Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Фонетика ғылымының қалыптасу, даму кезеңдері және қазіргі күйі

Автор:   •  Ноябрь 7, 2018  •  Лекция  •  1,218 Слов (5 Страниц)  •  10 Просмотры

Страница 1 из 5

1-дәріс. Кіріспе

1.        Фонетика ғылымының қалыптасу, даму кезеңдері және қазіргі күйі

2.        Фонетиканың басқа да тіл білімінің салаларымен байланысы

1. Қазақ хандығының орыс патшалығы қол астына енуі екі елдің бір-бірімен қарым-қатынасын күшейтті. Осы кезде қазақ даласын жаппай қоныстандыру саясаты қолға алынды. Мұның өзі орыс шенеуніктеріне қазақ халқының тілін, дінін, әдет-ғұрып, салт-дәстүрін білуді жандандырды. Осы ретте, қазақ халқының бай әдеби мұрасын орыс графикасымен жазып алу, қазақша–орысша, орысша-қазақша сөздіктер шығару жүзеге аса бастады. Алайда, алғашқы кезде бұл ғылыми негізде, жоспарлы түрде жүргізілмесе де, кейінгі дәуірдің зерттеу жұмысына баспалдақ болғаны сөзсіз. Әдетте, қазақ тіл білімінің зерттелуі жайын ХІХ ғасырдың 2-жартысынан бастаушылық бар.

Қазақ тіл білімі тарихының алғашқы беті орыс миссионері Н.И.Ильминскийдің есімімен байланысты. Ол 1860 ж. Қазан университетінің жазбаларында «Материалы к изучению киргизкого наречия» деген еңбегін жариялайды. Бұл қазақ тіл білімі жөнінде тұңғыш еңбек болған соң, мұнда кемшіліктер де аз емес. Дыбыс бөлімі атты саласында қазақ тілінде 8 дауысты (а(ә), е, ы, і, о, ө, ұ, ү), 19 дауыссыз (п, б, м, у, т, д, н, ж, з, ш, с, р, л, й, к, г, қ, ғ, ң) дыбыстар бар деп, дауысты дыбыстарды жуан-жіңішкеге бөліп, жұп-жұбымен орналастырған.

Н.И.Ильминский дауыссыз дыбыстарды өзара артикуляциялық жуықтығына қарай орналастырып көрсеткен: п, б, м, у – ерін дауыссыздары; т, д, н, ж, з, ш, с,  р, л - тіл алды дауыссыздары; й – тіл ортасы; қ, ғ, к, г, ң – тіл арты дауыссыздары. Н.И.Ильминский қазақ тіліндегі дыбыстардың редукциясына, өзара үндесу, алмасуына да көңіл бөлген. Сонымен қатар, қазақ сөздері не бірыңғай жуан, не бірыңғай жіңішке болатыны, екпін сөздің соңына түсетіні де назардан тыс қалмаған.

1875 жылы Санкт-Петербургте М.А.Терентьевтің «Грамматика турецкая, персидская, киргизская и узбекская» деген еңбегі жарық көреді.

Түркі тілдеріндегі фонетика мәселесі зерттелуінің жаңа кезеңі В.В.Радлов еңбектерінен басталады. 1882 ж. оның «Солтүстік түркі тілдерінің фонетикасы» атты еңбегі Лейпциг қаласында неміс тілінде басылып шығады. Бұл – түркі тілдеріндегі тұңғыш салыстырмалы фонетика. Мұнда қазақ тілі мәселелері, атап айтқанда, дыбыс құрамы, дыбыстардың тіркесуі заңдылығы, сингармонизм біршама шешімін тапқан.

Қазақ тіл білімінің дамуына біршама үлес қосып, еңбек еткен миссионер – Петербург университетінің проф., орыс-шығыс зерттеушісі, көрнекті түрколог П.М.Мелиоранский. Ол 1894-1897 жж. «Краткая грамматика казах-киргизского языка» атты 2 томдық еңбегін жариялайды. Еңбектің 1-томының 21 беті фонетиканы баяндауға арналады. Оның өзі екі тарауға: дауысты дыбыстардың фонетикасы (5 парагр.), дауыссыз дыбыстардың фонетикасы (4 парагр.) болып бөлінеді. Дауысты дыбыстардың фонетикасының 1-параграфы сингармонизм заңына байланысты. П.М.Милиоранский дыбыстардың редукциясына, өзара алмасуына тоқталады.

1897 жылы В.Катаринскийдің «Грамматика киргизского языка» деген еңбегі жарияланады. Автор еңбегінде дыбыстардың редукциясына, өзара алмасуына баса назар аударады. 1900 ж. И.Лаптевтің «Материалы по казах-киргизскому языку» атты кітабы, 1912 ж. Н.Созонтовтың «Записки  по грамматике киргизского языка» деген еңбегі – орыс миссионерлерінің қазақ тілі жөніндегі хронология бойынша соңғы зерттеулері. Қысқасы, қазан төңкерісіне дейін орыс тіліндегі әдебиеттерде қазақ тілі фонетикасына қатысты негізгі де қарапайым ұғымдар танымдық мақсатта жалпы баяндалады. Қазақ сөздерін орыс графикасымен жазу тәжірибесі қалыптаса бастайды.

Қазақ топырағында тіл білімі зерттелуінің көшбасы қазақ халқының «рухани көсемі», қазақ тіл білімінің атасы А.Байтұрсынұлы есімімен байланысты. А.Байтұрсынұлы қазақ тілінде 24 дыбысты көрсетіп, оларды дауысты (о, а, ы, ұ, и, е), жарты дауысты (у, й), дауыссыз дыбыстар деп бөлген. Автор қ, ғ, к, г дауыссыз дыбыстарын жуан-жіңішкелік белгісіне қарай тоң дыбыстар деп таниды. Ғалымның бұл еңбегі 1925 жылы Қызылорда қаласында қайтадан басылып шығады. Онда дыбыстарды екіге бөліп, дауыстылардың а, о, ұ, ы, е түрлерін көрсетсе, дауыссыздарды беске топтайды: жарты дауысты дыбыстар: р, л, и, у; қатаң: б, п, т, с, ш, қ, к; ұяң: м, н, ң; ымыралы: з, ж; ымырасыз: д, ғ, г.

...

Скачать:   txt (16.9 Kb)   pdf (82.4 Kb)   docx (15.1 Kb)  
Продолжить читать еще 4 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club