Қазақ әдеби тіліндегі қоғамдық саяси лексика
Автор: Gul31 • Ноябрь 4, 2023 • Курсовая работа • 3,563 Слов (15 Страниц) • 109 Просмотры
М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университеті КЕ АҚ
Ұстаз институты
Қазақ тілі мен әдебиеті кафедрасы
Тақырыбы: Қазақ әдеби тіліндегі қоғамдық саяси лексика
Орындаған: Сапарғалиқызы Г.
Тобы: КЯ 20-3
Қабылдаған: Ахаева М.С.
Тараз, 2022[pic 1]
Жоспар:
Кіріспе.............................................................................................................. | 3 |
1 Қазақ әдеби тіліндегі қоғамдық-саяси лексика......................................... | 5 |
1.1 Қоғамдық-саяси лексиканың зерттелуі................................................... | 5 |
1.2 Тәуелсіздік кезеңіндегі қоғамдық-саяси лексика.................................. | 7 |
2 Қоғамдық саяси лексиканың лексика-семантикалық ерекшеліктері..... | 9 |
2.1 Қоғамдық саяси лексиканың грамматикалық сипаты.......................... | 10 |
Қорытынды..................................................................................................... | 11 |
Пайдаланылған әдебеттер.......................................................................... | 15 |
[pic 2]
Кіріспе
Тіл - бір халықты, елді, ұлтты бір іргеде ұстап тұрған құнды байлық, яғни халықтың діңгегі. Халықтың сан ғасырлық тарихының бастауы сол халықтың тілінен бастау алады декес қате пікір емес. Ана тілі әр халықтың әлеуметтік жағдайын сипаттайтын, рунахи құндылықтарын танытатын, мәдени дамуын, таным деңгейінің өсуін, болмыс, бітімін көрсететін таптырмас ең маңызды құрал.
Әлем тілдері секілді біздің ана тіліміз, яғни қазақ тілінің тарихыда күрделі процесс болып табылады. Тіземнен сүріндірсең, сүріндір, тілімнен сүріндірме деп ата бабамыз тіліміздің құдыретін түрлі мақал мәтелдермен ақ мазмұнды да қордалы тіл екенін тіл екенін көрсетіп берген.
Ерте кезеңдерден ақ түрлі өзгерістерге түсіп, сан түрлі сараланған, керегінше байып отыратын қазақ тіл білімінің бір саласы- лексикалогия ғылымы болып табылады. Бүгінгі күнде тәуелсіздікке қол жеткізген, жаһандану дәуірінде ана тіліміз, яғни қазақ тілі жан жақты зерттеле отырып, лингвистиканың әр саласына зерттеу жұмыстары жүргізіліп, түрлі ғылыми еңбектер жарық көріп отыр. Қазақ тіл білімі саласына елеулі еңбектерін сіңірді деп А.Байтұрсынұлы, Қ.Жұбанов, І.Кеңесбаев, К.Аханов, Ғ.Қалиұлы, С.Аманжолов сынды тағы да басқа лингвист ғалымдардың еңбектерін айтсақ болады. Қазіргі таңда лексикалогия саласы қарқынды зерттелуде, оның ішіндегі қоғамдық саяси лексиканың зерттелуіде маңызды мәселелердің бірі. Осы мәселе, яғни қоғамдық саяси лексиканың зерттелуі мен қалыптасуы жұмысымыздың өзектілігі болып табылады.
Зерттеу жұмысының мақсаты:Қоғамдық саяси лексиканың тілдік қордан алар орын нақтылау және олардың түрлі топтары мен ерекшеліктерінің сипатын таныту.
Зерттеу жұмысының міндеттері:
- қазақ әдеби тіліндегі қоғамдық саяси лексиканың тілдік қордан алар орнын анықтау;
- қазақ әдеби тіліндегі, жалпы сөздік қордағы қоғамдық саяси лексканың қолдану жолдарын анықтау;
- қазақ әдеби тіліндегі қоғамдық саяси лексиканың зерттелу мәселесін қарастыру;
- тәуелсіздік кезеңіндегі қазақ әдеби тіліндегі қоғамдық саяси лексиканың маңызын салмақтау;
- қазақ әдеби тіліндегі қоғамдық саяси лексиканың қызметтері мен қолдану аясын анықтау.
Зерттеу жұмысының теориялық және әдіснамалық негіздері. Зертеу жұмысы барысында алынған нақты теориялық-әдіснамалық тұжырымдамалар мен нәтижелер қазақ лингвистика саласының, этнолингвистика, грамматика, лексикография, лексикалогия сынды салаларының дамуына бірден-бір үлесін қосады. Зерттеу жұмысы барысында бірқатар шетел зерттеушілерінің еңбектерімен қоса қазақ тіл білімінің дамытқан Ғ.Мұсабаев, Р.Сыздықова], С.Аманжолов, І.Кеңесбаев, Қ.Жұбанов тағы да басқа қазақ ғалымдарының тұжырымдамалары мен нақты пайымдалған пікірлері кеңінен қолданылды.
...