Қазақстан Республикасындағы этнодемографиялық үдерістер және олардың сипаты
Автор: assem_assylkhan • Март 28, 2021 • Практическая работа • 483 Слов (2 Страниц) • 915 Просмотры
Шаймуратова Әсем 111А
Пән: Қазақстанның қазіргі заманғы тарихы
Тақырып: №11
Практикалық сабақ: Қазақстан Республикасындағы этнодемографиялық үдерістер және олардың сипаты
Тапсырма №1. Төмендегі сұрақтарға жауап беріңіз:
- ҚР поликонфессиялы мемлекет деген ұғымды қалай түсінесіз?
Жалпы «поликонфессиялы мемлекет» дегенді көп дінді және сол діндер арасындағы татулық деп түсіндіруге болады. Біздің елімізде поликонфессиялы мемлекет болып табылады. Себебі, Қазақстан Республикасында 130-дан астам ұлт пен ұлыс өкілдері өмір сүреді. Осыған байланысты олардың наным-сенімі мен ұстанатын діндері әр түрлі. Елбасымыз атап өткендей: « Қазақстан - ислам, православие, католицизм, протестанизм буддизм және иудаизм өкілдері келісім мен бейбітшілікте өмір сүріп жатқан әлемдегі жалғыз жер». Тәуелсіздік алғаннан бергі уақытта еліміздегі діни институттардың сандық, сапалық жағынан өсіп, діни бірлестіктер саны көбейіп, жаңа мешіттер, шіркеулер, синагогалар салынып, дінге сенетін адамдардың қатары да артқан. Қазіргі кезде Қазақстан түрлі конфессиялар мен этнос өкілдерінің бір жерде тату-тәтті өмір сүре алатындығын барша әлемге көрсетіп отыр.
- Қазақстан Халқы Ассамблеясы туралы не білесіз?
1992жылы еліміздің Президенті Н.Ә.Назарбаев Қазақстан Халқы Ассамблеясын құру туралы идеясын жариялап, 1995жылы 1наурызда мемлекет басшысы жанындағы консультативті-кеңесші орган ретінде Қазақстан Халқы Ассамблеясы құрылды. Оның қызметі - еліміздегі барлық этнос өкілдерін бір орталыққа ұйымдастырып, республикадағы тұрақтылықты сақтау және ел дамуына үлес қосу. Ассамблея қызметінің арқасында Қазақстанда этностық және діни ерекшелігіне қарамастан әрбір азаматтың азаматтық құқықтары мен еркіндігі толығымен қолдалынатын этносаралық және конфессияаралық келісімнің ерекше үлгісі қалыптасты. Және ол БҰҰ-ында, ЕҚЫҰ ұйымына мүше елдерге, Венада, Нью-Йоркте Женевада өткен форумдарда таныстырылып оң бағаға ие болды.
Бүгінде республикада Қазақстан этностарының мәдениеттері, тілдері, дәстүрлерінің дамуына қажетті жағдайлардың барлығы жасалған. Этномәдени бірлестіктердің саны артуда, қазір олар 800-ден асады. 15 тілде газет-журнал, 8 тілде радиобағдарламалар 7 тілде телебағдарламалар шығады. Білім беру толықтай өзбек, тәжік, ұйғыр және украин тілдерінде жүргізілетін 88 мектеп жұмыс істейді. 108 мектепте 22 этностың тілі жеке пән ретінде жүргізіледі. Балалардан басқа үлкендер де 30 этнос тілдерін оқуға мүмкіндік алған 195 этно-білім беру кешендері ашылған. Елімізде қазақ орыс татрларынан басқа, тағы төрт ұлттық – өзбек, ұйғыр, корей және неміс театрлары жұмыс істейді. Әр жыл сайын Қазақстан этностарының тілдерінде бірнеше ондаған жаңа кітаптар жарық көреді. Жыл сайынға халықтық мерекелер Наурыз, 1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі мерекесі, масленица, сабантой дәстүрге айналды.
...