап, қазақ тілі мен әдебиетінен дәріс бере жүріп, мектеп жанынан ән-күй, драма үйірмелерін ұйымдастырды. Өлеңдері өзі қызмет атқарған Аманкелді ауданы «Социалистік шаруа» газетінде, облыстық, республикалық, баспасөзде жарияланып тұрды. Қазтай ата ақын ретінде де танымал болды. 1957 жылы Қостанайда өткен бірінші фестивальда күй тартудан, қара сөз оқудан лауреат атағын алып келді. 1958 жылы ауданда өткен жалпы ақындар айтысында бас жүлдені алып, елді аузына қаратқан жалынды сөздерімен қара қылды қақ жарған жоғарғы буынның қасиетті ұрпақтарының талантты ұлдарының бірі еді. 1959 жылы аудандық «Социалистік шаруа»  газетінде 25.01 «ауыз әдебиеті мұраларын жинауды ұмытпайық» деген мақала жазып, Торғай өңірінде бұрынырақта өмір сүрген ақын-жыраулар шығармашылығы жайлы күрделі мәселе көтерді, атақты Сейдахмет ақынның өмірінен құнды деректер берді. Күнделікті баспасөзде еңбек адамдары туралы очерктері мен ауыл тұрмысы, мәдениет мәселелерін сөз ететін ойлы мақалалары мен сын-сықақ, фельетондары жарияланған. Бұрын жұмыс істеп, кейін тарап кеткен Н. Ахметбеков ұйымдастырған халық театрының жұмысын қайта жандандыруға көп үлес қосты, оның алғашқы режиссері болған. Қазтай ата әріптесі болған К. Өтебасовпен бірге «Абай», «Аманкелді», «Ақан сері-Ақтоқты», «Шұғыла», «Рәбиға», «Беу, қыздар-ай» пьесаларын аудандық мәдениет үйінің сахнасында шығарды.  Нұрхан, Құтжан , Ахметхандар құрған театр тарқап кеткен еді. 1954 жылы Қазтай бұл іске басшы болды.  

...

Скачать:   txt (5 Kb)   pdf (56.2 Kb)   docx (11.1 Kb)  
Продолжить читать еще 1 страницу »
Доступно только на Essays.club