Шәкәрім Құдайбердиевтің *Жастарға* өлеңінде жастарды неге Абай арқылы түзеткісі келді ?
Автор: Jaraskhan • Апрель 16, 2018 • Эссе • 252 Слов (2 Страниц) • 8,553 Просмотры
Шәкәрім Құдайбердиев «Жастарға» өлеңінде жастарды неге Абай арқылы түзеткісі келеді?
Шәкәрім Құдайбердиев 19 ғасырдың жартысы мен 20 ғасырдың алғашқы ширегінде өмір сүрген көрнекті қазақ ақындарының бірі.Оның есімі мәңгілікке барша қазақ елінің жүрегінде.Ақын қазақ халқының болашағын ойлап,алға қарай тырмысты.Қазақ жастарын,балаларын оқуға,білімге шақырып,өлеңдер жазды.Шәкәрім ақын Абайды ұлы ұстаз ретінде танып,Сыйлады,ардақтады.Абайдың білімділігін,көптеген шығармаларындағы идея арқылы шабыттанды,жаңа туындыларын,шығармаларын,өлеңдерін жазды.Шәкәрім шығармаларында реализм, сыршыл,шыншыл өлеңдері Абайдың өнегесінің ықпалы,ол басқа да өлең-шығармаларына арқау болған.Ол да Абай секілді қоғамдағы жамандықты,әділетсіздіктіжлюмен, халыққа әшкерелеумен айналысты,сол тығырықтан шығатын жол іздеуді ұсынды.Халықты бұл қиыншылықтарға мойынсынбауын насихаттады.*Басы ащы болса,соңы тәтті болады*демекші білім алу,ой өрісіңді кеңейту қиын болғанымен,білімді болмаң өмірдің жемісін көресін
Ақынның осы реализм тақырыбндағы терең ойға түсіретін өлеңі -«Жастарға» деп аталады. Ақын өзінің ғибратты сөздерін жастарға арнап, адам бойындағы талаттың көрегендік қасиетін бірге ұстауға шақырады.Ол жастарды ізгілік жолына түсуді жән сол жолда Абайды ақылшы етіп ұсынады.Шәкәрім Абайдың кеменгерлігін,білімін,даналығын құрметтеп, ардақтап, асқақтата түседі.*Білекті бірді жығады,білімді мыңды жығады*деп айтқандай Абайдың парасатын,көрегендігін бағалап,жастарды оқуға,дұрыс жолға шақырады.Ақын өзінің ағартушылық жолында жастарға,балаларға насихаттау мен шектелмейді.Ақынның көзі қарапайым халыққа,елдің жағдайына түседі.Шәкәрім сол дәуірдің рухани болмысын,қазақ қоғамының даму жолын,ережесін жан-жақты түсінуге тырысты,түсіне білді.Оның қазақ халқынвң болашағы үшін жаны ашыды,жаны ауырып,игілікті іс жасауға,еліне,жеріне кішкентай болса да жақсылық жасауға ұмтылысы шығармаларында ерекше орын алды.Ақынның адамгершілік нысаны ретінде қалыптасқан идеяның жүзеге асырудағы еңбегі«Жастарға» атты өлеңінен басталған.Жастарды ізгі іс жасауға,Абай секілді дананың артынан ізбасар болып,елінің қамын ойлаған ойшыл,дана болуға шақырды.Қазіргі кезде жастар еріншек,білімге құштарлығы жоғары емес.
...