Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Мұстафа Шоқайдың қоғамдық-саяси қызметі

Автор:   •  Декабрь 4, 2021  •  Эссе  •  5,334 Слов (22 Страниц)  •  640 Просмотры

Страница 1 из 22

Коммерциялық емес акцонерлік қоғам

ҒҰМАРБЕК ДӘУКЕЕВ АТЫНДАҒЫ

АЛМАТЫ ЭНЕРГЕТИКА ЖӘНЕ БАЙЛАНЫС УНИВЕРСИТЕТІ

 

Әлеуметтік пәндер кафедрасы

 

 

 

№1 С Е М Е С Т Р Л І К   Ж Ұ М Ы С

 

 

 

Қазақстанның қазіргі заман тарихы пәні

 

Тақырып: Мұстафа Шоқайдың қоғамдық-саяси қызметі

 

Мамандығы Электр энергиясының жүйелері

 

Орындаған: Сырлыбай Бақытжан

Тобы:21-1

 

Тексерген_____________________________________________________

                 (Аты-жөні, атағы, қызметі)

 

_____________   ______________ «_____»  ______________2020__ж.

               (бағасы)          (қолы)

 

 

[pic 1]

КІРІСПЕ: Ұлт мақтанышы – Мұстафа Шоқай

 Негізгі бөлім.

1. ҚАЗАҚ ХАЛҚЫНЫҢ ЖАРЫҚ ЖҰЛДЫЗЫ

 2. МҰСТАФА ШОҚАЙДЫҢ 1917 ЖЫЛҒЫ РЕВОЛЮЦИЯЛЫҚ ӨЗГЕРІСТЕР ТҰСЫНДАҒЫ ҚОҒАМДЫҚ -САЯСИ ҚЫЗМЕТІ

Қорытынды

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

[pic 2]

