Туған жер- тұғырым
Автор: Aknuri • Сентябрь 7, 2020 • Эссе • 1,856 Слов (8 Страниц) • 1,307 Просмотры
М.Өтемісов атындағы БҚМУ
Эссе
Тақырыбы- Туған жер- тұғырым
Орындаған: Амангелдиева Ақнұр
Тексерген: Зульфат Жасұланқызы
Орал 2020
Жоспар:
- Кіріспе: Атырау тарихы.
- Негізгі бөлім:
- Индер жері
- Доссордағы байлық .
3.Атырау мақтан тұтатын жер.
4. Қорытынды.
Туған жер- тұғырым
Туған жер... Осы сөз сізге қаншалықты ыстық? Алысқа кеткенде осы сөзді қамтыған мекенге деген сағыныш жаныңызды қаншалықты қариды? Айтыңызшы, титтей кезінен Жер-ананың «сүтімен» сусындаған адамға туған жердей тәтті нәрсе бар ма өзі? Әлемнің айды аспаннан қолын созып ала-алатын ғалымдары да туған жерге тең келер нығметті таппаған, таба алмайды да. Иланыңыз. Бүгінгі менің жазбама да сүйеу осы туған жер. Менің Атырауым.
[pic 1]
Кім қолда барда алтынның қадіріне жетіп, оны бағалады? Бірен-саран ғана шығар ондайлар. Менде сол басқа қалада тұруға талпынып, өзге елде «сұлтан» болуға тырысқандардан едім. Атыраудан жырақта өткен төрт айым мені түбегейлі өзгертті, Атыраудың ауасын жұтуды армандап келіп, көліктен түсе сала жерді сүюге дайын болдым. Шіркііін, туған жер... Жүректі өзің дегенде елжіретіп қойдың ғой.
Біздің Атырау қойнауында қазынадан кілем тігіліп жатқан атырап. Бүкіл Қазақстанды Доссорының мұнаймен қамтамасыз етіп, Индерінің тұзымен халықты емдеп, Дамбасының балығымен қиын-қыстауда азық тауып берген, тіпті өткен Қазақ хандығының астанасы Сарайшықтың орны қалған құтты мекеннің топырағын қасиетсіз аяғымызбен басып-ақ жүрміз ғой. Жазда табаныңнан ыстық өтіп, қыста тоңдырмай, жылу сыйлайтын Атырау туралы әңгіменің жібін тарқатсақ...
Тарихқа үңілсек, Атырау әрдайым Атырау болмады. Алғашында балықшыларға пана болған қала «Үйшік» аталды. Дегенмен бұл кезде қала титулы жоқ еді. Атыраудың іргетасы- 1640 жылы кішкентай қалашық ретінде қаланған. Ол кезде бұл жер әлі Атырау болмаған. «Яицкий городок». Міне, Атыраудың алғашқы атауы осындай, кейіннен Жайықтың жоғарысында Верхний Яицкий городок (қазіргі Орал қаласы) деген қалашық салынғасын, Нижний Яицкий городок деп аталып кеткен, соңынан ол — Усть-Яицкий городок деген атқа ие болды. Ресей ханшайымы Екатерина II Яик өзенін (Жайықтың орысша атауы) Урал деп атауын жарлығымен бекіткенде, қаланың атауы Гурьев городок, Гурьев деп өзгертілген.
[pic 2]
Гурьев қаласының белгісі
1920 жж. қысқа уақытқа большевиктер Гурьевті Чапаев деп қайта атаған.
1992 ж. бері қала атауы — Атырау. Міне тәуелсіздіктің келгеніне шүкір деп, қаламыз қазақша атын толық иеленді. Содан бері Атырау- Атырау болуын тоқтатқан емес.
Атырау халқына келер болсақ, бұнда облыс көлемінде 600 мың адам өмір сүреді. Оның 280 мыңнан астамы Атырау қаласының тұрғындары.
АТырауда барлық қала секілді ауруханалар, драма театр, парктер, оқу орындары жұмыс жасайды. Ал енді облыстың ең маңызды бөлшегі, Индерге шолу жасасақ.
Индер өзінің кен байлығымен танымал болған өлке. Президент Нұрсұлтан Назарбаев Атырауға сапарында Индер күмбезіне «Жер астындағы алтын сандық» деп жоғары баға берген еді.
Индер кен орны Жайық өзенінің сол жағалауында, Атырау қаласынан солтүстікке қарай 180 шақырым жерде орналасқан . Ол Қазақстан Республикасының ірі таулы кенді аймағының бірі. Бұл жерде химия өндірісін , ауыл- шаруашылық салаларын дамытатын шикізат пайдалы қазбалардың мол қоры орналасқан. Оның құрамында борат. Борлы кендер, ас тұзы, калий, магний құрылысқа қажетті шикі зат- бор, бор- мергель, ангидрит, гипс, саз жыныстары , құм, известь және басқалары бар.
...