Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Сейтен сауытбеков шығармашылығының ерекшеліктері

Автор:   •  Январь 8, 2019  •  Реферат  •  4,681 Слов (19 Страниц)  •  1,046 Просмотры

Страница 1 из 19

Кіріспе

      Табиғат перзенті – адам. «Адамға ең бірінші білім емес, тәрбие беру керек, тәрбиесіз берілген білім адамзаттың қас жауы, ол келешекте оның өміріне апат әкеледі» - дейді әл-Фараби. Тәрбие үрдісінде ғана адам жетіледі.Тәрбие адам тағдырын ойластырады, болжайды, алдын-ала адамның рухани өмірінің көптеген негіздерін сақтайды. Тәрбие алыс пен жақын адамадарға және қоршаған ортаға қатынас орнатады. Осы секілді тақырыптар С.Сауытбековтың шығармаларында көптеп кездеседі. Оның шығармаларының объектісі – бала, жас ұрпақ.Жазушы жасөспірімдерді қоршаған ортаға санамен қарауға, мәдениетті қарым-қатынасқа, сонымен бірге жас ұрпақтың экологиялық санасы өмір сүрген қоғамның түріне, табиғи ортасына, халықтың салт-дәстүріне, тәлім-тәрбиесіне тәуелді түрде қалыптасатынын дәлелдеп көрсеткен. Ұстаздың бала тәрбиесіне жазған шығармаларының құндылығын түсіндіре отырып, қазіргі уақытта қазақ мектептеріне қосымша сабақ ретінде ұсыныс жасағымыз келеді.

Мақсаты: С.Сауытбеков шығармаларының мол рухани мұрасын дәріптеу.

Зерттеу жұмысының өзектілігі: Сейтен Сауытбековтың шығармаларын зерделеп, ғылыми тұрғыда жүйелеу

Зерттеу нысаны: «Тағылым тегі»кітабы - бүгінгі қазақ балалар әдебиетіне әр қырлы, мол арналы рухани мұра.

Зерттеу заты: Зерттеу жұмысында жасалынған тұжырымдар мен нәтижелерді жоғары оқу орындарында және ұлттық мектептерде этнопедагогика курсында пайдалануға болады.

Зерттеу жаңашылдығы: Қазақстанның еңбек сіңірген мұғалімі барлық ғұмырын бала тәрбиесіне арнаған Сейтен Сауытбековтың балалар әдебиетіне қосқан үлесі жайында мағлұмат бере отырып, «Тағылым тегі»атты еңбегі бастауыш,орта буын оқушыларына таптырмас құрал екендігін дәріптеу.

Зерттеу жұмысының міндеттері:

1 .Сейтен Сауытбеков шығармаларының мол рухани мұрасын дәріптеу.

2. Жерлес жазушымыздың шығармаларын өңіріміздегі ұлттық мектептерде факультатив сабақтарына енгізу  

3.Ұсыныстар құрастыру.

Зерттеу әдістері: нақты ғылыми,салыстыру, талдау

Зерттеу кезеңдері: Тақырып таңдау, теориялық түсінік, тәжірибелік жинақтау, салыстыру, талдау, қорытынды, нәтиже, ұсыныс  шығару.

Жылы лебіз: «Ұстаз, ұлағат, тағылым, тәлім-тәрбие, имандылық, ыждағаттылық, білік-білім, зейін-ынта, руханият, құштарлық, мейірімділік, парасаттылық, ізденгіштік, жаңашылдық, әуестік мінез, осы тектес терең де мағыналы ұғымдардан шынайы азамат Сейтен аға Сауытбекұлының адами, рухани кескін-келбетін құрастырып, оның әмбебап тұлғасын зерделеуге болады. Сәкең ақсақалды есіме алсам, ойға ең алдымен осы типтес ұғым-атаулар оралады».

Герольд Бельгер

I тарау

1.Әдеби шолу

1.1.С.Сауытбеков – ақын,жазушы,араб және шығыс тілдерін

 зерттеуші-ғалым .

     Қазақ ССР-іне еңбек сіңірген мұғалім, ақын, жазушы, араб және шығыс тілдерін зерттеуші-ғалым, әрі физик, матеметик, суретші және қоғам қайраткері Сейтен Лиманұлы  1908 жылы Қызылжар уезі Төңкеріс ауданының төртінші ауылында дүниеге келген. Жастайынан зерек болып, бес жасынан әкесінен арабша  шығыс мәдениеті мен діни дәрістерін ала бастайды. (13 жасынан Құранды жатқа білген). 1925 жылы болыстық мектепті бітіргеннен кейін кадимше, жәдитше, латын, кейін кирил әріптерімен қазіргі Солтүстік Қазақстан және Көкшетау аймақтарында халық ағарту жұмысымен айналысады. Әсіресе халықты жаппай сауаттандыру кезінде Ахмет Байтұрсыновтың төте жазу әдісін іс жүзіне асырған.

Орташа қабілетті шәкірт араб әрпімен шамасы қырық күн ішінде сауаттанып кететін болған. Өкінішке орай, Сейтен Лиманұлының осынау бай тәжірибесі оның көзі тірісінде қолдау таппай, қолжазба күйінде қалды.

     Қазақ «Әліппесін» құрастыру жарысына қатынасып, Қазақ ССР Білім министрлігінің бірінші қолдау сыйлығына ие болды.

     Халық алдындағы сіңірген еңбегі үшін 1953 жылы «Құрмет Белгісі» орденімен марапатталып, кейін «Халық ағарту озаты» атағы,сонымен қатар екі рет Жоғарғы кеңестің грамоталары мен Қазақстан Коммунистік партиясының Орталық Комитетінің Құрмет грамотасы беріледі.Облыстық «Ленин туы» газеті, «Балдырған», «Жұлдыз» журналы беттерінде өлең, поэма, мақалаларын жариялап, ақындық, жазушылық шығармашылымен тығыз айналысады.Мәселен, «Балуан» және «Қашқындар» поэмалары. Жарыққа шыққан он бір кітаптың ішінде балаларға арналғаны:

...

Скачать:   txt (65.6 Kb)   pdf (310.7 Kb)   docx (46.3 Kb)  
Продолжить читать еще 18 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club