Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Туған жер – алтын бесік

Автор:   •  Ноябрь 7, 2022  •  Эссе  •  287 Слов (2 Страниц)  •  375 Просмотры

Страница 1 из 2

Туған жер – алтын бесік

Туған жер – адамның маңдайына біткен бақ, құтты мекен, адам өмірінде ерекше орын алатын киелі ұғым. Туған жердің қадірін әр адам өзінше түсінеді. Оның құны «Дүниедегі ең ұлы» деген сөзбен пара-пар.

Туған жер ешбір сұлулыққа айырбастауға, өзге жерлермен салыстыруға келмейтін адам жанының бір бөлшегі. Балалық шақты бастан кешірген, құрбы-құрдаспен ойын қуып, қызықты сәттерге куә болған ыстық өлке.Оның күні мен түні, тауы мен тасы, сайы мен қыры, аққан өзені мен жайқалған көк майса шөптері, самал желі бәрі-бәрі көзге жылы, жүреккеыстық көрінеді.көзге жылы, жүреккеыстық көрінеді. Қайда барсаң да өзіңе тартып тұратынтуған өлкені сүймеу, сағынбау  мүмкін емес. Себебі, ол мейлі шөп өспейтін шөл дала болсынкіндік қанын тамып, кір жуған мекен.

Халық арасында "Өзге елде cұлтан болғанша, өз елінде ұлтан бол", – деп бекер айтылмаған.Туған жердің топырағы, бір түйір тасы алтыннан да қымбат, жан-жаққа тарыдай шашылған қандастарымыздың елге оралып, сағынышын басуға асығуларының себебі осында болар.

Туған жер тақырыбы қай уақытта да өзекті.Сірә, атамекен туралы толғанбаған,сырлы қаламынанжыр шертпеген ақын жоқ шығар.Олай болса, мен де өз тебіренісімді өлең жолдары арқылы жеткізсем:

О, туған жер сен менің ырыс-бағым,

Саф ауаңа құнығып тыныстадым.

Сағынамын мен сені алыс кетсем,

Ыстық маған түтінің, топырағың.

Жылуын төгіп бердің жүрегіңнің,

Сенде өсіп, ер жетіп, емірендім.

Қасиетін жоғары қойып өтем,

Шыр етіп жерге түскен мекенімнің.

Жарқыраған, жайнаған туған өлкем,

Мен үшін әрқашан да қымбат мекен

Бабалардың күшімен келген бізге,

Мен сені сүйіп өтем Атамекен!- дей келе ешбір жер туған өлкеге тең келмейтінін, әр жан үшін қасиетті мекеннің алар орны бөлек екенінайтқым келеді.

Қорыта айтқанда, туған жер – алтын бесік. Туған жерге деген сүйіспеншілігіңді сөзбен айтып жеткізу мүмкін емес. Адам қай жерде болса да, тағдыры оны қаншалықты алысқа апарса да өзінің туып-өскен жерін мәңгі есте сақтайды.Мен дулығалы ата-бабаларымыз мұра етіп қалдырған ұлан-ғайыр жеріміздіқорғау, оның байлығы мен мұрасын барынша қадірлеу, оның амандығы жолында жанымызды пида ету,адалдық көрсету біздің міндетдеп білемін.

...

Скачать:   txt (3.8 Kb)   pdf (49.9 Kb)   docx (8.2 Kb)  
Продолжить читать еще 1 страницу »
Доступно только на Essays.club