     Зерттеу жұмысының сипаты. Зерттеу жұмысы орыс отаршылдығына қарсы қазақ, өзбек, қырғыз, татар, башқұрт деп бөлектемей түрік тілді халықтардың бірлігі жолындағы жанқиярлық күрестерде шыңдалған жүз жылда бір-ақ рет дүниеге келетін қазақтың бір туар ұлы Мұстафа Шоқайұлының өмірі мен қоғамдық-саяси қызметіне талдау жасау болып табылады. Зерттеу жұмысының өзектілігі. Қазақстанның мемлекеттік тәуелсіздікке қол жеткізуі тарихымыздағы «ақтаңдақтардан» арылуымызға және ұлттық рухани құндылықтардың қайта жаңғыруына жол ашты. Ұлттық рухани құндылықтар төл тарихымыздың ажырамас бөлігі болып табылады. Осыған байланысты Елбасымыз Н.Ә. Назарбаев: «Біздің мақсатымыз, ғылымды жаңадан жасап, оны еш нәрсеге жарамай қалған, ескірген идеялардан тазартуға тиіспіз. Әсіресе, мұны қоғамдық ғылымдар саласына қолдануымыз керек», деп атап көрсеткен болса, М. Шоқай ұлттың өз «Мінін» сақтап қалуында және ел мен ұлттың болашақтағы дамуы сол ел мен ұлттың тарихын қалай жазуға тікелей байланысты екендігіне назар аударып, большевиктік «зерттеуші кездеген мақсаттарын күні бұрын белгілеп алады да, соған жету үшін оқиғалар құрастырады. Тіпті мақсаты қажет етіп жатса, оқиғаларды ойдан шығарады. Мақсатқа қайшы келетін бұлақ көздеріне жуымайды. Мұңдай тарихшылар өзін бейтарап ұстаудың орнына оқиғаларға партиялық тұрғыдан талдау жасайды. Кеңес тепкісіндегі халықтардың ұлттық қозғалыстары туралы жазып жүрген большевик тарихшылар осы екінші түрге жатады. Большевиктер жалпы ғылымда бейтараптықты мойындамайды. Ғылым олар үшін таптық күрестің баламасы. Сондықтан олар тарихты өздерінің болашақ таптық мақсаттары үшін пайдалануға тырысады. Өйткені олар тарих өткен өмірден мағлұмат беретін ғылым ғана емес, келешекке сабақ беруге қызмет ететін ғылым екенін де жақсы біледі» деп атап көрсеткен болатын. Міне, сол себепті бүгінгі күн талабы осы мәселеге құлдық психологиядан арылған жаңа көзқараспен қарауды, жаңаша бағалауды қажет етеді және бұл әрине тақырыптың өзектілігін көрсетеді. Демек, біз, тәуелсіз қазақ мемлекеттілігі жағдайында ұлттық санамызды жаңғыртып, тарихи танымыздың көкжиегін кеңейту үшін «тар жол тайғақ кешуден» өткен халқымыздың кешегі жүріп өткен жолын жаңаша көзқараспен жазуға және қазақ тарихындағы «ақтандықтардың» орнын толтыруға міндеттіміз. Осыған орай, Отан тарихында әлі де үстірт қарастырылған немесе мүлдем зерттелмей, тарихи тұрғыдан шынайы өз бағасын ала алмаған мәселелер аз емес. Соның бірі - Мұстафа Шоқайұлының өмірі мен қоғамдық саяси қызметіне тарихи талдау жасау және одан тарихи сабақ яғни, ғибрат алу болып табылады. Екіншіден, патшалы Ресей, одан кейінгі Кеңестік кезеңде «қасақана бұрмаланған» қазақтың ұлт зиялылары мен саяси элитасаның қоғамдық-саяси қызметін тереңде жатқан тарихи, саяси, ұлттық және мәдени дәстүрлерге сүйене зерделеу арқылы шынайы, тарихи бағасын беру қажет. Сонда ғана құлдық психологиядан арылып, тәуелсіздігіміз тұғырлы болады. Сондықтан қарастырылып отырған тақырыбымыз арнайы ғылыми зерттеу нысаны болуға әбден лайық, тарих ғылымындағы өзекті мәселелердің бірі деп білеміз. Тақырыптың мақсаты мен міндеттері: М.Шоқайдың қоғамдық-саяси қызметін жаңа тарихи көзқарас тұрғысынан қорытып, бұрын тарихымызда белгісіз болып келген немесе әдейі бұрмаланған тұстарын тың деректерге сүйеніп тарихи шындық тұрғысынан зерттеу оның өз ұлтына берілген шынайы келбеті мен қайталанбас ерекшеліктерін ашып көрсету – зерттеу жұмысының басты мақсаты. Осыған орай зерттеу жұмысының алдына мынадай міндеттер қойылады: - М.Шоқайдың саяси көзқарасының қалыптасуына оның өскен ортасының әсерін анықтау - ХХ ғасырдың басындағы М.Шоқайдың қоғамдық-саяси қызметіне обьективті баға бере отырып, 1916 жылғы көтеріліске байланысты қызметіне және Мемлекеттік думадағы мұсылман фракциясының хатшысы қызметіне талдау жасау - М.