Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Туған жер - алтын бесік

Автор:   •  Декабрь 5, 2018  •  Сочинение  •  557 Слов (3 Страниц)  •  1,617 Просмотры

Страница 1 из 3

                           Туған жер - алтын бесік

Жоспар

Ⅰ Кіріспе

Ауылымның шығу тарихы.

Ⅱ Негізгі бөлім

Ауылымның табиғаты мен киелі жерлері.

Ⅲ Қорытынды

Келешекте ауылыма қосар үлесім.

Эпиграф

«Ауылымның гүлі де, күлі де ыстық өзіме».

Әр адам өз туған жерін құрметтеуі және сүюі қажет. Туған жер ұғымы адам өмірінде ерекше орын алады, ыстық болады. Дәл осы жер адамды өткенімен және болашағымен байланыстырады. Сондықтан шығар, тіпті, балалық шақтан бастап-ақ, адамда Отанға деген махаббат сезімі оянады. Әрбіріміз үшін Отан ошақ басынан басталады: туған жер, туған өлке немесе мен үшін туған ауыл.Менің ауылым Түлкібас ауданына қарасты Кершетас ауылы. Бұл ауыл екі ауданды, яғни киелі Түлкібас пен саялы Сайрам аудандарын жалғап тұрған ауыл десек те болады. Әр елдің, әр жердің өзінің шығу тарихы бар. Менде өз ауылымның шығу тарихы туралы айтып өтсем. Баяғыда Ұлы Жібек жолының солтүстік бойында, Баба үңгір деген жерде халық қоныстаныпты. Күндердің күнінде Ауыл маңынан ағып жатқан Машат өзені тасып, Баба үңгір жерін су шаяды. Судан пана іздеген халақ қазіргі Кершетас ауылына қоныстана бастапты. Негізінен біздің ауыл 1993 жылға дейін Антоновка деп аталып келген. Бұлай аталу себебі осы ауылға ең бірінші көшіп келген Антон деген кісінің құрметіне ауыл Антоновка деп аталып кеткен екен. Кейінірек Тәуелсіздігімізді алғаннан соң Кершетас деген атау берілген. Ауылдың бұлай аталу себебі, бұл жерде қиыршық тастар көп кездескен. Қиыршық тастың тағы бір баламасы «керше тас». Кершетас ауылы Машат шатқалының солтүстік-шығыс баурайында орналасқан.

Ауылымның көз тартарлық сұлулығы, әсем табиғаты, жұпар иісі аңқыған таза ауасы мен балдай тәтті мөлдір бұлақ суы қандай аламды болмасын өзіне баурап алады. Ауыл маңынан сарқырап  Машат өзені ағып жатыр. Машат өзені Арыс алабындағы өзендердің бірі. Ол жаңа айтып өткендей Түлкібас, Сайрам аудандарының арасында ағады. Ұзындығы 60 км, су жиналатын алабы 550 км2. Өзен Алатау, Машат тауларындағы бұлақтардан Иірсу өзені болып басталып, Машат тауының Оңтүстік етегінде Машат өзеніне қосылады. Өзеннің арнасы тар, жағасы тік жарлы болып келеді. Суы қар, жер асты суларымен толығады. Өзен бойында көптеген демалыс орындары (лагерьлер) орналасқан. Күн жылына салысымен-ақ адамдар еліміздің әр түкпірінен осында демалуға ағылып келіп жатады. Сонымен қатар  ауылымызда әулиелі, киелі жерлер де аз емес. Солардың бірегейін атап өтсем: Түйетас, Баба үңгір, Тамшы әулие, Көз әулие, Дуана Қожа баба, Қарлығаш ата. Бұл орындардың әрқайсысының жеке аңызы бар.

...

Скачать:   txt (6.9 Kb)   pdf (135.5 Kb)   docx (11.9 Kb)  
Продолжить читать еще 2 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club