Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Мен- Қазақстанның патриотымын

Автор:   •  Декабрь 8, 2018  •  Эссе  •  740 Слов (3 Страниц)  •  1,526 Просмотры

Страница 1 из 3

Мен- Қазақстанның патриотымын

Біз-қазақтардың жас ұрпағы

Отанымыздың міндетті түрде

экономикалық тұрғыдан гүлденген,

демократиялық және құқықтық

мемлекет болуы үшін күресуіміз керек.

(Махмұт Қасымбеков)

Басымызға бақ қонып, қазақ халқы бабаларымыз ғасырлар бойы армандаған тәуелсіздікке қол жеткізгеніне жиырма бес жыл толды.Осы жылдарға бүгінгі күннен көз жүгіртсек, Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев қыруар қиындығы мен шытырман шырғалаңы мол қысқа уақыт ішінде қазақ халқын және қазақ даласында тұрып жатқан ұлт пен ұлыс өкілдерін бір кісінің баласындай бейбіт, тату өмір сүруге шақырып, әлемде өзге елдермен терезесін теңестіріп, елімізді қуатты мемлекетке айналдыруға еңбек етіп келеді. Бостандықтың таңы атқан алғашқы жылдарды еске алсақ, егемендік алған тұста қандай едік, қазіргі күн еліміздің жағдайы қандай?! Ұзақ жылдар бойы басқа мемлекеттің бодандығында болу, құрып кетудің сәл-ақ алдында қалу-осындай қиын-қыстау кездерден кейін бүкіл қазақ даласының тәуелсіздігін төрткүл дүниеге паш еткен Тұңғыш Президентіміз Нұрсұлтан Назарбаевқа жаңа мемлекеттің тізгінін берік ұстау оңай болған жоқ.

Елбасының тікелей басшылығымен қазақ елінің азаттығын айғақтайтын мемлекеттік нышандар-Ту,Елтаңба, Әнұран дүниеге келді. Тәуелсіздіктің алғаш жылдарында төл теңгеміз, яғни ұлттық валютамыз қалыптасты. Елбасының табандылығының арқасында тарихта алғаш рет көрші мемлекеттердің бәрімен шекарамыз айқын анықталды. Міне, сол тәуелсіздік алғаннан бері еліміз талай-талай белестерді артқа қалдырды. Көптеген жетістікке жетті. Бүгінде әлем мемлекеттері мойындап тұрған Қазақстан Республикасы дүние жүзінің саяси картасында Еуразияның жүрегінде орын алып, белгіленді.

Қазақстан-бірегей мемлекет. Қазақстанда өмір сүріп жатқан әрбір ұлт пен ұлыс өз орындарын тауып, бірлік пен ынтымақтастықта тыныш өмір сүруде. Ендігі елдің болашағы кейінгі ұрпақ жастардың қолында. Әрбір қазақстандық осындай өзгеше елде тұратынын мақтаныш етеді. Себебі біздің мемлекетіміз басқа мемлекеттерден

ерекше. Сол ерешеліктерге тереңірек үңіліп көрейін. Біріншіден, Еуразия кіндігінде орналасқан Қазақстан өзінің қайталанбас тарихы және мәдениетімен көне әлемдік өркениеттің тоғысында, шығыс пен батыстың, оңтүстік пен солтүстіктің, Еуропа мен Азияның, ислам және басқа діндердің, жазық пен орманның, әлеуметтік, экономикалық, мәдени байланыстардың, сонымен бірге тоғыз жолдың торабы бір арнаға тоғысқан тұсындағы күретамырына айналды.Екіншіден, осыдан мыңдаған жылдар бұрын елімізде көшпелі мал шаруашылығы қанат жайды. Біз жер бетінде алғаш рет жылқы малын қолға үйретіп, оның шипалы сусыны-қымызды іше бастадық. Үшіншіден, республикамыз әлемнің 193 мемлекетінің ішінде аумағына 5 Францияны сыйғыза отырып тоғызыншы орынды, ал бұрынғы кеңестік 15 мемлекет ішінде Ресейден кейінгі екінші орынды иленіп отыр. Қазақстан Жер шарының екі бөлігін-Еуропа мен Азияны бірдей алып жатыр. Төртіншіден, бізде табиғат ресурстарынан мұнай, газ, таскөмір және басқа да көптеген пайдалы қазбалардың мол қоры бар. Бесіншіден, Қазақстан әлемдегі ең ірі көлдердің бірі- Каспий теңізінің жағасында орналасқан. Алтыншыдан, республикамыз әлемнің көп елдерінен аумағында 130-дан аса үлкен және шағын этностық топ өкілдерінің келісім мен бірлікте тұруымен де аса ерекшеленеді. Жетіншіден, "Байқоңыр" ғарыш айлағынан 1961 жылы жасанды Жер серігі алғаш рет әуеге көтерілді. Сегізіншіден, Ұлы Отан соғысы жылдары майдан даласында жауға қарсы бір жарым миллион қазақстандық ерлікпен шайқасты. Олардың қатарында алғаш рет фашистік Рейхстагқа ту тіккен де біздің жерлесіміз Рақымжан Қошқарбаев болатын. Қазақстандықтар еліміздің осы егемендік алған жылдары өз күшімен жеткен жетістіктері арқылы мақтануға толық құқы бар.

...

Скачать:   txt (11 Kb)   pdf (54.8 Kb)   docx (13.4 Kb)  
Продолжить читать еще 2 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club