Алихан Бөкейхановтың қоғамдық саяси жұмысы
Автор: aishaotarbaeva • Апрель 22, 2022 • Реферат • 3,373 Слов (14 Страниц) • 242 Просмотры
Коммерциялық емес ашық акционерлік қоғам
ҒҰМАРБЕК ДӘУКЕЕВ АТЫНДАҒЫ
АЛМАТЫ ЭНЕРГЕТИКА ЖӘНЕ БАЙЛАНЫС УНИВЕРСИТЕТІ
Әлеуметтік пәндер кафедрасы
№ 1 С Е М Е С Т Р Л І К Ж Ұ М Ы С
Қазақстанның қазіргі заман тарихы пәні
Тақырып:_Алихан Бөкейхановтың қоғамдық саяси жұмысы[pic 1]
________________________________________________________________
Мамандығы 5B071900____________________________________________
Орындаған Сейтбек Таңшолпан Бердібайқызы__________Тобы__21-1__
Тексерген доцент Байдильдина Сауле Хайрулловна___________________
_____________ ______________ «_____» ______________2022__ж.
(бағасы) (қолы)
Алматы, 2022
Жоспар
I.Кіріспе
II.Негізгі бөлім
2.1 Ә.Бөкейханның туып өскен ортасы , қоғамдық көзқарасынын калыптасуы
2.2 Ең алғашқы қызметтері
2.3 Ә. Бөкейхановтың қазақ жұршылығына сіңірген еңбегі.
III.Қорытынды
IV.Пайдаланылған әдебиеттер
Кіріспе
Елiмiздiн саяси, рухани емiрi бостандык лебiн бойына сіңіре бастаған кезеңде халкымыздың ғасырлар бойы жинақтаған ұлттық мәдениеті мен оның құрамдас бөлігі - тәуелсіз еліміздің шынайы тарихын , сол тәуелсіздік жолында күрескен ұлт зиялыларының өмiрi мен қызметiн зерттеу қазіргі таңда аса өзекті болып отырған мәселелердiн бiрi . Болашағымыздың өскелен ұрпактарын ұлттық сана - сезім , патриотизм рухында тәрбиелеу туралы сөз еткенде , нак осы мәселенiн аркауы - халкымыздын талай сын сағаттарында суырылып шыққан көсемдерінің есiмiн айтпай кету мүмкін емес болды.
Тоталитарлық жүйе өзiнiң " канды шеңгеліне " түсiрiп , есiмдерiн халықтың жадынан шығарып , тарих көшiнен бiржолата аластату ниетiне тырысканына қарамастан ұлт зиялыларынын қазақ елінің түпкілікті қоғамдық мәселелері туралы айткан ой - пікірлері бүгінгі таңда кайта жанғыруы заңды үрдiс .
Қазақстанның тұңғыш президенті Н. Ә. Назарбаев Тарих толқынында атты кітабында XX ғасыр зиялыларының тағдыры жайында : Ғасыр басында мемлекет мүддесін ойлаған ұлы қазақтардын жеке басының тағдыры да қасiреттi болды . Алайда ұлттық жiгер мен толысқан зерде сабағы ұмыт болмады.
Жүзжылдықтың алғашқы жартысындағы қазақ зиялыларының жеке басының қасiретi мен қатар өрiлген қызметi өзiнiң бiрегей құбылыс ретіндегі тұжырымды денгейiмен ғана емес , азаматтық һәм адамгершілік деңгейімен де осы заманмен үндес - деп жазды .
Соған орай еліміз тәуелсіздік алып , жеке iргелi мемлекет болып жариялануының арқасында Алаш қозғалысының тарихын , оның белсендi кайраткерлерінің өмiрiн , қоғамдық - саяси кызметтерiн зерттеу ушiн Қазақстан ғалымдарына үлкен мүмкіндіктер туды . Жалпы Алаш тарихын зерттеу Қазақстандық тарихнамада ел танудың замантанудың оңтайлы шарасы ретінде қолдауға лайықты, әбден заңды үрдіс болып табылады. Содан болар , тарих ғылымында жеке тұлғалардын ғұмырнамасына сұраныс есіп отыр .
Алаш зиялыларының ұлы шоғырында Әлихан Бөкейханов та бар еді . Ол қазақтың ХХ ғасыр басындагы ұлт - азаттық қозғалысының негізін салушы , әрі көсемі , халқымыздың тұңғыш саяси Алаш партиясын ұйымдастырушы және ұлттық Алашорда автономиясы үкіметінің төрағасы , ғұлама - ғалым , ормантанушы , экономист , тарихшы , этнограф , әдебиеттанушы, аудармашы ретінде сан қырлылығымен көзге түскен қазақтың біртуар азаматы болды.
Алайда Әлихан Бөкейхановтың өмір жолы жемісті еңбектермен қатар касiретке де толы болды . Сол себепті де Әлихан Бөкейхановсынды кайраткердiң қоғамдық - саяси қызметiне баға беріп , нақтылай түсу тақырыбымыздың өзектілігін аша түседі .
...