Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Қазақ филологиясы

Автор:   •  Февраль 6, 2018  •  Доклад  •  879 Слов (4 Страниц)  •  732 Просмотры

Страница 1 из 4

«Қазақ филологиясы» мамандығы 3-топ Досекеш Тұрар  1-курс

     Әлемдік дәрежедегі ең құнды рухани мұралардың бірегейі,адам бойындағы ең ізгі қасиеттерді дәріптеп,ақыл мен парасаттылыққа жол бастайтын ең ірі дастан- «Құтты Білік».Бұл шығарманы жазушы  Жүсіп Баласағұн қазақ топырағында аунап өсіп,туған жердің мөлдір бұлағынан нәр алып,кейін сол нәрді өн бойына сіңіріп,халқына мәңгі өшпес мұра қалдырды.Осыдан мың жыл бұрын жазылған бұл еңбектің құндылығының көрінісі оның әлі күнге дейін халыққа берері мол.

                Білімдінің нұрлы сөзі сарқылмас,

                Бастауы-кең бұлақ көзі тартылмас.

               

                Білімділік-шым бүркеген бір теңіз,  

                Бұрқырар су,аяқ басып жүрсеңіз,-

деп жазады ғұлама.Бұл өлеңнің әрбір жолы мағынаға толы.Білім мен ғылымның адам өміріне берері мол.Білім-теңіз дейді халқымыз.Сол білім атты теңізде мәңгі жүзіп,мәңгі ғылыммен сусындаған , ақыл мен парасаты мол адамға айналады.Білімі мол кісі әрқашан өзгені өзіне еріте біледі,егер ол білімді өзінің білген-түйгенін айналасындағыларға үйретсе, сол арқылы өзгені де парасатты қылса,ол кісінің есімі мәңгі өшпейді.Мұны ақын мына бір өлең жолдарымен дәлелдей түседі.

                  Тірі-өлер,ақыры жер жастанар,

                  Жақсы кісі өлсе,жақсы ат қалар.

Сондай-ақ, дастан адамның құнды,жан дүниесінің ажарландырар қасиеттер және адам бойындағы бар қасиетті бір сөзбен ғана шайып тастауға болатынын сөз етеді.

                  Қара бастың қарақшысы-қызыл тіл,

                  Қанша басты жұтты,үзіп ұзын тіл!

                  Басты ойласаң,тыйып ұста тіліңді,

                  Басың жұтар тізгінсіз тіл түбінде!-

деп тілдің кұдіретімен қасіретін қатар қояды.Әрине, тілдің құдіреттілігіне күмән келтіре алмаймыз.Бірақ, сол тілді оңды сол жұмсап,шұбарлап қолданатын адамдар да көп.Тыйып ұсталмаған тіл ақыр соңында біраз жамандықты өзімен бірге ала келеді.

        Адам бойындағы тағы бір ізгі қасиет ол-сабырлылық.Сабыр түбі-сары алтын дейді қазақ.Халқымыздың оны алтынға теңеуінде үлкен мән бар.Себебі, сабырлы кісі қандай жағдай болмасын өзінің адами болмысын сақтап қалады.

             Сабыр етсе кісі өз тілегін табар,

             Сабырмен тұрған ер ақ құс тұтар.

 

             Егер ашу-өкпең келсе,қатулан сабыр қыл,

             Сабырлы кісінің сүйініш алдында.

     Бұл жолдарда сабырлы кісінің тілеуіне жетуі оңай екені,ал ашуға бой алдырып,асығыс әрекет ететін жандардың әрекетінің соңы жақсылыққа әкелмейді деген ой түйіндейді.

...

Скачать:   txt (8 Kb)   pdf (44.3 Kb)   docx (12.5 Kb)  
Продолжить читать еще 3 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club