Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Қазақ этнонимдерінің тілдік сипаты

Автор:   •  Октябрь 16, 2019  •  Дипломная работа  •  21,549 Слов (87 Страниц)  •  856 Просмотры

Страница 1 из 87

Қазақстан  Республикасы білім және ғылым министрлігі

С. Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университеті

«Қорғауға жіберілді»

«___»_______________2016 ж.

«Қазақ тілі »

кафедрасы меңгерушісі

______________Ш.Қ. Құрманбаева

ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС

Тақырыбы: «Қазақ этнонимдерінің тілдік сипаты»

5В011700 – «Қазақ тілі» мамандығы бойынша

Орындаған  4 А

тобының студенті        

М.Оразбеков

Ғылыми жетекші

ф. ғ. к., доцент

«__»_________2016 ж.

А.Ә.Әлімхан

Нормабақылаушы

Г.Ж.Аскергалиева

«__»_________2016 ж.

Өскемен 2016


Мазмұны

Кіріспе                                                                                                3

1        Этнонимика – ономастика ғылымының күрделі саласы                        6

1.1        Этнонимика саласының маңызы мен қызметі                                        6

1.2        Қазақ этнонимикасының зерттелуі                                                        19

2        Қазақ этнонимдерінің тарихи-тілдік сипаты мен этимологиясы                23

2.1        Қазақ этнонимдерінің тарихи-тілдік жүйесі                                        23

2.2        Кейбір қазақ этноимдерінің этимологиясы                                                30

Қорытынды                                                                                        56

Әдебиет тізімі                                                                                        60


Кіріспе

Тіл қоғаммен тығыз байланысты құбылыс десек, тілдің дыбыстық жүйе, сөздік қор және грамматикалық құрылысындағы өзгерістер сол тілде сөйлейтін халықтың болмысы мен дүниетанымы, этникалық мәдениеті мен рухани өміріндегі жаңалықтар мен түрлі қарым-қатынастың нәтижесінде пайда болады. Бұл жалпы тіл атаулыға ортақ заңдылық екені белгілі. Тілдің өмірін халық, қоғам өмірімен, сондай-ақ тілдің дамуын халық, қоғам дамуымен бір деп тану олардың арасындағы табиғи тұтастықты танытады.

Алайда тіл мен қоғам арасындағы табиғи тұтастыққа тарих пен тілдің қатысы бірдей емес. Ол жөнінде академик Ә.Қайдаров: «тарихи деректер әр түрлі объективті себептермен сақталмауы, сақталса да бүгінгі күнге жетпеуі мүмкін. Ал тіл болса, ол қаншама дәуірді басынан кешірсе де, толассыз толығып, ғасырлар бойы жаңғырып, жаңарып отырса да, өткен өмірдің куәгері болуы сөзсіз» дейді [1, 140 б.].

Тақырыптың өзектілігі. Кез келген тілдің лексикалық қорынан орын алатын өзіндік сыр-сипат, ерекшелікке ие сөздердің бір тобын этнонимдер құрайды. Этнонимдер әрбір дәуірдегі қоғамның даму барысын, оның идеологиялық жағдаяттарының тарихи көрінісін, тілдік негізін білдіріп отыратын құнды материал болып табылады. Сондықтан да ол тарих, этнография, философия және лингвистикалық тұрғыдан жан-жақты зерттеуге қатысы бар бай мұра болып есептеледі.

Әрбір қоғамдық дәуірде өмір сүрген осындай ру, тайпа, тайпалық одақ, халық, ұлт аттарын арнайы зерттейтін сала этнонимика деп аталады. Этнонимика - гректің ethnos – халық, тайпа, onyma – ат, есім сөздерінен қалыптасқан ономастиканың этнонимдердің шығуы мен таралуын, қолданылуын және құрылымын зерттейтін саласы. Этнонимдер – тарихи лексиканың ерекше түрі. Бұл этностық құрылым бірлестіктердің, ұлттар мен халықтардың, тайпалар мен тайпалық одақтардың, рулардың аттары. Этнонимдер құрылымы мен жүйесіне қарай макроэтноним және микроэтноним болып екіге бөлінеді. Макроэтнонимдер– ірі этностар мен этностық одақтарды (орыстар, арабтар, қытайлар, үндістер, т.б.), микроэтнонимдер – кішігірім рулар мен тайпа, ата атауларды (пешенегтер, балталы, бағаналы, ашамайлы, тама, баба, жәнібек, таз, т.б.) зерттейді. Этнографтар мен тарихшылар этнонимдердің шығуын, пайда болуын, тарихи кезеңдері мен таралу шегін зерттесе, тіл мамандары олардың тілдік табиғатын зерттейді. Яғни олардың лексикикалық құрамын, семантикасы мен мағынасын ашып, этимологиялық тұрғыдан қарастырады. Этнонимдердің лексикалық құрамы әр түрлі. Кейбірі б.з.б. ежелгі замандарға тән болса (үйсін, қаңлы, қыпшақ), басым тобы орта ғасырларға, ал көпшілігі 16 – 18 ғасырларларға саяды. Этнонимдердің ішінде ру аттарының 19 ғасырдың орта кезінде тоқталғаны мәлім. Қазақ этнонимдерінің негізгі көзі – қазақ антропонимдері. Бұрын ру, тайпа аттарынан жер-су аттары қойылып келсе, қазір бұл кездеспейтін құбылыс. Бұрыннан келе жатқан Үйсінтау, Арғанаты, Меркі, Қыпшақ, Керей, Қоңырат сияқты жер-су аттары этнотопоним деп аталады. Яғни этнонимдерден жасалған топонимдер. Қазақ этнонимдері туралы этнограф, тілші ғалымдар Ш.Уәлиханов, А.Левшин, Н.Аристов, В.В. Радлов, В.В. Бартольд, А.Бернштам, Ә.Марғұлан, С.Аманжолов, Ә.Қайдаров, С.Толыбеков, Т.Жанұзақов, І.Салғарин, А.Әбдірахманов, т.б. зерттеу еңбектерінде түрлі бағытта қарастырылған. Соңғы жылдары қазақ этнонимдері – қазақ шежірелері жеке-жеке кітап болып жарық көруде. 

...

Скачать:   txt (287.6 Kb)   pdf (777.1 Kb)   docx (106.4 Kb)  
Продолжить читать еще 86 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club