Туған жер
Автор: Symbatik17 • Октябрь 1, 2021 • Эссе • 293 Слов (2 Страниц) • 10,793 Просмотры
Туған жер
Адамзат үшін ең ыстық, ең қымбатты ол туып өскен жері. «Туған жердей жер болмас ,туған елдей ел болмас»- деген қанатты сөз бар. Шынымен де , туған жердің әрбір тау мен тасы өзені мен көлі, ауасы мен топырағы бәрі де адам үшін ыстық болады.Туған жерге, туған елге деген махаббат әр адамды алға жетелеп отырады. Әр адам өз туған жерін қадір тұтып, мақтан етеді. Туған жерге қызмет ету - әрбір азаматтың игі арманы ."Ұлтарақтай болса да, ата - қоныс жер қымбат"- деген мақал әр туған жерін қастерлейтін адамның жүрегіне терең ілтипатпен алынатын мақал.
Менің туған жерім – Оңтүстік өңірі, Шымкент қаласы. Өзімнің туып өскен мекенім маған өте қымбат. «Туған жердің қадірін шетте жүрсең білерсің» -деп бекер айтпаған. Басқа қалаға сапарға кеткенде, оқуда жүргенімде үйімді, қаламды қатты сағынамын. Қанша шетел асып, арман қуып кетсем де, туған жерімнің орны менің жүрегімде бөлек. Жалпы туған жер дегенде есімізге балалық шағымыз түсетіні айдан анық.Өйткені біз үшін ол анамыздай , оған барсақ демаламыз, шаршағанымызды ұмытып , онымен өткен қызықты күндерімізді еске алып бір марқайып қаламыз.
Неліктен адам баласы үшін туған жер қымбат? Өйткені туған жердің әрбір көшелері өз үйіндей, ал адамдары жақын, жылы болып келеді. Мысалы, басқа ортада жүргенде сол елді мекеніңдегі адамдарды, бірге өткізген қызықты шақтарды сағынасың. Туған жер – күнделікті өмірде бізді қоршаған адамдар. Бір аймақта туылған, үнемі бір-біріне жақсы түсінетіндіктен, олар ортақ тіл табуға және достауға оңай. Ал басқа ел де, басқа ортада жүрсең барлығы жат көрінеді. Осы себептен әр адамға өзінің үйренген орта қымбат.
...