Шоқайдың 1917 жылғы қос революция кезіндегі және одан кейінгі қызметін анықтау     - М.Шоқай жетекшілік еткен Түркістан автономиясының атқарған қызметін талдау - М.Шоқайдың шетелдік мұрағаттарда сақталған еңбектерін ғылыми тұрғыда зерделеу - М.Шоқайдың қызметіне қатысты шетелдік және отандық зерттеулерді жинақтау және олардың ғылыми деректік маңызына дәйектілікпен қарау. Тақырыптың тарихнамасы: Қарастырылып отырған мәселенің тарихнамасы ХХ ғасырдың алғашқы ширегінен бастау алады. Осы кезеңдегі яғни жалпы халықтың ояну кезеңіндегі қазақ халқының азаттық қозғалысы жолындағы және мемлекеттік бірлік мәселелеріне ерекше мән беріп, қазақ халқының болашақ тағдыры үшін күрескен қазақ интеллигенциясы жөнінде алғашқылардың бірі болып мәселе көтерген Ә.Бөкейханов болды. Ол М.Шоқай бастаған қазақ зиялыларына кейінгі ұрпақтың болашағын ойлайтын қоғам алдындағы жауапты жүкті тапсырады. М.Шоқайдың өмірі мен қызметін зерттеушілердің арасында журналист, ғалым, шетелдегі қазақ тарихшысы, публицист Хасан Оралтай ерекше көзге түседі. Х.Оралтайдың М.Шоқай туралы еңбектері түрік тілінде Ыстамбулда бірнеше рет басылымдарда жарық көрді. Мұстафа Шоқайды жаладан арашалау туралы ғалымдар М.Қойгелдиев, К.Нұрпейісов, Т.Омарбеков, Ә.Тәкенов, М.Жолдасбековтардың еңбектерін ерекше атап өтуге болады. Отандық тарих ғылымында еліміз тәуелсіздік алғанға дейін қазақ зиялыларының тарихы оның ішінде М.Шоқайдың қоғамдық-саяси қызметі зерттелмеген. Кейбір зерттеушілердің еңбектері мен мақалалары жарық көргенмен, олар кеңестік әкімшіл-әміршілік биліктің ықпалына бейімделіп жазылды. Мұстафа Шоқай туралы еңбектердің ішінде деректік маңызы тұрғысынан ғалым Б.Садықованың зерттеулерін ерекше атауға болады. Б.Садықова Мұстафа Шоқайдың жары Мария Шоқайдың естеліктерін Франция мұрағатынан алып, құрастырып, кітап етіп шығарды. М.Шоқайдың шетелге мұғажырлыққа кетуі жөнінде теріс баға берушілерге алғашқы соққы бергендер С.Шәкібаевқа қарсы пікір жазған жазушы Әнуар Әлімжанов пен тарихшы А.Такенов болды. А.Такенов «М.Шоқайдың шетелге эмиграцияға кетуі бас бостандығын қорғап қалу емес, сол бостандығын сақтау арқылы Европадағы демократиялық мүмкіншіліктерді пайдалана отырып, Түркістандағы жағдайды дүние жүзіне паш ету, социалистік солақай революцияға қарсы күресті жалғастыру...» -деп анық ойын білдірсе, ал Т.Омарбеков «осы орайда біз тарихшы Ә.С.Тәкеновтың пікірімен толық қосыламыз»- дейді. М.Шоқайдың ғасыр басындағы қарқынды атқарған қоғамдық-саяси қызметі жан-жақты зерттеліп, толық халқына танылып болды деп қорытынды пікір айту әлі де ерте. әсіресе, оның 1917 жылғы қос революция тұсындағы Түркістан өлкесіндегі өз халқының жоғын жоқтап атқарған қоғамдық -саяси қызметі, Мұстафаның саналы ғұмырындағы ең бір жарқын қызмет атқарған кезеңі болды. Ол туралы өз зерттеулерінде Ә.Байшуақов, Ә.Аманқұлов, Б.Досманбетов, М.Кереев, Р.Санжарұлы, Ә.Әлібеков, Д.Қыдырәлі, Б.Дәрімбет, С.Ибрашұлы, О.Сәпиев, Н. Әбжанұлы, М.Маханов жазды. Соңғы жылдары Мұстафа Шоқайдың шетелде шашырап жатқан және елімізге әкелінген мұғажырлық мұралары жөнінде Х.Әбжанов, С.Ковальская, Ф.Әли тағы басқалар, ал шетелдегі құнды мұрасы «Яш Түркістан» журналының отанға оралуы жөнінде Ә.Әлімұлы, Г.Омарова жазды. Қарастырылып отырған мәселенің ғылыми әдебиеттерде баяндалу тарихына жасалған шолу тақырыптың арнайы зерттеу обьектісі болмағандығын аңғартады. Кеңестік дәуірде бұл мәселені арнайы қарауға қажетті алғышарттар қалыптаса қоймады. Еліміз егемендік алғаннан кейін ғана халқының тәуелсіздігін армандаған тарихи тұлғаларымыздың атқарған істері тарихнамаға ене бастады. Мұның өзі тақырыптың өзектілігін арттыра түседі.

...

Скачать:   txt (76 Kb)   pdf (697.2 Kb)   docx (566.5 Kb)  
Продолжить читать еще 21 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club