Қазақ қоғамындағы дәстүрлі құқық билер институты : тәлімі мен тағылымы
Автор: nurgul199510110 • Сентябрь 20, 2023 • Курсовая работа • 7,700 Слов (31 Страниц) • 219 Просмотры
Қазақстан Республикасының Оқу ағарту министрлігі
Абай облысы
секция - этномәдениеттану
Тақырыбы: Қазақ қоғамындағы дәстүрлі құқық билер институты : тәлімі мен тағылымы
Орындаған: 6 «Ә» сынып оқушылары Толымханова Айару
«Ыбырай Алтынсарин атындағы № 37 гимназиясы» КММ
Семей қаласы
Жетекшісі: Кәрібаев Руслан Серікханұлы қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі, «Ыбырай Алтынсарин атындағы № 37 гимназиясы» КММ
Семей қаласы
Семей қаласы
2022 жыл
Мазмұны |
Кіріспе...................................................................................................................3-4 |
Негізгі бөлімі......................................................................................................6 |
1. Қазақ қоғамындағы дәстүрлі құқық билер институтының тарихи негіздері мен кезеңдері |
1.1 Билер институты қалыптасуының тарихи бастаулары мен өркениеттік ерекшеліктері....................................................................................................6-12 |
1.2 Қазақтың билер институтының көрнекті тұлғалары..............................12-13 |
2. Билер институтының қазақ қоғамындағы рөлі мен тарихи маңызы |
2.1. Қазақ қоғамындағы билер институтының билік және құқық мәселесіндегі рөлі...................................................................................................................13-14 |
2.2.Ұлы Дала өркениетінде билер институтының тарихи-мәдени және рухани – дүниетанымдық құндылықтары...................................................................14-29 |
Қорытынды............................................................................................................29 |
Әдебиеттер тізімі...................................................................................................30 |
Қосымшалар...........................................................................................................31 |
Кіріспе
Зерттеудің өзектілігі: Рухани жаңғыру – ұлт болашағы. мемлекетіміздің рухани жаңғыруға, руханиятқа, білім, ғылымға маңыз беруі – үлкен көрегендік пен ұлттың алға ілгерлеуін жылдам қарқынмен жылжытатын қозғаушы күш. Жаңғыру – бұрынғы тарихи тәжірибемен ұлттық дәстүрлерге шикілікпен қарамау.
Рухани жаңғыру ұлттық сананың оң жақтарын тарихи тарландарымыздың еңбектері мирас болып, қанымызға сіңіп, сол еңбектерін қайта түлету. Бұл – тәуелсіз еліміздің бақытты болашағы мен алаңсыз келешегі үшін жасалып жатқан жұмыс. Өйткені, рухани байлықтың кемел болғаны бұл жеке азаматтарымыз үшін де, әрбір жеке тұлғадан құралған қоғам, туған еліміз үшін де өте маңызды үдеріс.
Соңғы жылдардағы зерттеулерде билер институты ұғымы қолданылып келе жатқанымен, біздің ойымызша ол әлі күнге дейін дәстүрлі қазақ қоғамының саяси-әлеуметтік құрылымының ажырамас бөлігі ретінде толық қарастырылып отырған жоқ. Мәселен, көптеген зерттеушілер қазақ тарихындағы жекелеген билердің қызметі мен өмір дерегін баяндаумен ғана шектелуде. Бүгінгі тарих ғылымына жалаң фактілерді баяндап қана қою аздық етеді. Керісінше, осы оқиғалардың туу себептерін, салдары мен нәтижелерін, өзіндік ерекшеліктерін және тарихи маңызын анықтауға баса назар аударылуы тиіс. Сондықтан билер де қазақ қоғамындағы өзіндік ерекшелігі бар жеке әлеуметтік категория ретінде зерттелуі тиіс деп ойлаймыз. Сонда ғана дәстүрлі қазақ қоғамының жалпы сипатын, мәнін, маңызын, одан әрі жалпы қоғамның мәдени-рухани дамуының негіздерін түсінуге қол жеткіземіз. Ал бұл бағыттағы іс-шаралар болашақ ұрпақтың озық ой-санасының, ұлттық рух пен патриотизмін қалыптастырып, дамытуына септігін тигізетіні сөзсіз анық.
...