Туған жер- тал бесігім
Автор: gulmira.almakhan • Август 4, 2020 • Творческая работа • 251 Слов (2 Страниц) • 743 Просмотры
Тақырыбы: Туған жер- тал бесігім
Мақсаты: Студенттерге туған өлке, оның байлығы, алуан түрлі табиғаты туралы түсінік беру. Туған жерге деген сүйіспеншілігін арттыру. Табиғатты қорғай білуге, оны аялауға тәрбиелеу.
Көрнекілігі: АҚТ Слайдтар.
Жүрісі:
Жүргізуші: Армысыздар бүгінгі 116-16 тобының «Туған жер тал бесігіи» атты тәрбие сағатына жиналған барша қауым. Туған жер, өскен ел, жүрекке жылы сөздердің бәрі де табиғат деген таңғажайып ұғыммен бірігіп жатады. Түркістан облысы – көз тартар аса көркем, бар сұлулықты өн бойына жинап алған өлке дей келе бүгінгі тәрбие сағатымызды ашық деп жариялаймыз!
Сұлу дала! Менің сүйген еркемсің,
Жаным сенен жаратылған өлкемсің.
Қандай жақсы қазақ болып туғаным.
О туған жер, тамашасың, көркемсің.
Бейнебаян тамашалау. «Түркістан» «Шымкент»
Жаттау: Туған жерім
Жүргізуші: Сұлу дала ! Менің сүйген еркемсің.
Жаным сенен жаратылған өлкемсің
Қандай жақсы, қазақ болып туғаным
О, туған жер! Тамашасың, көркемсің.
Құрметті жиналған барша қауым осы аудиториямен шағын ойын ойнасақ. Ойын аты: «Туған өлкемізді қаншалықты таныймыз» деп аталады. Яғни экранда Түркістан облысына қатысты суреттер шығатын болады. Сол суреттерге қарап қандай нысан екенін айткларыңыз керек. Ойын шарты тұсінікті болса, ойынымызды бастасақ.
Түркістан облысы Шымкент қаласы туралы факт!
Сұрақ-жауап!
Жүргізуші:
Күнім сенсің, тас төбемде тұрса түн,
Анам сенсің, жолдан тайсам, ұрсатын.
Саған қарай ұлып келем, туған жер,
Көктем жаққа құстар солай ұшатын.
Сенде көктем, сенде алма ағаш гүлі бар,
Аспанында аяулы елдің жыры бар.
Ақсұңқарың қанша биік ұшса да,
Саған келер, саған келіп жығылар.
О, туған жер, қадіріңді кім білген,
Мен қырыңнан теруші едім бүлдірген.
Сенде өткізген артық екен бір күнім,
Басқа жерде той тойламаған мың күннен.
Қайда жүрсем, ойлап сені жүремін,
Сүйікті елім, момын елім, ұлы елім.
Саған ғана арқамды мен сүйедім,
Саған ғана аяғымды тіредім. Деп Тұманбай Молдағалиев ағамның жыр шумақтарымен бүгінгі ашық тәрбие сағатымызды жабық деп жариялаймын. Уақыт бөліп келгендерәңәзге үлкен рақмет.
...