Фараби тағылымы мен қазақ ойшылдарының үндестігі
Автор: aiaulym0202 • Январь 31, 2021 • Эссе • 473 Слов (2 Страниц) • 555 Просмотры
Ежелгі дәуір әдебиеті
Эссе
«Фараби тағылымы мен қазақ ойшылдарының үндестігі»
«Дүниеде төрт-ақ ғалым болған. Соның бірі исламда — Əбу Насыр əл-Фараби» деген сөз бекер айтылмаған. Әл-Фараби өз заманында елден ерек туған ғалым, ойшыл, ақын әрі сыншы. Оның артынан қалдырып кеткен тағылымы күні бүгінге дейін маңызын жойған жоқ.
Әдебиетті өнер деп қарайтын Әл-Фараби мен қазақ әдебиетінің біртуар азаматтарының арасында қандай үндестік бар? Бір-бірімен не байланыстырады?
Адамзат тарихындағы тәрбиелік әрі эстетикалық мәні бар еңбектер жазған ғұлама ойшыл мен қазақтың ұлы тұлғалары еңбектері мен өсиет етіп қалдырған ғибрат сөздерінің мағынасы бір-бірімен тығыз байланысты болып келеді.
Олай деуімнің себебі, менің ойымша, алып тұлға Абай мен Әл-Фараби арасында үндестік болуында. Олардың шығармалары әр ғасырдың туындысы болса да, айтар ойы, беретін тағылымы бір нәрсені көздейді. Бір жағынан, ақындық өнерлеріне де ешкімнің таласығы жоқ екені анық. «Поэзия падишасы» атанған Әл-Фараби мен Абайды байланыстыратын дүние – адам туралы толғануында. Абай:
«Адам болам десеңіз,
Тілеуің өмірің алдыңда» деп,- адам болуды ең жоғары орынға қойса, Әл-Фараби сол адам бойында болу керек қасиетті айта келіп, бір-біріне деген жан үндестігі, әдемілік пен сұлулық, әділдік пен бақыт болу керек деп толғайды. Сондай-ақ «Әрбір адамның әлемде өз орны бар» деген тұжырым екі ақынның бойынан көрінеді.
Екіншіден, Әл-Фараби «Тәрбиесіз берген білім адамзаттың қас жауы» деп, оқып, білім алу, ғалым болу мәселесін тәрбиемен тығыз байланыстырады. Бұны біз қазақ ойшылдарының ішіндегі М.Жұмабаев, А.Байтұрсынов және Ш.Қүдайбердиев сынды бірегей тұлғаларымен ұқсастығын байқаймыз. Мағжан «Педагогика» еңбегінде рухани және дене тәрбиесін жан-жақты талдай келе, «Тәрбие деген не?» деп соған жауап іздейді.
Әл-Фараби «Еңбектің өзі – өнер» деп қараса, Ахмет Байтұрсынов еңбек ету керектігін насихат етіп, еңбексіз, арзан істерді надандықты өткір сынға алады. Шәкәрім: Білім, әдет, ақылды ойға аларлық,
...